2024 жылдың қаңтарында немесе 2024 жылдың қыркүйегінде Америка Құрама Штаттарында ағылшын тілі, математика, ғылыми-жаратылыстану және әлеуметтік пәндері, шет тілдері, инклюзивті білім беру саласындағы мектеп мұғалімдеріне арналған алты-апталық кәсіби даму тағылымдама аясында мұғалімдер қабылдаушы университеттерде академикалық семинарлардан өтіп, жергілікті университеттер мен мектептерде сабақты бақылауға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.
«Фулбрайт ТЕА» бағдарламасына мұғалімдер кәсіби педагогикалық қызметі, академиялық дайындығы және көшбасшылық қабілеті негізінде таңдалады. Бағдарламаға қатысушыларға қатысты соңғы шешімді тәуелсіз әрі жоғары лауазымдағы кеңеспен тағайындалатын, барлық академиялық алмасу бағдарламаларын үйлестіретін «Фулбрайт шәкіртақылар кеңесі» қабылдайды.
Бағдарламаға қатысушылардың тәжірибесі және жетістіктерін байқау негізінде анықтау үшін тәуелсіз іріктеу комиссиясы құрылады.
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Фулбрайт ТЕА» бағдарламасына таңдалған мұғалімдер:
- Америкалық орта мектебіндегі сабақтарды бақылап, америкалық әріптесімен тәжірибесімен алмасып, бірге сабақ өткізеді;
- Бағдарламаның басқа да қатысушыларымен АҚШ және Қазақстанның білім жүйесіндегі түрлі озық педагогикалық тәжірибе және әдістерімен алмасуға кәсіби-педагогикалық қауымдастықтың онлайн-платформасына белсенді қатысады; және
- АҚШ-та оқу барысында білім және мәдени шараларға қатысады.
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
- Оқытудың жаңа әдістемелеріне, оқушыларға бағытталған оқытуға, мазмұнға негізделген оқытуға, сабақтарды жоспарлауға және мұғалімдерді оқыту технологияларына үйретуге арналған жалпы академиялық семинарлар.
- Америкалық орта мектебіндегі сабақтарды бақылап, америкалық әріптесімен тәжірибесімен алмасып, бірге кемінде 40 академиялық сағат өткізу;
- АҚШ-та оқу барысында түрлі білім және мәдени шараларға қатысады.
БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ
- Заявки принимаются: 23 Января – 3 Марта, 2023
- Полуфиналисты будут приглашены на онлайн интервью и в случае успешного прохождения сдадут бесплатный TOEFL iBT тест в апреле 2023 года.
- Финалисты программы будут утверждены в Августе 2023 года
- Весенняя группа примет участие в предвыездной ориентационной сессии в ноябре-декабре 2023 года и поедут в США на шестинедельную программу с января по март 2024 года
- Осенняя группа примет участие в предвыездной ориентационной сессии в июне-июле 2024 года и поедут в США на шестинедельную программу с сентября по октября 2024 года
- 2023 жылдың 3 наурызына дейін Алматы уақыты бойынша кешкі сағат 18:00 дейін құжаттар бағдарламаға онлайн түрде қабылданады.
- 2023 жылдың сәуірінде жартылай финалистер онлайн сұхбатқа шақырылады және сұхбаттан сәтті өткен жағдайда TOEFL iBT тестін тегін түрде тапсыруға жолдама алады.
- 2023 жылдың тамыз айында бағдарлама жеңімпаздары анықталады.
- 2023 жылдың қараша-желтоқсан айларында көктемгі семестрге жолдама алған жеңімпаздар АҚШ-қа сапарға арналған дайындық кездесуіне қатысып, 2024 жылдың қаңтары мен наурыз аралығында АҚШ-қа алты апталық оқуға барады.
- 2024 жылдың маусым-шілде айларында күзгі семестрге жолдама алған жеңімпаздар АҚШ-қа сапарға арналған дайындық кездесуіне қатысып, 2024 жылдың қыркүйек пен қазан аралығында алты апталық АҚШ-қа оқуға барады.
БАЙҚАУҒА КЕЛЕСІ ТАЛАПТАРҒА САЙ ҮМІТКЕРЛЕР ӨТІНІМ ТАПСЫРА АЛАДЫ:
- Жергілікті балалардың басым бөлігі оқитын мектептерде ағылшын тілі, математика, жалпы ғылыми, әлеуметтік пәндер бойынша орта мектептерде штаттық режимде жұмыс атқаратын мұғалімдер, сонымен қатар инклюзивті білім беру мекемелерінде сабақ беретін ұстаздар;
- «Орта мектеп мұғалімдері» ұғымына 12-18 жастағы оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер кіреді. Бастауыш сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер, өзінің 50% уақытын орта және жоғарғы сыныптарға сабақ берген жағдайда ғана, бағдарламаға қатыса алады.
- Мектеп қабырғасында және білім саласында өзінің көшбасшылық қабілетін көрсете алған ұстаздар артықшылыққа ие болады;
- Бакалавр дипломының болуы немесе бакалавр деңгейінің эквиваленті;
- Бағдарламаның басталуына орай, кемінде штаттық режимдегі үш жылдық орта мектептегі тәжірибесі бар ұстаздар. Орта мектепте толығымен бес жыл тәжірибесі бар ұстаздар артықшылыққа ие болады;
- Бағдарламаға тапсыру және қатысу кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтығымен қоса Қазақстанда тұрғылықты тұратын үміткерлерден құжаттар қабылданады;
- Ағылшын тілін жақсы деңгейде білетін мұғалімдер. Құжаттарды тапсырған сәтте, TOEFL iBT тілдік тестілеу сертификаты қажет емес. Егер екінші кезең яғни онлайн сұхбаттан сәтті өткен жағдайда, үміткер TOEFL iBT тестілеуін тегін түрде тапсыруға мүмкіндік алады. Келесі кезеңге өту үшін үміткерлер кемінде 120 балдан 45 балл алу керек; Тестілеу барысындағы барлық шығындарды Қазақстандағы АҚШ Елшілігі өтейді:
- Бағдарламаның аяқталуынан кейін, мектепте жұмысын әрі қарай жалғастыруға ынталы үміткерлер артықшылыққа ие болады; және
- тек ағылшын тілінде толықтай толтырылған сауалнамалар қарастырылады.
«ФУЛБРАЙТ ТЕА» БАҒДАРЛАМАСЫ ТОЛЫҒЫМЕН АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫМЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛЫП, ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ШЫҒЫНДАРДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ:
- J-1 визасы бойынша қолдау;
- Туған қаладан қабылдаушы америкалық университет бағыты бойынша халықаралық билет;
- АҚШ-та оқу барысында қатысушылар тегін тұрып, күнделікті тамақ (күніне үш мезгіл) тамақтана алады;
- шәкіртақы және медициналық сақтандыру;
- Вашингтон, Колумбия округіндегі бағдарлама түлектеріне арналған семинарға қатысу;
- Кәсіби даму мен мәдени бағдарламарға қатысуға мүмкіндік алады.
Онлайн сауалнама https://fulbright.irex.org/ 2023 жылдың 3 наурыз күні Алматы уақыты бойынша кешкі сағат 18:00 дейін қабылданады.
Fulbright TEA бағдарламасы туралы қосымша ақпаратты осы сайттан оқи аласыздар: www.fulbrightteacherexchanges.org
Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, э-поштаға жазуларыңызды сұраймыз: PASKazakhstan@State.gov
Онлайн анкетаны толтыру бойынша нұсқауды, ISRF және LAF формаларын жүктеп, оқуыңызды сұраймыз.