30-шы Дүниежүзілік ЖИДС-ке қарсы күрес күні: Қазақстанда АИВ-пен өмір сүретін адамдардың  86% -ы өзінің диагнозы жайында біледі

2018 жылдың 1 желтоқсанында Дүниежүзілік ЖИДС-ке қарсу күрес күнінің 30 жылдығы аталып өтті. Биылғы жылы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің тақырыбы «Өз диагнозыңды біл» деп аталады. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының АИВ/ЖИТС жөніндегі бағдарламасы UNAIDS және Орталық Азиядағы PEPFAR бірлесе, ғаламдық мақсаттарға жету үшін 2020 жылға дейін 90-90-90 атты келесі міндеттеме қойып отыр: АИВ-пен өмір сүретін барлық адамдардың 90% -ы өздерінің АИВ-статусын біледі; АИВ жұқтырған адамдардың 90% тұрақты антиретровирустық терапия алады; Антиретровирустық терапия алған барлық адамдардың 90% -ының вирустары тежелген болады. 

Қазақстан осы мақсаттарға жету үшін қомақты күш жұмсауда. Үлкен жұмыс атқаруды талап ететін қиыншылықтарға қарамастан,  Қазақстан АИВ-инфекциясының салдарынан болатын өлім мен жаңа АИВ науқастардың пайда болуын алдын-алу және  болдырмау жолында.

Мысалы, Қазақстанда АИВ-пен өмір сүретін адамдардың  86% -ы өзінің АИВ вирусының барын біледі.  

Қазақстан адам өмірін құтқаратын антиретровирустық дәрі-дәрмектерді мемлекеттік бюджеттен сатып алатын Орталық Азиядағы жалғыз ел болып табылады. Қазақстан 2015 жылдан 2018 жылға дейін АИВ бар адамдар үшін тегін антиретровирустық терапияға (АРТ) қол жеткізу мүмкіндіктерін екі есе көбейте алды. Сөйтіп, 2018 жылғы 30 қыркүйектегі ақпарат бойынша Қазақстан АИВ бар 13 513 адамды АРТ-мен қамтамасыз етті, ол 2015 жылмен (5353) салыстырғанда 2,5 есе көп. 

«АРТ-ның мақсаты АИВ-тің жұғу қауіптілігін болдырмау, және вирустың ары қарай дамуын әрі белгілерін тежеу. 2018 жылы Қазақстанда тежелген деңгейдегі вирус жүктемесі бар АИВ-пен өмір сүретін адамдардың  саны 65% -ға (2017 жылдың 30 қыркүйегі бойынша 5146-дан 8 521-ге дейін) өсті», – дейді АҚШ Президентінің ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі төтенше жоспардың (PEPFAR) Орталық Азия бойынша үйлестірушісінің міндетін атқарушы Перри Киллм. 

Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясы мен PEPFAR ұжымы Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігімен, Дерматология және жұқпалы аурулар Ұлттық ғылыми орталығымен (НСКДИ, бұрынғы Республикалық ЖИТС орталығы) және АИВ / ЖИТС-пен күресуде азаматтық қоғаммен тығыз қарым-қатынаста болуларын мақтан тұтады.

PEPFAR туралы: 

PEPFAR – бұл АҚШ үкіметінің АИВ / ЖИТС сияқты жаһандық эпидемияға қарсы жауабы, ол тарихтағы жалғыз індетті жоюға бағытталған кез келген ұлттың ең үлкен міндеттемесі болып саналады. PEPFAR бақылауды жеделдету арқылы миллиондаған адамның өмірін сақтады, жақсартты және ЖИТС індетін әлеумет арасында денсаулыққа қауіп төндіретін ауру ретінде тоқтатты. Орталық Азияда PEPFAR 2010 жылдан бастап қызмет атқарады. Бағдарламаның Аймақтық өкілдігі Қазақстанның Алматы қаласында орналасқан. Қосымша ақпаратты www.pepfar.gov сайтынан және PEPFAR-дың Twitter, Facebook және Instagram желілерінен таба аласыздар.

###

БАҚ сұрақтары бойынша, PEPFAR үйлестіру кеңсесіне +7 (727) 250 76 12 телефоны бойынша Бақытгүл Жұрқабаеваға хабарласыңыз; 8 701 720 58 11 email: zhurkabayevab@state.gov