Flag

An official website of the United States government

«Ауа сапасының проблемасы барлық адамзатқа, әсіресе болашақ балаларымызға тікелей қатысты»
5 Хаттаманы оқу
Сәуір 17, 2021

» Эко Маңғыстау» директоры – Кирилл Осин  2010 және 2019 жылдары АҚШ-қа Community Connection және IVLP алмасу бағдарламалары бойынша барып келген.
Бұл сұхбатта ол өзінің сапарда алған әсерлерімен, өзінің Қазақстанда іске асырып жатқан жобалар туралы бөлісіп, әңгімелейді.
Бағдарлама: Community Connections 2010s (USAID) and IVLP 2019
e-mail: OsinKirill@gmail.com 

– Бізде «таза ауа» деп аталатын жоба бар. Бұл жоба  Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен жүргізіледі және мектеп оқушыларымен өзара тығыз байланысты қамтиды. Білім беру компоненттерінен басқа, біз ауа сапасын бақылайтын датчиктерді  PM 2,5 көрсеткіші бойынша  орнаттық. Бұл ауада үнемі ұшатын бөлшектер, олар еш жерде орналаспайды, біздің шырышты қабығымыз оларды да, өкпені де ұстамайды. Олар қанға барлық салдарлармен енеді. Қазақстандағы ауа сапасы – алматылықтарды есепке алмағанда,   адамдар ауаны сезініп қана қоймай, көзбен көретіндей, ал  Теміртауда халық қара қар жауғанын көзбен көреді. Бізге қандай ауамен дем алып жүргеніміз өте маңызды. Ауа – бұл бізді барлық жерде-жұмыста, үйде қоршап тұрған нәрсе. Күн сайын ауа сапасы жөнінде біле тұра, біз өзімізді қорғауға және белгілі бір нұсқаулармен жүруге күш саламыз. Мысалы, мен ауа сапасының деңгейі көтерілгенін білсем, сыртта спортпен шұғылданбаймын, себебі бұл менің денсаулығыма кері әсерін тигізеді.

– Біз мектептерде екі датчиктен қойдық. Неге мектептерде? Біріншіден, датчиктердің өздерін сақтау үшін, екіншіден, азаматтық белсенді Павел Александров әзірлеген  www.airkaz.org сайтында танылып, таралу үшін (Қазақстан қалаларындағы ластанған ауа картасы). Сондай ақ, мектеп оқушыларында өз аналитикалық жұмыстарын өткізуге, бақылауға, салыстырмалы талдау жұмыстарын жасауға мүмкіндік пайда болды. Оларға осындай ғылыми жұмыстармен айналысқан өте қызық. Біздің жобамыздың ерекшелігі елімізде балалардың экологиялық саммиті өтеді және оны сәуір айында өткізуді жоспарлап отырмыз.

– 2019 жылы мен АҚШ Мемлекеттік департаментінің IVLP бағдарламасы арқылы АҚШ-қа бардым. Бағдарламаның қызықты болғаны соншалық, сол айда бізге бес штатта болу бұйырды. Біз азаматтық белсенділермен, бизнес өкілдерімен, мемлекеттік органдармен, АҚШ-тың коммерциялық емес ұйымдарымен кездестік.

– Біз АҚШ-тың әртүрлі қалалары, атап айтқанда Вашингтон, Лос-Анджелес, Детройт болдық.  Қалалар бір елде орналасқанымен, әр штаттың өзіндік нюанстары бар. Лос-Анджелесте басқа штаттарға қарағанда экологиялық заңдар қатал, ал экономикалық қиындықтары бар Детройтта – судың, өзендердің ластануы және адамдардың жаппай улануы  экологиялық проблемалар болып табылады. Ол жерде өте жақсы журналисттік ұйым бар және азаматтық белсенділік өте жоғары қызықты қала.

– Біздің елде белгілі бір ұжымдық өзгерістер бар және бұл бізді қуантады. Жақында біздің ұйым қатысқан жол экологиялық картасы әзірленді. Оған «Қазгидрометтің» Шетпе мен Жетібайдағы станцияларын орнатуы кіреді, сондай-ақ картаға облыс әкімі мен қоршаған орта министрінің қолы қойылған. 

–  Осы айтылған тақырыпты біз сол жерде зерттей алдық. Сонымен қатар, Американың әртүрлі қалалары мен штаттарындағы жаңа адамдармен таныстық орната бастадық. Сондай-ақ, осы мәселемен айналысатын көрші елдердің белсенділерімен, Американың мәдениетімен танысуға мүмкіндік болды. Мұның бәрі өте қызықты және пайдалы болды. Мен онда қоғамдық ұйымдардың қалай жұмыс істейтінін көрдім, мұның бәрі мені алға шабыттандырып, жігерлендірді. Бұл бізге қалай алға  ұмтылу керек екендігін және демократияны қалай құру керек екендігіне мысал болды.

– Бізбен адамдар бірнеше сағат бойы қуана-қуана әңгімелесіп, бәрі қалай болғанын айтты. Бұл еркін диалог. Әрине, бәрі идеал емес, проблемалар бар. Бірақ олар диалог құрып, пікірталастар жүргізе алады. Еркіндік пен есеп беру бар. Себебі азаматтық қоғам өздерінің салық төлеушілер екенін біледі және өздерінің ақшаларының қайда кетіп жатқанын білуге құқылы. 

***

*Қазақстандағы АҚШ елшілігі Кириллдің АҚШ пен Қазақстан үшін өзара қызығушылық тудыратын экология және ауаның ластану саласындағы үлесін мақұлдады және оны халықаралық келушілер көшбасшылығы бағдарламасына (IVLP) қатысу үшін АҚШ-тағы ұқсас жұмыстармен айналысатын әріптестерімен кездесуге ұсынды.