Бүгін біз Халықаралық гомофобия, бифобия және трансфобияға қарсы күнді (IDAHoBiT) атап өтеміз. Жыл сайын осы маңызды күні біз Қазақстандағы және дүние жүзіндегі лесбияндық, гей, бисексуал, трансгендер және интерсекс (ЛГБТИ+) қауымдастықтарына қолдауымыз бен ынтымақтастығымызды білдіреміз.
Биылғы IDAHoBiT тақырыбы – «Әрқашан бірге: әртүрлілікте біртұтаспыз».
Бұл тақырып адам құқықтарының әмбебаптығына және адамның жыныстық ориентациясы, гендерлік тиесілілігі немесе таңдауы және жыныстық ерекшеліктеріне қарамастан барлық адамдардың қадір-қасиеті мен теңдігіне баса назар аударады. Өзге азаматтар сияқты, ЛГБТИ+ адамдары да құрметке, бостандыққа және қорғалуға құқылы.
Инклюзивті және әртүрлілігі бар елдер әрқашан да гүлденген, бейбіт және қауіпсіз болады. Біз Қазақстан Үкіметін өз азаматтарының ешқайсысын қалдырмауға және барлық Қазақстан халқының адам құқықтарын ілгерілету және қорғау жөніндегі міндеттемелерін орындауға шақырамыз.
Бүгін біз махаббаттың әртүрлілігін атап өтеміз. Біз күн сайын ЛГБТИ+ қауымдастықтарына қолдау көрсетуді мақтан тұтамыз. Біз – «Әрқашан бірге: әртүрлілікте біртұтаспыз».
Австрия Eлшілігі
Люксембург Ұлы Герцогтігінің Елшілігі
Бельгия Корольдігінің Елшілігі
Орталық Азиядағы Нидерланды Корольдігінің Елшілігі
Болгария Eлшілігі
Португалия Eлшілігі
Канада Eлшілігі
Румыния Eлшілігі
Хорватия Eлшілігі
Испания Корольдігінің Елшілігі
Чехия Eлшілігі
Словакия Eлшілігі
Эстония Eлшілігі
Швеция Eлшілігі
Финляндия Eлшілігі
Швейцария Eлшілігі
Франция Eлшілігі
Америка Құрама Штаттарының Елшілігі
Германия Eлшілігі
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Елшілігі
Грекия Республикасының Eлшілігі
Еуропалық Одақтың Өкілдігі
Италия Eлшілігі
Литва Республикасының Елшілігі