Flag

An official website of the United States government

Жеткізу тізбегі Шыңжанға байланысты компаниялар үшін ақпараттық хабарлама жариялауы
4 Хаттаманы оқу
Шілде 13, 2020

Issuance of Xinjiang Supply Chain Business Advisory

АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕПАРТАМЕНТІ

Баспасөз хатшысының кеңсесі


 АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА

1 шілде, 2020 жылы

Жеткізу тізбегі Шыңжанға байланысты компаниялар үшін ақпараттық хабарлама жариялауы

АҚШ Мемлекеттік департаменті АҚШ Қаржы министрлігімен, АҚШ Сауда министрлігімен және АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігімен бірге Шынжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында (Шыңжаң) және Қытайдың басқа аудандарында адам құқықтарын бұзатын, соның ішінде мәжбүрлі еңбекке тартатын, ұйымдар қатысатын жеткізу тізбегіне байланысты қауіп-қатерлер туралы ескертетін ақпараттық хабарлама жариялауда.

Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Үкіметі Шыңжаңда ұйғырларға, этникалық қазақтарға, этникалық қырғыздарға және басқа да мұсылман азшылық топтарға қарсы репрессия науқанды жалғастыруда.

Ақпараттық хабарлама Шыңжаңда және Қытайдың басқа аудандарында мәжбүрлі еңбекке тартатын және басқа да адам құқықтарын бұзатын ұйымдар қатысатын жеткізу тізбегіне байланысты қауіп-қатерлер туралы баяндайды. Ақпараттық хабарлама адам құқықтарын бұзатын ұйымдар қатысатын жеткізу тізбегіне байланысты негізгі үш қауіп-қатерлер түрін ұсынады:

  • ҚХР Үкіметі үшін Шыңжаңда бақылау құралдарын әзірлеуге көмектесу;
  • Аймақта мәжбүрлі еңбек пен еңбек ресурстарға басқа қиянат етушіліктің таралғандығын ескере отырып, Шыңжаңда немесе Қытайдың басқа аймақтарында орналасқан Шыңжаң тұрғындарын өз жеткізу тізбегіне мәжбүрлі еңбекке тартатын фабрикалардағы жұмыс күшін немесе тауарларын пайдалану; және
  • Ұйғырлар мен басқа мұсылман азшылық топтарын қамауда ұстау үшін қолданылатын тұтқындау орталықтардың құрылысына және (немесе) азшылық топтарды мәжбүрлеу еңбекке тарту мақсатында ҚХР Үкіметінен көмекқаржы алатын кәсіпорындар басқаратын лагерлерге жақын орналасқан өндіріс орындарының құрылысына үлес қосу.

Шынжаңдағы адам құқықтарын бұзатын ұйымдар немесе Шыңжаң тұрғындарының мәжбүрлі еңбегін елдің ішінде және шетелде сатуға арналған тауарларды өндіруге пайдаланатын Шыңжаңнан тыс орналасқан кәсіпорындар қатысатын жеткізу тізбегіне байланысты қауіп-қатерлерге ұшырауы мүмкін компаниялар осындай кәсіпорындармен жұмыс істеудің бедел, экономикалық және заңды тәуекелдерін білуі керек.

Бедел және басқа тәуекелдерді азайту үшін кәсіпорындар тиісті салалық саясатты қолдануы және кешенді тексеріс жүргізуі керек.

Қосымша ақпаратты мына сілтеме арқылы алуға болады: www.state.gov/xinjiang-supply-chain-business-adervation/.