Нина Балабаева, Әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы» қоғамдық қоры директоры
IVLP 2004 «Мемлекеттік және үкіметтік емес секторлардың адам саудасына қарсы күрестегі ынтымақтастығы», IVLP 2015: «Адам саудасына қарсы күрес» бағдарламаларының түлегі
Сіз бірнеше алмасу бағдарламаларына қатыстыңыз. Бұл алмасу бағдарламасы сіздің кәсіби қызметіңізге қалай әсер етті? (Әр бағдарламаға жеке-жеке тоқтала кетсеңіз, себебі сіз әр жылы әр жерде болдыңыз: 2004 жылы (IVLP: Cooperation of Governmental and Non-Governmental Sectors in Combating TIP) , содан кейін 2015 жылы (Combating Trafficking in Persons)) сондай-ақ, 2020 жылы Мемлекеттік департаменттің марапатына ие болып, әлем бойынша адам саудасына қарсы күресте 10 батырдың бірі атандыңыз.
Маған “ IVLP” бағдарламасы бойынша АҚШ-қа екі рет бару бақыты бұйырды. Бұл кездесулер және мәдени іс-шараларға толы ұмытылмас сапар болды, .
Адам саудасына қарсы күрес тәжірибесі деген тақырып ортақ болса да, мемлекеттік ұйымдардың ҮЕҰ өзара байланысы басқаша сезім береді екен.
2004 жылы тақырыпқа толықтай мән берілді, себебі адам саудасына қарсы іс-әрекет саласындағы алғашқы қадамдар енді жасалына бастады , 2004 жылдың қаңтар айында ғана халықаралық көші-қон ұйымының серіктесі болдық. Барлығы өте қызықты болды – зардап шеккендерді қорғайтын және қалпына келтіретін ұйымдарды қалай табу керек, барлығы да қызық болды.
2015 жылы мен адам саудасына қарсы салада сарапшы болдым және заңнамаға сәйкес құқық қолдану практикасына, қызмет көрсету стандарттарына байланысты мәселелер және сұрақтар көбейе бастады.
Біздің топ, Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының үш директоры алғаш рет Вашингтон, Нью-Йорк, Сиэтл, Сент-Луиз, Майами қалаларына барды.
2015 жылы ҮЕҰ-ң екі директоры, ҚР Еңбек және халықты жұмыспен қамту министрлігінің және ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның өкілі Вашингтон, Нью-Йорк, Альбукерке, Рино, Майамиге барды.
Бағдарлама барысында күн сайын үш-төрт кездесу болады. Бұл мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар.
Бағдарлама ұсақ-түйекке дейін ойластырылған, логистикасы да тамаша, минутына дейін нақты жоспарланған. Барлығы адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс тәжірибесін алуға бағытталған.
Сіз Қазақстанда алған біліміңізді қалай қолданасыз немесе қолдандыңыз? Егер сізде жоба болса, оң статистикамен бөліссеңіз? (АҚШ Елшілігімен, халықаралық күрес бөлімімен бірлескен жобаларыңыз және қылмыс және заңдылықты сақтау туралы айтып берсеңіз?)
Кез – келген жұмыс сапары-бұл кейбір технологиялар мен тәжірибелерді енгізу. Мәселен, 2006 жылдың наурыз айында біздің ұйым аясында Қазақстанда адам саудасының құрбандарына көмек көрсету үшін алғашқы мамандандырылған баспана ашылды және Майами баспаналарында зардап шеккендермен, сонымен қатар жыныстық эксплуатацияның құрбаны болған кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жұмыс жасауды көріп,сол тәсілді қолдандық, .
Алғаш рет халықаралық қорғау, құпиялық саясат, анонимдікдеген ұғымдарды естідім, тіпті баспана аумағына басып кіру қауіпін азайту үшін бейнебақылау камералары қойылғаны мені таң қалдырды.
Бізге құқық қорғау жүйесі және әлеуметтік қорғаныс саласы өкілдерімен кездесулер өткізді және барлығы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін құрбандыққа негізделген тәсіл, қайта бағыттау жүйесі, виза туралы айтты.
