Самарқандтағы C5 + 1 өңірлік ынтымақтастық жөніндегі министрлік кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме
Дүйсенбі, 30 қазан 2023 ж.
24 қазанда АҚШ-тың халықаралық даму Агенттігінің (USAID) әкімшісі Саманта Пауэр мен Өзбекстан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Түрікменстан министрлері Самарқандта (Өзбекстан) C5+1 аймақтық дипломатиялық платформасы аясында кездесті.
USAID және Өзбекстан Республикасының Үкіметі бірлесіп ұйымдастырған C5+1 өңірлік ынтымақтастық жөніндегі министрлік кездесуі барысында әкімші Пауэр сауданы оңтайландыру, екіжақты сауда және инвестициялық байланыстарды нығайту, экспорттық-импорттық нарықтарды әртараптандыру, жасыл энергетика мен энергия тиімділігін дамытуды ынталандыру және жан-жақты әрі тұрақты экономикалық дамуды ілгерілету жолымен Орталық Азиямен өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға Америка Құрама Штаттарының міндеттемесін атап өтті. Қатысушылар адам құқықтарын, соның ішінде әйелдер, балалар және мүгедектердің құқықтарын қорғауға деген міндеттемелерін растады.
Қатысушылар өңірлік экономикалық маңызы бар мәселелер, оның ішінде тұрақты жасыл энергетика көздерін қолдау, көлік секторын дамыту және кедендік және шекаралық бақылауды нығайту бойынша ынтымақтасуға ниет білдірді. Қатысушылар аймақтық деңгейде жаһандық мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін C5+1 ынтымақтастығының маңыздылығын ерекше атап өтті.
Министрлік C5 + 1кездесуі кезінде қатысушылар:
Орталық Азия үшін гүлденген болашақты қамтамасыз ету бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін растады және соңғы халықаралық оқиғалардың, әсіресе инфляция, кері көші-қон, борыштық қатынастарды бақылау және реттеу және жұмыспен қамту деңгейі сияқты салалардағы жағымсыз салдарын азайту жолдарын талқылады;
Орталық Азиядағы жан-жақты экономикалық өсу мен экономикалық тұрақтылыққа жәрдемдесу өңірдің ұзақ мерзімді өркендеуі мен тұрақтылығы үшін маңызды мәнге ие екендігіне келісім білдірді;
Климаттық дағдарысты еңсеру бойынша ұжымдық және елдік деңгейде, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейту, энергия тиімді технологияларды енгізу, қазба отындарынан және басқа да секторлардан метан шығарындыларын тез қысқарту, сондай-ақ ұлттық жағдайлар мен мемлекеттердің қолда бар ресурстарын ескере отырып, «жасыл» экономиканы дамыту жолымен міндеттеме ұмтылысын қолдады;
USAID-тің энергетикалық қауіпсіздік, экологиялық таза энергетиканы дамыту және энергетикалық жүйелердің өңірлік интеграциясы саласындағы C5 елдері үкіметтерінің ұлттық және өңірлік басымдықтарын қолдайтын «Орталық Азия Энергетикасы» атты ағымдағы бастамасын жоғары бағалады;
Мұздықтарды сақтауға, су ресурстарының тиімділігі мен ұтымды пайдаланылуын арттыруға, сондай-ақ су ресурстарын өңірлік және трансшекаралық басқаруды жақсартуға және қолданыстағы іс-шаралар мен бағдарламаларды, соның ішінде USAID су ресурстары және осал қоршаған орта жөніндегі азық-түлік қауіпсіздігін арттыратын су ресурстары мен ауыл шаруашылығы саласындағы ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін; өңірлік бастамасын қалай тиімді пайдалану керектігін түсінуге көмектесетін ынтымақтастықты дамыту қажеттігін атап өтті.
Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру арқылы инвестициялар мен бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайларды жақсартудың маңыздылығын мойындады;
Экономикалық өсуді ынталандыру және жұмыс орындарын құру үшін өңірдің сандық, технологиялық және инновациялық экономикасын дамытудың маңыздылығын талқылады;
Өңірішілік сауда, көлік және транзиттік байланыстарды нығайтудың маңыздылығын, сондай-ақ тиісті бірлескен жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және қолданыстағы жобаларды ілгерілету арқылы Орталық Азиядағы көлік ынтымақтастығын, өзара байланысын және көлік тұрақтылығын кеңейтудің маңыздылығын мойындады;
Америка Құрама Штаттарымен сауда және инвестициялық байланыстарды тереңдету қажеттігін, сондай-ақ USAID-тің Орталық Азиядағы сауда бағдарламасы мен АҚШ үкіметінің қосымша бағдарламаларының көмегімен сыртқы экономикалық байланыстарды әртараптандыру және жаңа экспорттық нарықтарды игеру жөніндегі саясатты бірлесіп іске асырудың маңыздылығын атап өтті;
Халықаралық транзитті ұлғайтуға және жүк тасымалын кеңейтуге ықпал ететін Транскаспий көлік бағыты мен қосымша интермодальды көлік дәліздерінің маңыздылығын атап өтіп, осындай көлік бағыттары мен транзиттік дәліздерге инвестицияларды ұлғайтатын шараларды қарастырды;
Бүкіл өңірдегі әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және әйелдердің, жастардың және мүгедектердің еңбек ресурстары мен жұмыспен қамтылуын дамытуды қолдау жөніндегі күш-жігердің маңыздылығын мойындады;
Қол жетімділік мәселелерін шешу, сандық алшақтықты азайту және мазмұнды жобалауды ілгерілету бойынша аймақтық күш-жігер олардың білімге, жұмыспен қамтуға, денсаулық сақтауға және әлеуметтік мүмкіндіктерге қолжетімділігін арттыру арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін айтарлықтай жақсарта алатынын мойындады;
Жергілікті ұйымдардың тұрақты экономикалық өсуге әкелетін тиісті жағдайларда муниципалдық деңгейдегі шешімдерді әзірлеудегі маңыздылығын атап өтті; және,
Орталық Азияның бейбіт және гүлденген жағдайлары БҰҰ Жарғысы мен оның қағидаттарын сақтау арқылы барлық елдердің тәуелсіздігіне, егемендігі мен аумақтық тұтастығына тұрақты берілгендікті талап ететінін ерекше атап өтті.