Азат Төрегелдин
Бағдарлама: Fulbright Foreign Student (2019)
Азат Төрегелдин Fulbright Foreign Student бағдарламасының қатысушысы және Мичиган технологиялық университетінің түлегі.
– Маған шетелде білім алу туралы алғашқы ой Қазақстан университетінің студенті болып жүрген кезде пайда болды. Алайда, ол кезде олар әлі де айқын сипатқа ие болмаған. Сол уақыттың өзінде ағылшын тілін қолға алып, жұмыс істей бастадым және Қостанай қаласындағы Америка бұрышына барып жүрдім. Онда Бейбітшілік Корпусының еріктілерімен, ынта-жігерге толы басқа да көптеген қатысушылармен таныса бастадым. Сол жерде жүріп Америка бұрышын басқарған Анна Блуммен жақсы танысып, “Фулбрайт” бағдарламасы туралы алғаш естідім. Содан кейін өтініш беруді ұйғардым.

– Бағдарламаға қатысу – бұл өмірде бір рет қана болатын дүние, оны түбегейлі өзгертетін баға жетпес тәжірибе. АҚШ Мемлекеттік Департаменті әр түрлі елдерден келген адамдарға тек оқу орындарында ғана емес, сонымен қатар олардың өздерінде де кездесуі үшін жағдай жасайды. Бағдарламаның елеулі компоненттерінің бірі – білім алу мүмкіндігі ғана емес, әр түрлі орасан зор мәдениеттерді көріп, білуге қол жеткізу. Менің білуімше, жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен өмірдің түрлі салаларынан шамамен 4000-ға жуық адамдар бағдарламаға қатысады.
– Кез – келген қоғам сияқты, американдықтардың проблемалары бар, олар оны Азаматтық бастамалар және азаматтардың белсенді позициясы арқылы шешуге тырысады.
– Қазіргі уақытта мен әлі әзірленіп жатқан Қостанай коммерциялық емес ұйымның “Перекресток” жобасына қатысып жүрмін. Жоба наурыз айының ортасында Қазақстандағы АҚШ елшілігімен жарияланды. Ол үш бағытты қамтиды: адам саудасына қарсы күрес, ауа сапасы мәселесін шешу және жаңартылған энергия көздерін пайдалануға жәрдемдесу.
– Кейбір американдықтар нағыз қыс мезгілінде жазғы бас киім мен қысқа шорттар киіп жүре береді, алайда олардың қыз мезгілі біздің солтүстік аймақтың қысындай болмайды. Және де кез келген сусынды мұз қосып іше береді.
– Мен нақты өтініш беремін деп жүргенде бірнеше жыл өтіп кетті. Бұрын мен өзімнің дағдыларыммен, ақылдылығыммен сәйкес келмеймін деп ойладым. Бұл ой тек менде ғана болған жоқ. Мен Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ басқа елдердің адамдарынан “ мен әлі де өтініш беруге дайын емеспін, келесі жылы байқап көремін” дегендерді де кездестірдім. Мен сізге ыстық кезінде темірді соғу, яғни мүмкіндігіңіз болып тұрғанда өтініш беруге кеңес беремін. Бір дегенде кері жауап алудан ешқашан қорықпаңыз.