Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні

Қазақстан Республикасындағы АҚШ дипломатиялық миссиясы желтоқсанның 16-сында атап өтілетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен барша қазақстандықтарды құттықтап, ізгі тілектерін жолдайды. Америка Құрама Штаттары Қазақстанда тұңғыш елшілігін ашқан мемлекеттердің бірі, содан бері Қазақстан-америкалық қатынастар 23 жыл бойы сенімді ықпалдастық негізінде дамуып келе жатыр.

Жылдар бойы жүргізіліп келе жатқан стратегиялық әріптестік диалогы арқасында, Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан өзара экономикалық байланыстарды нығайтуға, қалпына келетін энергия көздерін дамытуға, ғылым мен технологияны жаңғырту арқылы инновацияны алға тартуға, өңірлік пен жаҺандық қауіпсіздікті сақтау жолында одан әрі тығыз жұмыс атқаруда.

10 желтоқсан күні, АҚШ Мемлекеттік Хатшысы Джон Керри ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды жетістіктерін атап өтіп, қарым қатынастардың маңызды бағыттары бойынша өзара ықпалдастық нығайып, тереңдей түсетініне үміт артты.

Сонымен қатар Америка Құрама Штаттары Қазақстанның азаматтық қоғамымен, жеке сектор жетекшілерімен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен адам құқықтарын қорғаудың тетіктерін жетілдіруге және неғұрлым тұрақты, қауіпсіз, демократиялық және өркенді болашақ құру үшін қызмет етуде.

Осы атаулы, Қазақстан халқы үшін ерекше күнді мерекелеуге орай, Америка Құрама Штаттары Қазастанның ұлттық мәдени мұрасын құрметтей отырып, өркенді және бейбіт өмір  жолында бірігіп атқарылып жатқан жұмыстарды қолдайды.