Flag

An official website of the United States government

Қазақстан 2022: Адам құқығы жөніндегі есеп
2 Хаттаманы оқу
Мамыр 16, 2023

Қазақстан 2022: Адам құқығы жөніндегі есеп

ҚЫСҚАША ШОЛУ

Қазақстан билік президенттің қолында шоғырланған конституциялық республика болып табылады. Үкімет пен конституция билікті Президенттің қолына шоғырландырады. Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы президенттікке өтті, 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауда президент болып қайта сайланды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттары және адам құқықтары жөніндегі бюросының бақылау миссиясының деректері бойынша, бұл сайлау бәсекелестіктің жоқтығымен және сөз бостандығы мен жиналыс еркіндігінің шектеулерімен ерекшеленді, бұл сонымен қатар сыни көзқарастың кеңістігін азайтты. Атқарушы билік заң шығару және сот билігін, сондай-ақ өңірлік және жергілікті билік органдарын бақылап отырады. Конституцияға өзгерістер немесе түзетулер енгізу үшін Президенттің келісімі қажет. 5 маусымда елде президенттік биліктің ықпалын азайту және басқа институттарды нығайту мақсатында мемлекеттік өкілеттіктерді бөлу теңгерімін өзгертуге бағытталған Конституцияға ұсынылған 33 өзгерісті мақұлдау үшін міндетті референдум өтті. Көптеген бақылаушылар қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезіндегі саяси толқулар мен зорлық-зомбылықтан кейінгі бұл бастаманы құптады. Тәуелсіз бақылаушылар, соның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы, 5 мамырға дейін бір ай бұрын жарияланған референдум шынайы саяси плюрализмнің жоқтығы, белсенді “Жоқ” деген науқансыз және ұсыныстардың мәні бойынша маңызды саяси пікірталастардың жоқтығы жағдайында өтті деп мәлімдеді. Ары қарай оқу>>