Бекболат Ізбасаров Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары. 2017 жылы ол АҚШ-қа Hubert Humphrey кәсіби алмасу бағдарламасы бойынша келген.
Бағдарлама: Hubert Humphrey 2017
– Мен әрқашан шетелде, оның ішінде АҚШ- та оқуды армандады. Айырбастау бағдарламасы туралы көп естідім. Мен Humphrey- де он айлық іс- тәжірибеден өтуді таңдадым. 2014 жылы бірінші рет өтініш беріп, бірнеше этаптардан өттіп, мәреге жетіп, бірақ мен таңдалмадым. Мен берілмедім. Бұл сәтсіздік мені одан сайын жігерлендірді, сондықтан мен одан әрі қарай жалғастыра беруді шештім. 2016 жылы қайтадан өтініш бердім. Бұл жолы мен Humphrey стипендиаты атандым. Мен АҚШ- тың Атлантасындағы үздік университеттерінің біріне “ Қоғамдық денсаулықты сақтау, денсаулықты сақта менеджементі” мамандығынв оқуға түстім.
– АҚШ- та менің жаңа достарым пайды болды, біз көп саяхаттап, әлемдік есімдері бар ғалымдармен саясаткерлердің дәрістеріне қатысуға мүмкіндіктеріміз болды. АҚШ-тың 39-шы Президенті Джимми Картермен кездесу болды. Бағдарлама бойынша оқу мерзімінде мен қоғамдық денсаулықты сақтау бағытымен жүруді таңдадым. Мен қоғамға өз пайдамды тигіземін және бұл қолымнан келеді деген тұжырымға келдім.
– Бағдарлама мәдени шараларға толы болды, біз көптеген қалаларда, Американың түрлң жерлерінде – Ниагара сарқырамасынан АҚШ-тың оңтүстік жеріне дейін болдық. Сондай-ақ АҚШ- тың мемлекеттік департаментінде де қабылдауда болдым. Біз Атлантадағы түрлі ғылыми ізденістер жасайтын, оның ішінде Эбол вирусын, ал қазіргі COVID-19 вирусын зерттейтін ауруларың алдын алу және баұылау орталығында болдық. Америкадағы өткен уақыт өмірді өзгертуге, алға қарай дамуға мүмкіндік бергенін атап өткім келеді.
– Бағдарлама шарты бойынша әрбір степендиант кез-келген үйымда төрт апталық іс-тәжірибеден өтуі тиіс. Мен Стэнфорд университетін таңдадым. Шағын іріктеуден өтіп, іс-тәжірибеден өтуге шақырылдым. Менің группаластарым Стэнфорд университетінде іс- тәжірибеден өтетініме таң қалып, сене алмады. Себебі, бұл үздік ВУЗ және ол Кремний жазығында орналасқан, оған түсу қте қиын. Бірақ бұл менің қолымнанк келді. Мүмкін емес нәрсе жоқ, бәрі өзіңе байланысты екеніне тағы да көзім жетті.
– Америкалықтардың барлық жерде және әрқашан күліп жүретін әдеттері, адамдар арасындағы қарым-қатынасы мені таңғалдырды. Профессордың дәрісінен кейін онымен бірге отырып кофе ішіп, өмір туралы әңгімелесу қалыпты жағдай. Маған сабақ беретін профессормен достық қарым- қатынас орнаттым. Басында біз көп хат жазып, алмасып тұрдық. Бастапқыда ол менің оқуға қаржым жете ме деп сұраған еді, себебі университет өте қымбат ауданда орналасқан. Соңынан өзінің пәтерлерінің бірінде тұруды ұсынды. Ол кісіні толық білмегендіктен маған басында тіпті ыңғайсыз болды. Ол мені қарсы алып, менің бөлмемді, велосипедті көрсетті. Күн сайын біз бірге оқуға велосипедпен бардық, ал кешке мейрамханаларда болдық.
– Өмірде мүмкін емес ешнарсе жоқ. Отбасыңды, сүйікті жұмысыңды сүю керек, қоршаған ортаға әрқашан көмектесу керек. Көптеген американдықтар осылай өмір сүреді және өз мақсаттарына жетеді. Сондықтан олар әлемдегі дамыған елдердің бірі.
– Оқу барысында менің бағытым – паллиативті көмекті дамыту яғни аяғы ауыр науқастарға көмек көрсету. Бұл көмектің мақсаты – олардың өмір сүру сапасын жақсарту. АҚШ-тан елге оралғаннан кейін біз медицина қызметкерлеріне, болашақ дәрігерлерге паллиативті көмек көрсету дағдыларын үйреттік. Сондай-ақ, жалпы практика дәрігері, әлеуметтік қызметкер, психолог және медбикеден тұратын мобильді бригадаларды құру бойынша жұмыс жасадық.
– Қазір біз инфекциялық стационарларды дайындап, резервтік стационарларды ашып жатырмыз, дәрілік заттар, жеке қорғаныш құралдары, медициналық жабдықтар қорына мониторинг жүргізіп жатырмыз. Облыста эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын 16 медициналық ұйым жұмыс істейді. Егер жағдай нашарласа, біз қосымша ауруханаларды дайындаймыз. Сондай – ақ, халықты жаппай вакцинациялау үшін егу пункттерін және адамдар көп жиналатын жерлерде Ақтөбе бойынша Жылжымалы медициналық пункттерді дайындаймыз – бұл СОО, базарлар. Қазір бірінші міндет-коронавирустық инфекцияның өршуін оқшаулау және COVID-19 вакцинациясын мүмкіндігінше тез және тиімді жүргізу.