Халықаралық гомофобия, трансфобия және бифобияға қарсы күрес күніне орай бірлескен мәлімдеме

Астана, 17 мамыр 2017 ж. – 2017 жылы 17 мамырда біз Халықаралық гомофобия, трансфобия және бифобияға қарсы күрес күнін атап өтеміз. Бүгін біз Қазақстандағы барлық ЛГБТ қоғамдастығына қолдау көрсетіп, тілектестігімізді білдіреміз.

Кемсітпеушілік қағидасының заңның үстемдігіне және демократиялық қоғамға негіз қалаушы маңызы бар. Кейбір адамдар өздерінің жыныстық бағдары мен гендерлік сәйкестігі үшін әлі күнге дейін ашық және жүйелі түрде кемсітушілік көруде. Біздің үкіметтеріміз бұл кемсітушілікке қарсы күресіп, барлық адамдардың тең құқықтарын қамтамасыз етеді. Әлемдегі бүкіл адамдар, соның ішінде лесби, гей, бисексуал және трансгендер өкілдері барлық халықтардың өкілдері сияқты тең құқықтар мен бостандықтарға ие болуы тиіс.

Біз ҚР Үкіметіне, адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттарға, отбасыларға және барлық мүдделі тараптарға олардың кемсітушілікке қарсы күресінде қолдау көрсетуге дайынбыз.

Бірлескен мәлімдеме жасаушылар:

– Ұлыбритания Елшілігі
– Еуропалық Одақтың өкілдігі
– Канада Елшілігі
– Финляндия Елшілігі
– Нидерланд Корольдігі Елшілігі
– Швеция Елшілігі
– Швейцария Елшілігі
– АҚШ Елшілігі