Сот жүйесі бойынша бағдарлама инвестициялық сот ісін жүргізу мен зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды жетілдіреді

Нұр-Сұлтан, Қазақстан – 28 ақпанда АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) қолдауымен іске асатын Сот жүйесі бойынша бағдарламасы аясында ABA ROLI Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен бірлесе отырып, инвестициялық сот өндірісі мен зияткерлік меншік құқығының өзекті мәселелерін талқылау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Қатысушылар инвестициялық дауларды шешу мәселелері мен перспективаларын талқылап, инвестициялық ахуалды жақсарту және инвесторлардың зияткерлік меншікке құқықтарын қорғау бойынша ұсыныстар берді. Дөңгелек үстелден кейін Жоғарғы Сот қабылданған ұсынымдарды қайта қарап, барлық мүдделі тараптар арасында таратады. Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университетінің профессоры Азер Алиев озық тәжірибесімен бөлісіп, инвестициялық үрдістер мен зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық тәжірибені ұсынды.

“АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) қолдайтын Сот жүйесі бойынша бағдарламасы инвестициялық сот ісін жүргізу мәселелері бойынша Жоғарғы Сотпен алғашқы күннен бастап ынтымақтасып, инвесторлардың құқықтарын қорғауға және инвестициялық дауларды шешу үшін жаңа құралдар жасауға назар аудара отырып, елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша іс-шаралар өткізді”, – деді АҚШ істеріндегі уақытша сенімді өкілі Теодор Линг өзінің кіріспе сөзінде. «АҚШ пен Қазақстан инвестициялық ахуалды жақсартуға және екіжақты инвестицияларды ілгерілетуге бағытталған ынтымақтастығымызды жалғастырудамыз».

Дөңгелек үстел 2017 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі. Ол мемлекеттік органдар мен инвестициялық, консалтингтік компаниялардың өкілдеріне инвестициялық сот ісін жүргізудің және зияткерлік меншік құқығының өзекті мәселелерін ашық талқылауға, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жолдары мен одан әрі ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

# # #

ABA ROLI 60 елде өз серіктестерімен әділдікті қамтамасыз ету, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту және адамның қадір-қасиетін құрметтеуді қамтамасыз ететін тұрақты институттар мен қоғамдарды құру үшін жұмыс істейді. USAID әлемдік жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізу катализаторы болып табылады. USAID АҚШ ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономикалық өркендеуді арттыру бойынша жұмыс атқарады, сонымен қатар, тұрақты дамуға өз үлесін қосады.