Flag

An official website of the United States government

Түлектерге арналған өтініштерді қабылдау туралы хабарлама
7 Хаттаманы оқу
Желтоқсан 19, 2022

АҚШ-тың Қазақстандағы миссиясы АҚШ үкіметі демеушілік ететін алмасу бағдарламаларының қатысушыларынан («түлектер») Alumni Engagement Innovation Fund 2023 (AEIF 2023) бағдарламасына қатысуға қазір өтініштерді қабылдайды. Біз кемінде екі (2) түлектен тұратын топтардан бағдарламаның төменде көрсетілген барлық талаптарына сәйкес келетін ұсыныстарды күтеміз. Қатысуға ниет білдірген алмасу бағдарламаларының түлектері өтініштерін kazakhstanalumni@state.gov электронды поштасына 17 ақпан күні Астана уақыты бойынша cағат 23:59-ға дейін жіберуі керек.

БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫ

AEIF бағдарламасы АҚШ үкіметі демеушілік ететін алмасу бағдарламаларының түлектеріне алмасу барысында алған дағдыларын дамыта отырып, түлектер қауымдастығы алдында тұрған жаһандық мәселелер бойынша инновациялық шешімдерді әзірлейтін және енгізетін жобаларына қаржыландыру ұсынады. AEIF 2011 жылы құрылғаннан бері жаһандық деңгейдегі байқау арқылы бүкіл әлем бойынша 500-ге жуық түлектің жобасын қаржыландырды.

Қазақстандағы АҚШ миссиясы кемінде екі (2) түлектен тұратын топтардан келесі тақырыптарды қолдау мен жүзеге асыру бойынша өтінімдер қабылдайды:

1-тақырып: Басшы лауазымдағы қызметтерге ерекше назар аудара отырып, әйелдердің экономикаға қатысуын кеңейтуді қолдау. Өтініштер жоғары қарқынмен дамып келе жатқан инновациялық салалардағы әйелдердің, сондай-ақ жетекші лауазымдардағы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. Бұл жерде ерлердің одақтас және қолдаушы ретіндегі рөлі құпталып, зор маңызға ие. Ұсыныстар төмендегіні қамтуы мүмкін, бірақ бұлармен шектелмейді:

  • Жаңадан дамып келе жатқан немесе қазіргі әйел көшбасшыларға басшы  лауазымдарға қол жеткізуге, жетістіктерге жету мен одан әрі ілгерілеуге көмектесу мақсатында олардың әлеуетін немесе дағдыларын дамытуға бағытталған бағдарламалар.
  • Әйелдерге мансап бойынша келесі қадамдарды жасауға қолдау көрсете отырып, әріптестермен және үздік мамандармен байланыс орнатуға көмектесетін тәлімгерлік бағдарламалар. Бұл шағын кәсіпкерлікті орта немесе ірі кәсіпкерлікке айналдыруды қамтуы мүмкін.
  • АҚШ алмасу тәжірибесін пайдалану немесе қайтадан енгізу.

Қажетті көздеген аудитория: (соның ішінде түлектер мен түлектер емес):

  • SABIT, TechWomen, TechGirls, SUSI әйелдер көшбасшылығы бағдарламасы, IVLP, PFP сияқты алмасу бағдарламаларының түлектері және тиісті тәжірибесі бар басқа түлектер.
  • Нақты мансаптық мақсаттары бар кәсіби маман деңгейіндегі әйелдер.
  • Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейте отырып, көшбасшылық лауазымдарда табысқа жетуі барысында одақтас ретінде әрекет ететін ерлер.
  • Қазақстанның барлық аймақтарынан іріктелген қатысушылар.

2-тақырып: Қоғамның дезинформацияға төтеп беру қабілетін тұрақтандыруды қолдау, оның ішінде сенімді ақпаратқа қолжетімділікті арттыру. Ұсыныстар төмендегіні қамтуы мүмкін, бірақ тек бұлармен ғана шектелмейді:

  • басқаларды оқыту немесе хабардар етуге (мысалы, журналистер, кітапханашылар, мұғалімдер, профессорлар) қатысы барлардың объективті,  түрлі ақпарат көздерін пайдалануын арттыру.
  • Азаматтық қоғамға, пікір көшбасшыларына, пікірлерімен ықпал етушілерге және жаңадан келе жатқан көшбасшыларға кең таралған жалған ақпарат ағындарына қарсы шешім табу және оған қтөтеп беруді қолдау.
  • Ағылшын тілді қазақстандық аудитория арасында ағылшын тіліндегі ақпараттың теңтүпнұсқалы және объективті көздерін пайдалануға көмек көрсету.

