Гомофобия, Бифобия және Трансфобияға қарсы Халықаралық күнін атап өтуге арналған бірлескен мәлімдеме (IDAHOBIT)

Гомофобия, Бифобия және Трансфобияға қарсы Халықаралық күнін атап өтуге арналған бірлескен мәлімдеме (IDAHOBIT)

17 Мамыр, 2021

Бүгін ерекше күн, үмітке толы күн деп айтуға болады. 30 жыл бойы, 17 мамыр күні Гомофобия, Бифобия және Трансфобияға қарсы Халықаралық Күнін (IDAHOBIT) атап өтеміз. Осы күні әлемдегі миллиондаған адамдардың жыныстық бағдарына, гендерлік бірегейлігіне және өзін-өзі көрсетуге немесе жыныстық сипаттамаларына қарамастан, олардың құқықтарын тануға шақырамыз. 

Осы күні біз Қазақстандағы Лесбиан, Гей, Бисексуал, Трансгендер және Интерсекс (ЛГБТИ) қауымдастығын қолдай отырып, кемсітушіліктің барлық түрлерімен күресу керек екенін еске саламыз.

Қазақстан Үкіметін қазақстандықтардың жыныстық бағдарына, гендерлік бірегейлігіне және өзін-өзі көрсетуге немесе жыныстық сипаттамаларына қарамай, олардың құқықтарын қолдау және қорғау жөніндегі міндеттерін орындауға шақырамыз. Қазақстанда ЛГБТИ қауымдастығының мүшелері әлі күнге дейін кемсітіліп, жапа шегіп, зорлық көріп жүргеніне алаңдаушылықпен қараймыз. Заңнаманы жетілдіріп, оны барлық деңгейлерде жүзеге асыру, кемсітушіліктің кез келген түрінен тиісті қорғауды қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды қабылдауға шақырамыз.

Коронавирус пандемиясы қоғам белсенділерінің жұмысына, сондай-ақ онлайн және офлайн қорқыту мен зорлық-зомбылықтан зардап шегіп жүрген ЛГБТ белсенділері мен олардың отбасы мүшелеріне ұзаққа созылатын кері әсерін тигізуі мүмкін. 2021 жылғы IDAHOBIT – тің басты тақырыбы «Бірігіп: Қарсы тұрамыз, бір-бірімізге тіреу боламыз, аяқтан тұрамыз», сіз жалғыз емессіз деп жеткізіміз келеді.

Махаббаттың көптеген түрі бар екендігін атап өтудеміз. Адам құқығының жалпыға бірдей болуына, адамдардың ар-намысын қорғауға және тепе-теңдікті қамтамасыз етуге ниеттіміз.

Embassy of Austria
Embassy of Canada
The Delegation of the European Union
Embassy of Estonia
Embassy of Finland
Embassy of France
Embassy of the Federal Republic of Germany
Embassy of Greece
Embassy of Italy
Embassy of Israel
Embassy of the Kingdom of Belgium
Embassy of the Kingdom of the Netherlands
Embassy of the Kingdom of Spain
Embassy of Portugal
Embassy of the Slovak Republic
Embassy of South Africa
Embassy of Sweden
Embassy of Switzerland
Embassy of Ukraine
Embassy of the United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland
Embassy of the United States of America