Flag

An official website of the United States government

САТЫЛАДЫ: Chevrolet Captiva.
1 Хаттаманы оқу
Наурыз 2, 2021

Жылы: 2014; Қозғалтқышы: 2,4 литр, бензин; Беріліс қорабы: автоматты; Жүріп өткен жолы: 173,750 км; Түсі: сұр; Кедендік төлемдер: төленген; Орналасқан жері: Алматы қаласы.

Автокөлік электронды поштаға келіп түскен өтінімдер негізінде ағымдағы құнын белгілемей және қазіргі күйінде, АҚШ Бас консулдығының кепілдіктерінсіз сатылады.

Автокөлікті 3-5 наурыз аралығында, сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін Алматы қ., Қазыбек би көшесі 41 мекен-жайы бойынша көруге болады, байланыс телефонының нөмірі автокөліктің әйнегінде көрсетіледі.

COVID-19 шектеулеріне байланысты өтінімдерді толық аты-жөніңіз бен телефон нөміріңізді көрсете отырып, AlmatyCGAuction@state.gov электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

Өтінім берудің соңғы мерзімі 2021 жылдың 5 наурызы, сағат 16:00-ге дейін. Ең жоғары мөлшерлеме көрсеткен қатысушыға 5 наурызда электрондық пошта және телефон арқылы хабарланады. Ақшалай төлемдер АҚШ Бас консулдығының кассасында, сейсенбі, 9 наурыз, Қазыбек би, 41 мекен-жайында жүзеге асырылады. Автокөлік сатып алушысына тіркеуді ауыстырғаннан кейін меншік құқығы беріледі.