Қажетті көздеген аудитория: (соның ішінде түлектер мен түлектер емес):

  • Журналистер, азаматтық журналистер, ықпал етушілер
  • Қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істейтін кітапханашылар
  • Профессорлар, оқытушылар, нұсқаушылар
  • Қазақстанның барлық аймақтарынан іріктелген қатысушылар.

ФЕДЕРАЛДЫҚ ГРАНТ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 17 ақпан, 2023
Қаржыландыру құралының түрі: Грант
Жеке гранттың сомасы:  $25,000-тан $35,000 дейін.
Жобаны орындау мерзімі:: 12 ай немесе одан аз.
Бағдарламаның болжамды басталу күні: – Тамыз 2023.

КЕСТЕСІ:

Өтінім беру мерзімі: 17 ақпан, 2023

2023 жылдың наурызы: АҚШ Миссиясы таңдалған жоба ұсыныстарын Вашингтондағы, Түлектер кеңсесіне жібереді.

Сәуір 2023: Түлектер Кеңсесі өтініштерді қарастырады.

2023 жылғы маусымның соңы/шілденің басы: қаржыландыруға ұсыныстарды тандау туралы хабарлама

AEIF 2023 туралы қосымша ақпарат: https://alumni.state.gov/aeif

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

  1. Келесілер қатысуға құқылы:
  • АҚШ Мемлекеттік департаменті демеушілік көсететін алмасу бағдарламасының (https://alumni.state.gov/list-exchange-programs) немесе АҚШ үкіметі демеушілік ететін алмасу бағдарламасының (https://j1visa.state.gov/) түлектері.
  • Жоба командалары кемінде екі (2) түлектен тұруы керек.
  • АҚШ азаматтары болып табылатын түлектер өтініш бере алмайды, бірақ жобаға топ мүшелері ретінде қатыса алады.
  • Түлектер командалары әртүрлі алмасу бағдарламалары мен әртүрлі елдердің түлектерінен құралуы мүмкін.
  • Өтініштерді алмасу бағдарламасының түлектері жеке тапсыруы керек. Коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, талдау орталықтары және академиялық институттар ұйым атынан өтініш беруге құқылы емес, бірақ жобалық іс-шараларды жүзеге асыруда серіктестер ретінде әрекет ете алады.
  1. Шығынды бөлу

Шығындардың қандай-да бөлігін өз қаражытынан төлеу қаржыландырудың талабы емес.

  1. Грант бағдарламасы:

Ұсыныстар жоғарыда аталған тақырыптарға қатысты болуы керек. Бағдарлама сипаттамасында көрсетілген тақырыпқа сай келмейтін ұсыныстар қабылданбайды деп есептеледі. Барлық жобалық іс-шаралар Қазақстан аумағында жүзеге асырылуы тиіс.

  1. Басқа жарамдылық талаптары

Егер грантты жеке тұлға басқаратын болса, бұл тұлғаның UEI (бірегей идентификатор) нөмірі болуы немесе SAM.gov сайтында тіркелуі талап етілмейді. Дегенмен, егер грантты жобаның серіктесі болып табылатын ұйым жүзеге асырса, бұл ұйымның UEI және www.SAM.gov сайтында жарамды тіркеуі болуы керек. Ұйымдар нәсіліне, дініне, этникалық тегіне, жынысына, жыныстық бағдарына немесе саяси көзқарасына қарамастан, тең мүмкіндіктер мен бенефициарларды кемсітпеу қағидаттарын ұстануы керек.

Үміткерлерге бір ғана ұсыныс жіберуге рұқсат етіледі.

БАЙЛАНЫСУ АҚПАРАТЫ:

Грантқа өтінім беру процесі туралы сұрақтарды мына мекенжайларға жіберу керек: Айнұр Сембаева SembayevaA@state.gov және Жанна Тоқтарова ToktarovaZ@state.gov.

Сұрақтар мен жауаптар немесе жиі қойылатын сұрақтар елшілік пен консулдықтың әлеуметтік медиа платформаларында орналастырылады және барлық ықтимал үміткерлердің сұрақтарына жауап беру үшін АҚШ миссиясының әлеуметтік медиа платформаларында ұсыныстарды оқыту сессиясы жарияланады.

Қосымшалар: