Flag

An official website of the United States government

Ғайып болғандардың үйлерінде (Шыңжаннан шыққан дауыстар)
2 Хаттаманы оқу
Ақпан 6, 2020

Гүлшан сөйлеп отырып, қолындағы бір уыс бет орамалды умаждай берді
Гүлшан сөйлеп отырып, қолындағы бір уыс бет орамалды умаждай берді

 

Лагерлерге көбінесе ер адамдарды әкетеді. Артынан не болады? Үкімет ғайып болғандардың үйлеріне әйелдермен бірге тұрсын деп жағалау жақтағы өздеріне адал қытай отбасыларын жібереді. Хан қытайы Шыңжанға барып, ұсталған адамның үйіне көшеді. Кейде ол жұп болуы мүмкін. Ал кейде жалғыз басты еркекті әйелге толы үйлерге жібереді…

Олар өз қожайындарына Коммунистік партия жайлы дәрістер оқиды. Ұсталған отбасы мүшесі босап қайтып келсе де, олар ары қарай тұра береді. Мен білетін лагерде болып, Қытайдағы үйлеріне қайтқандардың бәрімен бірге оларға дәріс оқитын қытай отбасылары тұрады. Ол отбасылар кез-келген оқыс жағдай туралы хабарлап отырады. Оларға жақтырмай қарап қойсаңыз болғаны, қытай үкіметі лезде хабарлап, сізді лагерге алып кетеді. Күйеуімнің туыстарымен солай бірге тұратын адамдар бар. Сол үшін олардың телефондары көбінесе өшулі. Қорқады. Хабарласып, күйеуім туралы сұрайын деймін, бірақ олар “қонақтар” үйден шығып кеткенде ғана хабарласады.

Мен ұйғырша сөйлеп өстім. Менің отбасым – ұйғырлар. Ата-анам 1969 жылы Кеңес Одағына қашып, Қазақстанда орнығып қалған. Қытайда олар малшы еді, Қазақстанға барып азпасшы болды. Кейін, менің жас кезімде, жұмыс іздеп Өзбекстанға бардық. Әке-шешем онда кафе ашты. Шынымды айтсам, Өзбекстанның азаматымын. Айшаньцзянмен танысып, 1997 жылы Ташкентте тұрмыс құрдық. Ол Қытайдан келіп-кетіп, бизнеспен айналысатын. Тоқыма фабрикаларымен жұмыс істеп, Қытайдан Орталық Азияға мата импорттайтын. Ол кезде шекарадан өту оңай еді. Күйеуіммен бірге Қазақстанға келіп, дүкенімізді аштық. Енді өз ісімізді бастағанда, оны қамауға алды.

Ол Үрімшідегі біздің бірнеше фабрикаға барамын деп кеткен. Қытайға өте салысымен, паспортын тартып алған. Өзінің туған жері Атушқа алып барды. Сөйтіп, ол жақтан кетуге тыйым салды. Ол кезде лагерлер туралы естімеген едік. Ол туралы білмеген күйінше Қытайға кеткен. Ол бизнеспен айналысатын Үрімшіде адамдарды ұстап лагерге әкететін жағдайлар сирек еді, сондықтан сұрақ-жауапқа деп шақырғанда, ол бара салған.

Оны әкеткен күні оның не болып жатқанынан түсінігі болған. Өйткен, маған телефон соғып, лагерге әкетіп бара жатқанын айтты. Қайтып келем бе, жоқ па, білмеймін деді. Басқа ештеңе айта алмады. Жағдайын бейнелеп бере алмады. “Не істейсің” деп сұрадым. Неге сені лагерге әкетіп барады? “Оқуға” деді ол. “Сен кәрісің ғой” дедім. Жасың елуге таяды. Оның айтуынша, жасы сексенге жақындаған бір туысы да сол лагерде оқиды екен. “Жасқа қарамайды” деді. Бұл былтыр қазан айында болатын. Содан бері жоғалып кетті. Мен оны түрмеде деп естідім.

Басқа мысалдар толып жатыр. Менің күйеуімді жіберген лагерде оның өзінен үлкен бауыры қайтыс болды. Оның жасы алпысқа жақын еді. Үкімет оның бір ауруы болған деп мәлімдеді, бірақ мен оны көргенде, сап-сау еді. Ал күйеуімнің әпкесінің ұлы қажылыққа барғаны үшін жиырма жылға түрмеге қамалды. Ал қайын бикемнің Атушта имам боп істейтін күйеуі он төрт жылға жабылды. Оның әйелінен естуімше, қазір түрменің емханасында. Халі нашар. Жай-күйлерінен хабарсыз басқа туыстарым да жетерлік. Олар да түрмеде шығар, білмеймін. Айта алмаймын.

Гүлшан, 43 жаста (Айшаньцзян, күйеуі)

Сұхбат 2019 жылы мамырда алынды