Барлық білім мен алған тәжірибеміз баспананы ұйымдастыруға көмегін тигізді.
Біздің ұйым 2005 жылдан бастап тікелей көмек көрсетіп келеді. , біз зардап шеккен 586 адамға көмектестік, олар – Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Қытай, Филлипин және басқа елдердің азаматтары.
Мен АҚШ-қа, Сербияға, Түркия, Өзбекстан, Молдова елдеріне жұмыс сапарларына барғаныммен мақтанамын, себебі өз сарапшылық деңгейімді үнемі арттырып отырдым. Сауда құрбандарына көмек көрсету стандарттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс топтарында болдым.
2008 жылдан бастап мен халықаралық қылмыспен күрес және АҚШ Елшілігінің заңдылықты сақтау бойынша сарапшы-жаттықтырушы ретінде Қарағанды қаласындағы ҚР ІІМ жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында ҚР Жоғарғы Соты Жанындағы Сот төрелігінің ҚР Бас прокуратурасына шақырылдым. АҚШ және басқа елдердің тәжірибесін қолдана отырып, сабақтар өткізу, интерактивті режимде практикалық тапсырмаларды пайдаланып отыру бұл – менің атқаратын жұмысым.
АҚШ Елшілігімен бірлесе отырып, адам саудасына қарсы күрес жөнінде қандай тарихи жетістіктермен бөлісе аласыз?
2020 жылы мен АҚШ Мемлекеттік департаментінде адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы баяндаманың кейіпкері болдым. Бұл халықаралық деңгейде тану.
13 жыл жұмыс істеген баспана USAID жобасы аясында көші-қон, үй-жайы халықаралық ұйымға берілді, қазір ол жерде «Родник» ҚҚ кеңсесі бар, ол жобалау қызметін іске асырудағы ұйымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. (Ескертпе: біз»Арман ҚХА» ұйымға адам саудасынан зардап шеккендерді сүйемелдеу әдістемелерін үйреттік және оларға баспана қызметін жүргізудің эстафетаықрдсыапнт с, ал «Родник» шетел азаматтарына»арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты» шеңберінде нысаналы топ болып табылатын адам саудасының құрбандарына көмек көрсетуді жалғастырып жатыр)
2021 жылдың тамыз айында АҚШ Елшілігінің Шағын Гранттар бағдарламасы арқылы «Біз адам саудасына қарсымыз: АлматыТаразАтау» ақпараттық марафоны атты бір жылдық жоба басталады .
Бұл жобаның өте қызықты болатынына сенімдімін.
Алмасу бағдарламасыкезінде сізді не таң қалдырды? Сіз қатысқан бағдарламалар арасындағы 11 жылдың ішінде (2004 – 2015), АҚШ-та не өзгеріс болды?
Барлық кездесулердің қатысушылары Қазақстан туралы ақпарат бұрын да білген екен. Бұл мені өте қатты қуантты.
АҚШ-тың кейбір мемлекеттерінде жезөкшелік заңдастырылған. Дегенмен адам саудасы күн тәртібінен алынып тасталмайды.
Біз кездестірген полицейлерде құрбандарға қатысты стереотиптер жоқ және олар қылмыстарды ашуға және қылмыскерлерді жазалауға бағытталған.
Үкіметтік емес ұйымдардың көбі адам саудасына қарсы күрес жүргізу үшін әртүрлі көздерден – министрліктер, мэриялар, жеке бизнес арқылы қаржыландырылады.
Күн сайын адам саудасынан зардап шеккендерге көмектесетін адамдар – батырлар. Не өзгерді десем, көптеген адам саудасына қарсы күрес және көмек көрсететін үкіметтік емес ұйымдар пайда болды.
Сізбен бір салада жұмыс істеген АҚШ-тағы әріптестерден қандай жаңа білім алдыңыз?
«Поляристен» келген әріптестердің көп арналы жедел желісі, операторлары бар тәулік бойы ( 2004 жылы) әртүрлі тілдерде, соның ішінде орыс тілінде кеңес береді екен.
