Flag

An official website of the United States government

Фулбрайт педагогикалық шеберлікті және медиа сауаттылықты шыңдау бағдарламасы
5 Хаттаманы оқу
Қаңтар 20, 2022

«Фулбрайт педагогикалық шеберлікті және медиа сауаттылықты шыңдау» бағдарламасын АҚШ мемлекеттік департаментінің Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі бюросы қаржыландырады. 1946 жылы АҚШ-тың Арканзас штатының экс-сенаторы Джеймс Уильям Фулбрайт студенттерге, зерттеушілерге, ғалымдар мен мұғалімдерге білімдерін жетілдіруге, сонымен қатар АҚШ және басқа да мемлекеттер азаматтары арасындағы мәдени-академиялық байланысты нығайту мақсатында АҚШ мемлекеттік департаментімен қаржыландырылатын гранттар бағдарламасын ұсынады. «Фулбрайт» бағдарламасы 1946 жылдан бастап 390.000 астам «Фулбрайттықтарға» АҚШ-та оқуға мүмкіндік берді.

«Фулбрайт педагогикалық шеберлікті және медиа сауаттылықты шыңдау» бағдарламасына мұғалімдер кәсіби педагогикалық қызметі, академиялық дайындығы және көшбасшылық қабілеті негізінде таңдалады. Бағдарламаға қатысушыларға қатысты соңғы шешімді тәуелсіз әрі жоғары лауазымдағы кеңеспен тағайындалатын, барлық академиялық алмасу бағдарламаларын үйлестіретін «Фулбрайт шәкіртақылар кеңесі» қабылдайды.

Бағдарламаға қатысушылардың тәжірибесі және жетістіктерін анықтау үшін тәуелсіз іріктеу комиссиясы құрылады.

«Фулбрайт педагогикалық шеберлікті және медиа сауаттылықты шыңдау» бағдарламасы Шығыс Еуропа және Орталық Азия мемлекеттерінің шамамен 44 орта мектеп мұғалімдеріне алты апта ішінде АҚШ университетінде кәсіби жетілдіру бағдарламасын ұсынады. Халықаралық қатысушылар АҚШ-қа алты апталық кәсіби даму бағдарламасы бойынша оқуға 2023 жылдың қаңтары немесе қыркүйегінде барады.

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«Фулбрайт ТЕА» бағдарламасына таңдалған мұғалімдер:

  1. АҚШ-тың жоғарғы оқу орнында магистр деңгейіндегі арнайы жетілдірілген семинарларға қатысады;
  2. Америкалық орта мектебіндегі сабақтарды бақылап, америкалық әріптесімен тәжірибесімен алмасып, бірге сабақ өткізеді;
  3. Бағдарламаның басқа да қатысушыларымен АҚШ және Қазақстанның білім жүйесіндегі түрлі озық педагогикалық тәжірибе және әдістерімен алмасуға кәсіби-педагогикалық қауымдастықтың онлайн-платформасына белсенді қатысады; және
  4. АҚШ-та оқу барысында білім және мәдени шараларға қатысады.
  5. Бағдарламаның аяқталуынан кейін, мұғалімдер жұмыс атқаратын мектебіндегі оқушылар, әріптестер және кәсіби қауымдастықтармен өздерінің білімі мен тәжірибелерімен бөліседі.

АМЕРИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТТЕ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

Апталық семинарлар: Мұғалімдер АҚШ-тың жоғарғы оқу орнында шақыртылған білім саласындағы мамандар, оқытушылар және университет қызметкерлерімен өткізілетін апталық семинарларға, презентациялар мен талқылау кездесулеріне қатысады. «Фулбрайт TEA медиа сауаттылық» бағдарламасы алдыңғы қатарлы оқыту әдістемелері, оқышулардың қажеттіліктеріне сай сабақ жүргізу жүйесіне, сабақтарды дайындау және оқыту технологияларын қамтитын академиялық семинарлар өткізеді. «Фулбрайт ТЕА медиа сауаттылық» бағдарламасы қосымша академиялық семинарлармен қатар медиа сауаттылық, бір жақты пікірді, насихатты, стереотипті, жалған ақпаратты анықтауға, және оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын, аналитикалық және қарым-қатынастық дағдыларын жақсартуға арналған арнайы курстық тапсырмаларды орындайды; медиа сауаттылық азаматтық қоғамның дамуына қандай үлес қосатындығын, және бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлін, оқу барысында киберқауіпсіздік пен цифрлық азаматтықтың маңыздылығы жайлы өтеді. Медиа сауаттылық саласында тәжірибесі аз болғанмен, бағдарлама медиа сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ынталы және осы салада жалпы түсінігі бар мұғалімдерге арналған.

