Flag

An official website of the United States government

Орталық Азияның сарапшылары Грузияның ашық бюджеттеу тәжірибесімен танысуда
3 Хаттаманы оқу
Шілде 9, 2021

2021 жылы 5 шілде күні Қазақстанның, Өзбекстанның және Тәжікстанның сарапшылары мен зерттеушілері Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан ашық бюджеттеуге және мемлекеттік қаржы ашықтығына арналған бір апталық оқу сапарын бастады. Оқу сапары Еуразия Қоры іске асыратын АҚШ халықаралық даму агенттігімен (USAID) қаржыландырылатын Орталық Азиядағы Әлеуметтік Инновациялар  Бағдарламасымен ұйымдастырылуда. Грузия – Ашық үкімет серіктестігінің (OGP) мүшесі және әлемдік Бюджеттің Ашықтық Индексі бесінші орында. Оқу сапарыныңы қатысушылары Грузияның ашықтық жолын үйрену барысында, әлеуетті ынтымақтастықтың бағыттарын таба, алынған сабақтарды қолдана білмек.

Оқу сапары Ақпарат Бостандығын Дамыту Институтында (IDFI) өткізілуде. Донорлар қауымдастығымен, үкіметтік емес ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және жергілікті муниципалитеттермен тығыз ынтымақтастықта IDFI ашық бюджеттеуді жетілдіру, мемлекеттік қаржылық ашықтығын қолдау және азаматтардың шешім қабылдау мен бюджетті құруға қатысуын күшейту бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Оқу туры барысында Орталық Азия сарапшылары бюджеттің ашықтығы, қоғамдық бақылау және бюджетті құру бойынша OGP қағидаларымен танысады. Олар Грузия Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік аудит кеңсесіне сапар шегіп, бюджеттік кодекстермен, мемлекеттік бюджет құқығы, саяси қаржы мониторингі бойынша азаматтардың нұсқаулығымен және 2017 жылғы Дүниежүзілік саммит сыйлығының жеңімпаздарының бірі Budget Monitor инновациялық веб-платформасымен танысады.

«Қазақстан әлі OGP мүшесі емес. Сондықтан, біз Грузияның мүшелікке қалай қол жеткізгенін, азаматтық қоғамды қалай ашық деректермен жұмыс істеуге тартатынын білуге қызығушылық танытамыз. Біз бұл білімді мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу және Қазақстандағы азаматтық бастамаларды ілгерілету үшін қолдана аламыз. Бізге мәліметтерді ашуға қалай қол жеткізуге болатындығын білу пайдалы болады, әріресе ашық деректердің жоғары сапалы болуы және ең бастысы, мәліметтермен жұмыс істеуге қоғамды қалай тарту керек екендігін үйренгіміз келеді. Деректерді жариялау бір нәрсе, бірақ ең қиын процесс – бұл қоғамның қатысуы», – деп бөлісті Жанат Нұрғалиев, «Integrity Astana» жеке университеті үкіметтік емес ұйымының жетекшісі және оқу сапарының қатысушысы.

###

USAID – бұл әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және даму нәтижелерінің катализаторы. Қосымша ақпарат алу үшін USAID Орталық Азия веб-сайты мен Facebook парақшасын қараңыз.