Бүгін АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржыландырумен жүзеге асырылатын, Америка Заңгерлер қауымдастығының Құқық үстемдігі бастамасы (ABA ROLI), Қазақстандағы құқық үстемдігі бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (АҚДМ) Азаматтық қоғам істері комитетімен ынтымақтастықта Диалог алаңы отырысында Қазақстан Республикасының «Ашық үкімет» серіктестігіне (OGP) қосылу келешегі талқыланды. OGP – ашық үкімет, есеп беру, азаматтардың сұрауларына мұқият болуға бағытталған 78 қатысушы ел мен мыңдаған азаматтық қоғам ұйымдарын міндеттемелерін қамтамасыз етуге бағытталған көпжақты бастама. Бұл Диалог алаңы жергілікті азаматтық қоғам ұйымдарға, мемлекеттік органдар мен халықаралық сарапшыларға OGP құндылығын, сондай-ақ Қазақстанның бастамаға қосылуы үшін қажетті қадамдар жасаудың жан-жақты талқылау үшін платформа ұйымдастарды.
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы OGP өкілі Шрея Басу OGP қабылдау критерийлеріне және қосылу үшін жасалатын қадамдарға шолу жасады. Халықаралық сарапшы Горан Кучера қатысушыларға Босния және Герцеговинаның OGP-ға қосылу тәжірибесі негізінде ұсыныстармен бөлісті. Кучера мырза: «Ашық Үкімет» серіктестігі (OGP) — бұл ашық, есеп беруге міндетті және тиімділікке бірдей мақсатқа жетудің үкімет пен азаматтар арасындағы серіктестік тұғырнамасы. Негізінде OGP — бұл үкіметті жақсарту, азаматтарына жақын болу және барлық ықтимал жолдарын бірлесіп іздестіру үшін үкімет пен азаматтық қоғам бірлескен міндеттеме. Осы жолда өз тәжірибемен бөлісу, басқа қатысушы елдерді тыңдау және OGP-ден барлық қажетті қолдау мен сараптама алу мүмкіндігі болады».
Қырғызстаннан келген сарапшылар реформаларды жылдамдатуға бағытталған OGP ұлттық іс-әрекеттер жоспарын алға бастыру және жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Ашық диалог барысында Қазақстан Үкіметі және азаматтық қоғам Қазақстанның OGP-ге қосылу талаптарды орындауға бағытталған күш-жігерді ілгерлетуге шешті.
###
USAID – әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және даму саласында нәтижелерге қол жеткізугеықпал ететін катализатор болып табылады. Орталық Азиядағы USAID қызметі туралы толық ақпаратты Миссия сайтынан және Facebook парақшасынан алуға болады.
ABA ROLI әділлеттікті қамтамасыз ететін, экономикалық мүмкіндіктерді дамытуға және адам абыройын құрметтеуге ықпал ететін тұрақты институттар құру бойынша 60 елдегі серіктестерімен жұмыс істейді.