Америкалық мектептегі тағылымдама: Қатысушылар ағылшын тілі, әлеуметтік

ғылымдар, тарих, азаматтық ғылымдар, коммуникация, журналистика, математика, немесе ғылыми пәндер бойынша сабақ беретін америкалық ұстазбен бірге америкалық мектеп ортасын іс жүзінде танып-білу үшін кемінде 40 сағаттық мектептегі тағылымдамадан өтеді. Бағдарлама барысында барлық қатысушыларға мәдени таныстыру, тәлімгерлік пен қолдау көрсетіледі.

Кәсіби білім алуға арналған онлайн қауымдастық: Әрбір мұғалім басқа мемлкеттерден келген әріптестерімен бірге білім және көшбасшылық саласындағы қарым-қатынасты дамыту және алдыңғы қатарлы тәжірибемен алмасу үшін онлайн қауымдастық шараларына қатысады.

Үміткерлерге кеңес: Білім орталықтары, консультанттар және бағдарлама түлектерінен эссені жазу үшін көмек сұрамауыңызды өтінеміз. Әрбір сауалнама мұқият іріктеуден өтеді. Академиялық адалдықты бұзған, сауалнаманы толтыру және эссені жазу үшін көмек алған үміткерлер анықталғаннан кейін, сол сәттен бастап іріктеуден шектетіліп, болашақта басқа да АҚШ Мемлекеттік департаменті бағдарламаларына құжаттары қарастырылмайды. Егер де сіз эссені «Фулбрайт медиа сауаттылық» бағдарламасына үміткердің өзі жазбағаны туралы білсеңіз, осы э-поштаға жазуыңызды сұраймыз Nur-SultanInfo@state.gov.

БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН МЕРЗІМДЕРІ

  • 2022 жылдың 19 ақпаны Алматы уақыты бойынша кешкі сағат 18:00 дейін құжаттар бағдарламаға онлайн түрде қабылданады.
  • 2022 жылдың сәуірінде жартылай финалистер онлайн сұхбатқа шақырылады және сұхбаттан сәтті өткен жағдайда TOEFL iBT тестін тегін түрде тапсыруға жолдама алады.
  • 2022 жылдың тамызында бағдарлама жеңімпаздары анықталады.
  • 2022 жылдың қараша-желтоқсан айларында көктемгі семестрге жолдама алған жеңімпаздар АҚШ-қа сапарға арналған дайындық кездесуіне қатысып, 2023 жылдың қаңтары мен наурыз аралығында АҚШ-қа алты-апталық оқуға барады.
  • 2023 жылдың маусым-шілде айларында күзгі семестрге жолдама алған жеңімпаздар АҚШ-қа сапарға арналған дайындық кездесуіне қатысып, 2023 жылдың қыркүйек пен қазан аралығында АҚШ-қа алты-апталық оқуға барады.

БАЙҚАУҒА КЕЛЕСІ ТАЛАПТАРҒА САЙ ҮМІТКЕРЛЕР ӨТІНІМ ТАПСЫРА АЛАДЫ:

