Бен Тейлор – ағылшын тілінің үйлестірушісі.
e-mail: btaylor70@gmail.com
– 27 жасымда мен Микронезия Федеративтік штаттарындағы Понпей Тынық мұхиты аралығындағы бейбітшілік Корпусының еріктісі болдым. Сол уақытта мен ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері он ойға “English Language Fellow” атты бағдарламасы арқылы шет елге бара алатынын естідім. Бұл идея маған өте қызық болып көрінген соң, 2015 жылы өтініш жаздым. Сол кездің өзінде мені кез-келген елге жіберсе де, баруға дайын болдым. Орта Азияда жұмыс істеуді армандадым, себебі бұл елдер туралы ақпарат өте аз білетінмін. Мені Нұр-Сұлтан қаласына жіберген кезде, бұл қалалардың ішіндегі өте суық аймақ екенін ғана білдім.
– Нұр-Сұлтанға келгеннен кейін Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық Университетінде жұмыс жасадым. Бағдарлама 3 саладан құралды. Біріншісі – оқытушы болатын студенттермен жұмыс. Екіншісі – университетте жұмыс атқаратын оқытушылармен жұмыс. Мен оларға ағылшын тілін студенттерге қалай түсінікті және қызықты етіп үйретуді түсіндіретінмін. Яғни, Қазақстанда тілдерді оқыту әдістемесін жасадым. Үшінші сала – ағылшын тілін дамыту үшін пікірталас клубтарын жүргіздім.
– Сондай-ақ Қарағанды қаласында болғанда, студенттерді АҚШ – тың жоғарғы оқу орындарына түсу үшін эссе жазып үйретуді ұйғардым. Алмасу бағдарламасы аяқталғаннан кейін де, бұл тренингтер өткізіліп тұрды. Нәтижесінде мен Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Тараз, Алматы, Көкшетау, Өскемен және Орталық Азия елдерінің студенттерімен жұмыс істей алдым. Қазір ZOOM арқылы English Access бағдарламасы аясында Орталық Азия студенттерімен жұмыс жасаймын. Сонымен қатар оқытушыларға көмек көрсетемін. Мен әзірлеген тренинг форматындағы түрлі онлайн – платформаларды білім беру мақсатында қалай пайдалану керектігін айтамын. Бұл қызметтердің бәрі тегін және мен үшін ол өте маңызды. Мен Ақтау қаласындағы “ Білім бәріне” ҮЕҰ-мен жұмыс істеймін, онда мен Қазақстаннан қайтқан кезде, менің белсенділігімді жалғастыра алатын Орталық Азия тренерлерін оқытады.

– Мен Евразия Ұлттық Университетінде жұмыс істегенде қоғамдық көліктермен қатынайтынмын. Қоғамдық көліктердің көпшілігі адамға толы болатын, үлкен кісі немесе жүкті әйел кірсе, міндетті түрде адамдар өздерінің орнын ұсынатын. Мен бұл қарым-қатынасты өте қатты бағалаймын. Маған бұл жердің тағамдарды ұнайды. Қарағанды қаласында тұрғанымда үнемі кішігірім асханаларға барып тұратынмын. Сондай- ақ ұлттық музыка аспаптары – домбыра, қобыз ұнайды, Молданазарды қуана тыңдаймын. Мен Американың қысына үйренгендіктен, Нұр-Сұлтанның аяз, суықтарындай қысты көрмедім, бірақ жергілікті қысты ұнаттым. Сонымен қатар, маған түнгі пойыздарда жүрген ұнайды, себебі жолсеріктермен ыстық шәй ішіп отырып әңгіме айта аласың.
– Қазақстанда уақыт басқаша жұмыс жасайды, белгілі бір жоспармен жүру маңызды емес. Солтүстік Қазақстанда өмір сүргісі келетін адамдарға айтарым – қыс мезгілінен қорқудың қажеті жоқ. Осында келерімде жылы киімдер көп алып келдім, бірақ келгеннен кейін осы жерден де жылы киім табылатынын түсіндім.