Халықаралық донорлық ұйымдардың серіктестері Қазақстанның көміртекті бейтараптыққа апаратын жолын талқылайтын болады

2021 жыл 22 қыркүйек, Нұр-Сұлтан, Қазақстан – бүгін АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) Еуропа Қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) ұйымдастырған дөңгелек үстел іс-шарасында Қазақстанда жұмыс істейтін басқа да халықаралық донорлық ұйымдарға қосылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының бірінші энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков; ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова; ЕҚДБ Президенті Одиль Рено-Бассо және USAID Өңірлік миссиясы директорының міндетін атқарушы Питер Янг қатысты. Іс-шара аралас түрде, онлайн және күндізгі форматта өткізілді.

Іс-шара барысында Питер Янг былай деп мәлімдеді: «Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен ынтымақтастықтың ұзақ тарихына ие. Осы жылы біз Орталық Азия елдерімен дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Біздің алдағы бірлескен күш-жігеріміз Қазақстанға зор пайда әкелетін одан әрі ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін».

Қазақстан өзінің алдына 2050 жылға қарай таза энергетика мен жасыл экономиканы дамыту жөнінде өршіл мақсаттар қойды. Үкіметке осы басымдықтарды жүзеге асыруға көмектесу үшін USAID энергетика секторының негізгі мүдделі тараптарына, соның ішінде Энергетика министрлігіне, жергілікті және халықаралық инвесторларға, университеттерге және энергетикалық компанияларға техникалық көмек көрсетеді. 2013 жылдан бастап USAID қаржыландыратын энергетикалық сектордағы қызмет техникалық мамандар мен саясаткерлерді энергетикалық секторды стратегиялық дамыту және жаңартылатын энергия көздері мен энергия тиімділігі саласында бастамаларды кеңінен енгізуге жәрдемдесу үшін оқыту және озық әлемдік тәжірибе құралдарымен қамтамасыз етеді.

USAID қолдауының және техникалық көмегінің арқасында Қазақстан 2018 жылдан бастап елімізде алғаш рет жаңартылатын энергия көздері бойынша өңірлік аукциондарды табысты өткізді. Сонымен қатар, USAID Энергетика министрлігімен мемлекеттік саясат ретінде қабылданған энергетикалық секторды дамытудың келесі 20 жылын есепке алу үшін ең аз шығындармен электр энергиясын өндірудің бас жоспарын жасауда жұмыс жасады. Үкіметпен және халықаралық донорлық ұйымдармен ынтымақтаса отырып, USAID Қазақстанға 2015 жылғы Климат жөніндегі Париж келісімі шеңберінде белгіленген декарбонизациялау бойынша мақсаттарға қол жеткізуге көмектесуге ұмтылады.

### 

USAID халықаралық даму жөніндегі жетекші әлемдік агенттік және даму саласындағы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететін катализатор болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін мына сайтқа кіріңіз: https://www.usaid.gov/central-asia-regional және Facebook желісіндегі USAID парақшасын қараңыз: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia.

###