АҚШ-та еріктілір ұйымы өте дамыған және қарапайым адамдар ақпараттық науқанды ұйым ретінде де, акцияларға да белсенді қатысып,баспаналарға көмек көрсетеді.
ҮЕҰ үшін қайырымдылықпен айналысатын бизнес компанияның салық салуы жеңілдетілген.
Әр алмасу сапарынан кейін өзіңіз үшін қандай тұжырымдар жасадыңыз?
Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы жеке Заң болуы тиіс. Баспаналарда қызмет көрсетуде шетелдік азаматтарға кемсітушілік болмау керек. Өзара әрекеттесу құрылымдар яғни Қазақстанда адам саудасының механизмы тәуекелдерін төмендету.
Пандемия адам саудасына қарсы күресте қызметіңізге қалай әсер етті? Пандемия заңсыз және зорлық-зомбылық жағдайларының көбеюіне, халықтың осал топтарының, сондай-ақ еңбек мигранттарының жағдайына әсерін тигізді ме?
Карантин жарияланған кезде, бұл бәрімізге үйреншікті жағдай болмады, әрине.
Өзін қалай ұстау керек, қалай жұмыс істеу керек, зардап шеккендерге қалай көмектесу керек деген сұрақтар туфындады.
Екі ай бойы «Родник» қызметкерлері қашықтықтан жұмыс режимінде болды. Содан кейін зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастыра бастады.
2020 жылы біз адам саудасынан зардап шеккен 35 адамға көмек көрсеттік.
2021 жылы адам саудасынан зардап шеккен 40 адамға көмек көрсеттік.
Зардап шеккендер туралы ақпарат біздің ҮЕҰ серіктестерінен, сондай-ақ Алматыда орналасқан дипломатиялық өкілдіктеріне түсіп отырады. Өздері хабарласатын жағдай да болады.
Адам саудасынан зардап шеккен барлық 75 адам өз елдеріне аман-есен оралды.
Сіз АҚШ пен Қазақстанның адам саудасымен күресу және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету саласындағы екіжақты ынтымақтастығын қалай бағалайсыз?
Мен жақсы және оң деп бағалаймын. АҚШ Елшілігі қазақстандық ҮЕҰ, соның ішінде адам саудасына қарсы тұруға бағытталған жобаларды қолдайды.
2020 жылдың баяндамасында көрсетілген ұсыныстардан кейін Қазақстан 2021 жылы адам саудасы бойынша 2-ші топта.
2021 жылы көп нәрсе жасалды: баспаналар үш жылдық қаржыландыруға ауысты, әлеуметтік кодекс әзірленуде, адам саудасының құрбандары болған шетелдіктерге баспаналарда қызмет көрсетіледі деген үміт бар.
Өңірлерде ҮЕҰ үшін азаматтарды ақпараттандыру бойынша әлеуметтік тапсырыстар практикасы қайта жандануда. Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі өңірлік ведомствоаралық комиссиялардың қызметі жандана бастады.
Соңғы бірлескен іс-шаралардың қайсысын атап өтер едіңіз?
Мен 2019 жылы Қарағанды қаласында өткен «Адам саудасына қарсы күрес көші-қон бағыты» атты алғашқы ұлттық симуляциялық жаттығуды айта аламын. Бұл посткеңестік дәуірдегігіте алғашқы жаттығу. Мен жаттығу дирекциясы және барлық құрылымдардың өзара әрекеттесуінің куәсі болдым.
2020 жылы – құқық қорғау органдарының өкілдеріне, (криминалдық және көші-қон полициясы), прокурорларға, судьяларға, еңбек бойынша инспекторларға арналған 9 семинар-тренинг онлайн-режимде өткізілді, соның нәтижесінде Қазақстандағы адам саудасына қарсы күрес саласындағы ахуалды жақсарту үшін ұсынысдар әзірленді. Мен спикер ретінде қатыстым.
Осы іс-шараларды дайындауға және өткізуге барлық мемлекеттік құрылымдар: ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР ІІМ, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау қызметі әрекет етті.
Айта кететіні, бұл іс-шаралар Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен өткізілді.