  • Жергілікті балалардың басым бөлігі оқитын мектептерде ағылшын тілі, қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, әлеуметтік пәндер, азаматтық құқық ғылымы, тарих, жаһандық мәселелер, медиа, коммуникация, және журналистика пәндері, құқық, математика, жаратылыстану-ғылыми пәндер, және басқа да мәндес пәндер бойынша штаттық режимде жұмыс атқаратын мұғалімдер;
  •  «Орта мектеп мұғалімдері» ұғымына 12-18 жастағы оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер кіреді. Бастауыш сыныптарға сабақ беретін мұғалімдер, өзінің 50% уақытын орта және жоғарғы сыныптарға сабақ берген жағдайда ғана, бағдарламаға қатыса алады.
  • Мектеп қабырғасында және білім саласында өзінің көшбасшылық қабілетін көрсете алған ұстаздар артықшылыққа ие болады;
  • Медиа сауаттылық және сыни тұрғыдан ойлау саласында тәжірибесі бар және осы салаға қызығушылығын дәлелдей алған үміткерлер бағдарламаға тапсыра алады;
  • Бакалавр дипломының болуы немесе бакалавр деңгейінің эквиваленті;
  • Бағдарламаның басталуына орай, кемінде штаттық режимдегі үш жылдық орта мектептегі тәжірибесі бар ұстаздар. Орта мектепте толығымен бес жыл тәжірибесі бар ұстаздар артықшылыққа ие болады;
  • Бағдарламаға тапсыру және қатысу кезеңінде Қазақстан Республикасының азаматтығымен қоса Қазақстанда тұрғылықты тұратын үміткерлерден құжаттар қабылданады;
  • Ағылшын тілін жақсы деңгейде білетін мұғалімдер. Құжаттарды тапсырған сәтте, TOEFL iBT тілдік тестілеу сертификаты қажет емес. Егер екінші кезең яғни онлайн сұхбаттан сәтті өткен жағдайда, үміткер TOEFL iBT тестілеуін тегін түрде тапсыруға мүмкіндік алады. Келесі кезеңге өту үшін үміткерлер кемінде 120 балдан 61 балл алу керек; Тестілеу барысындағы барлық шығындарды Қазақстандағы АҚШ Елшілігі өтейді:
  • Бағдарламаның аяқталуынан кейін, мектепте жұмысын әрі қарай жалғастыруға ынталы үміткерлер артықшылыққа ие болады; және
  • тек ағылшын тілінде толықтай толтырылған сауалнамалар қарастырылады.

«ФУЛБРАЙТ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ ЖӘНЕ МЕДИА САУАТТЫЛЫҚТЫ ШЫҢДАУ» БАҒДАРЛАМАСЫНА КЕЛЕСІ АЗАМАТТАРДАН ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ:

  • АҚШ азаматтарынан және АҚШ-та тұрғылықты тұрғын мәртебесі бар азаматтардан;
  • АҚШ-та және шетелде оның алдында оқыған үміткерлерден құжаттар қабылданбайды;
  • Мемлекеттік мекемелердегі әдіскер, мектеп қызметкерлері, кемінде 50% уақытын мектепте штаттық режимде қызмет атқармайтын, тіл үйрету орталықтарындағы репетиторлары; штаттан тыс мектептегі оқытушы-жаттықтырушылар, жоғарғы оқу орнындағы оқытушылар, және қазақстандық мектептерде жұмыс істейтін шетелдік мұғалімдер бағдарламаға құжат тапсыра алмайды;
  • Жергілікті АҚШ Елшілігінің, Бас Консулдығының, USAID қызметкерлерінен;
  • АҚШ Мемлекеттік департаменті және USAID ұйымының қызметкерлерінің жақын туысқандары мен отбасы мүшелерінен;
  • IREX ұйымының қызметкерлері мен жақын туысқандары; отбасы мүшелерінен.

«ФУЛБРАЙТ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ ШЫҢДАУ ЖӘНЕ МЕДИА САУАТТЫЛЫҚ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТОЛЫҒЫМЕН АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫМЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛЫП, ТӨМЕНДЕГІДЕЙ ШЫҒЫНДАРДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ:

  • J-1 визасы бойынша қолдау;
  • Туған қаладан қабылдаушы америкалық университет бағыты бойынша халықаралық билет;
  • АҚШ-та оқу барысында қатысушылар тегін тұрып, күнделікті тамақ (күніне үш мезгіл) тамақтана алады;
  • шәкіртақы және медициналық сақтандыру;
  • Вашингтон, Колумбия округіндегі бағдарлама түлектеріне арналған семинарға қатысу;
  • Кәсіби даму мен мәдени бағдарламарға қатысуға мүмкіндік алады.

Онлайн сауалнама https://fulbright.irex.org/ 2022 жылдың 19 ақпаны Алматы уақыты бойынша кешкі сағат 18:00 дейін қабылданады.

Fulbright TEA Media Literacy бағдарламасы туралы қосымша ақпаратты осы сайттан оқи аласыздар:  www.fulbrightteacherexchanges.org

Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, э-поштаға жазуларыңызды сұраймыз: SmithSE2@State.gov