Бірлескен Мәлімдеме

Бірлескен Мәлімдеме 

Халықаралық әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою күніне және гендерлік зорлық зомбылыққа қарсы белсенді іс-әрекеттердің 16 күнінің басталуына орайластырылған 

2021 ж. тақырыбы: Әлемді қызғылт сары қыл: ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАРСЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ҚАЗІР ТОҚТАТ! 

Бүгін, Халықаралық әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою күні, біз әйелдер мен қыздарға  қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуға деген ұжымдық күресімізді тағы да растау үшін жиналдық. 

Бүгін біз 1991 жылы қозғалысты құрған белсенді әйелдерге құрмет көрсете отырып, оларды соңғы  30 жыл ішінде 187 елде 300 миллионнан астам адамды қамтыған гендерлік зорлық-зомбылыққа  қарсы күрестің 16 күндік науқанымен құттықтаймыз.  

Бүгін біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының 2008 жылы «16 күн» азаматтық қоғам бастамасын қолдау мақсатында басталған «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату  үшін 2030 жылға бірігейік» науқанына қосыламыз. 

Бүкіл әлемде әрбір үшінші әйел өмірінде кем дегенде бір рет физикалық немесе жыныстық зорлық зомбылыққа ұшырады. Осы үрдісті қалпына келтіру жөніндегі жұмсалған тынымсыз күш-жігерге  қарамастан, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың мұндай деңгейі соңғы онжылдықта іс  жүзінде өзгерген жоқ.  

Кейбір елдерде COVID-19 пандемиясында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық оқиғалары бес есе  өсті деген болжам бар. Локдаун зорлық-зомбылықты басынан кешіргендердің қызметтер мен сот  төрелігіне қол жетімділігін шектеді және маңызды профилактикалық қолдауға қол жеткізуіне жол  бермеді. Сондай-ақ, жұмыс орнындағы зорлық-зомбылық денсаулық сақтау сияқты әртүрлі  салаларда проблема болып қалуда. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жаһандық құны  әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 2%-на немесе 1,5 триллион АҚШ долларына бағаланады. Жыныстық  зорлық-зомбылықты азайту денсаулық сақтау үшін маңызды артықшылықтарға ие болуы мүмкін,  үй шаруашылығының экономикалық қауіпсіздігін арттырып, балаларға жақсы білім алуға мүмкіндік  береді. 

Бүгінгі таңда біз БҰҰ-ның гендерлік зорлық-зомбылықты тоқтату үшін ҚАРЖЫЛАНДЫРУ, ОНЫҢ  АЛДЫН-АЛУ, ДЕН ҚОЮ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ жөніндегі үндеуін қолдаймыз. 

«Бірігейік» науқанының қағидаттарына және оның биылғы жылғы басымдықтарына сәйкес біз  мына бастамаларға адалдығымызды тағы да растаймыз: 

  • Әйелдер мен қыздарға, әсіресе әлсіз топтарға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау және  оны жою үшін инклюзивтік, кешенді және ұзақ мерзімді стратегияларды, бағдарламалар мен  ресурстарды бөлу жөніндегі міндеттемелерді насихаттау.  
  • Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауда және тоқтатуда азаматтық  қоғам ұйымдарының жетекші рөлін мойындау, демек олардың осы саладағы жұмысын  көтермелеу және қолдау.  
  • Әйелдер мен қыздардың әртүрлілігінде көшбасшылыққа ықпал ету және олардың шешім  қабылдауға қатысуына мүмкіндік жасау.  

Біз Қазақстан Үкіметіне оның отбасындағы зорлық-зомбылық туралы заңнаманы реформалау  жөніндегі күш-жігері үшін құрметімізді білдіреміз, бұл әйелдер мен балаларды толық және жан жақты қорғауды қамтамасыз ете отырып, жыныстық зорлық-зомбылық қылмысқа баланады деп  үміттенеміз.  

Біз үкіметті зорлық-зомбылықты бастан кешірген адамдарға бағытталған және гендерлік зорлық зомбылықтың алдын алуға және оған ден қоюға бағытталған көп салалы тәсілін нығайтуға  шақырамыз.  

Біз сондай-ақ Қазақстандағы әйелдер мен қыздарды қорғаудың үздік құқықтық құралдары мен  басқа да шараларын анықтауға мүмкіндік бере отырып, Қазақстан үкіметін зорлық-зомбылықты  бастан кешірген әйелдер қозғалысының белсенділерін зорлық-зомбылықтың алдын алу және  оған ден қою жөніндегі заңнаманы қалыптастыруға тартуды жалғастыруға шақырамыз.  

Зорлық-зомбылықты бастан кешірген адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, зорлық зомбылықтың түпкі себептерін зерделеу және зорлық-зомбылықты жою қазақстандық әйелдердің  қорғанысын қамтамасыз етіп қана қоймай, адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Кеңесінің мүшесі ретінде  Қазақстанның қағидатты көшбасшылығын да көрсетер еді. Бұл сондай-ақ елдің тәуелсіздігінің  келесі онжылдығына тың серпін бере отырып, Қазақстанның болашақ ұрпағы үшін берік негізді  қалыптастырар еді. 

Біз зорлық-зомбылықтың алдын – алу және оған кез-келген тәсілмен ден қою арқылы Қазақстан  азаматтарын – ерлерді де, әйелдерді де, әлемдік қоғамдастықты да ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚТЫ ТОҚТАТУ ҮШІН ӘРЕКЕТ ЕТУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ.  

Әр сөз маңызды, әр әрекет маңызды!  

Сіздің әрекетіңіз маңызды!  

  1. Австрия Елшілігі 
  2. Бельгия Елшілігі 
  3. Болгария Елшілігі 
  4. Канада Елшілігі 
  5. Хорватия Елшілігі 
  6. Чехия Елшілігі 
  7. Эстония Елшілігі 
  8. Финляндия Елшілігі 
  9. Франция Елшілігі 
  10. Германия Елшілігі 
  11. Жапония Елшілігі 
  12. Италия Елшілігі 
  13. Латвия Республикасының Елшілігі 
  14. Литва Елшілігі 
  15. Нидерланды Корольдігінің Елшілігі 
  16. Португалия Елшілігі 
  17. Корея Республикасының Елшілігі 
  18. Румыния Елшілігі 
  19. Словак Республикасының Елшілігі
  20. Испания Елшілігі 
  21. Швеция Елшілігі 
  22. Швейцария Елшілігі 
  23. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Елшілігі 24. Украина Елшілігі
  24. Америка Құрама Штаттарының Елшілігі 26. Азия даму банкі Қазақстан 
  25. Еуропалық Одақтың Қазақстандағы делегациясы 28. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы 29. Дүниежүзілік банк Қазақстан 
  26. БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі 31. БҰҰДБ Қазақстан 
  27. Орталық Азиядағы БҰҰ БЖКБ 
  28. ЮНИСЕФ Қазақстан 
  29. ЮНФПА Қазақстан 
  30. «БҰҰ-Әйелдер» Қазақстан құрылымы