АҚШ-тың Қазақстандағы өкілдігі иммигранттық емес визаға өтініш берушілердің консулдық төлемді төлеп, сұхбат күнінің белгіленуін тағатсыздана күтіп отырғанын хабардар. Барлық жоспардағы визалық қызмет көрсетуді 2020 жылдың 2- желтоқсанынан қайта бастадық. АҚШ өкілдігі 2020 жылдың 19-наурызында жарамды болған немесе 2020 жылдың 19-наурызы мен 2020 жылдың 2-желтоқсан аралығында төленген иммигранттық емес виза түбіртектерінің (MRV алымы) қолданылу мерзімін 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартты. Бұл шара консулдық операцияларды уақытша тоқтату кесірінен иммигранттық емес виза бойынша сұхбатқа жазыла алмаған өтініш берушілерге қосымша төлемсіз сұхбатқа жазылуға мүмкіндік береді. 2020 жылдың 2-желтоқсанында немесе одан кейін төленген төлем тура бір жылға жарамды.
Иммигранттық визалар: Алматыдағы Бас консулдық барлық визалық санаттар үшін иммигранттық визаларды қарастырады.
Иммигранттық визаға өтініш берушілердің сұхбаттасу күнін Ұлттық визалық орталық (NVC) пен Кентукки консулдық орталығы (KCC) белгілейді. АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы NVC-ден істері келген K визасына өтініш берушілерімен хабарласып, сұхбат уақытын қалай белгілеу керектігі жайында нұсқаулықтар жібереді.
Сонымен қатар Елшілік пен Бас консулдық АҚШ-тың тұрақты тұрғындарынан ұшаққа отырғызуға рұқсат қағаздарына және АҚШ-қа қайта оралушылардан өтініштерді қабылдайды. Бұл қызметтерге USAKZ@state.gov электронды поштасы арқылы жазылуға болады.
Әр түрлі ұлттарға арналған DV-2021 визасына өтініш берушілер: 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін виза берілмеген DV-2021 бағдарламасының өтініш берушілерімен сұхбат болмайды және олардың істері қаралмайды, өйткені бұл өтініш берушілердің тек 2021 қаржы жылының аяғына дейін виза ала алатын мүмкіндігі болды. Бұл мерзім 2021 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталды.
Иммигранттық емес визалар: АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы Елшілігі мен Алматыдағы Бас консулдығында барлық санаттағы иммигранттық емес визаларға өтініштер қабылдайды.
Виза мерзімін сұхбатсыз ұзарту: АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы Елшілігі мен Алматыдағы Бас консулдық белгілі санаттардағы визаларды, соның ішінде B1/B2 визаларын, сұхбатсыз жаңарту талаптарына сәйкес келетін үміткерлерден өтініштер қабылдайды. 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін қазіргі уақытта қолданыстағы визасы бар немесе визасының мерзімі соңғы 48 ай ішінде аяқталған адамдар сұхбатсыз виза алу туралы өтініш бере алады. Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемені басыңыз.
АҚШ Елшілігі және Бас Консулдығы істерді мүмкіндігінше қысқа мерзімде шешуге тырысады, алайда істердің көптігіне байланысты қызметтерді алудың күту уақыты ұзақ болуы мүмкін. Қазақстан азаматтары мен тұрақты тұрғындары үшін иммигранттық емес визаны алудың күту уақыты туралы ақпаратты осы сілтемеден көре аласыз. Маңызды ақпарат: Қазақстан азаматтары мен тұрақты тұрғындарына басым визалық қызмет көрсету мақсатында, резидент емес өтініш білдірушілерге шектеулі орындар бөлінген. Travel.state.gov сайтында көрсетілген визаға жазылудың күту уақыты резидент еместерге арналмаған. Қазақстан азаматы немесе резиденті емес адамдардың визаға жазылу уақыты едәуір ұзағырақ. Өтініш берушілерге MRV ақысы қайтарылмайтынын, басқа мемлекетке аударым арқылы жіберілмейтінін және олар төленген күннен бастап бір жылға ғана жарамды екенін ескертеміз. Егер сіз төлемді төлегеннен кейін бір жыл ішінде сұхбатқа жазыла алмасаңыз, сіздің төлеміңіз жарамсыз болып саналады, яғни сіз сұхбатқа жазыла алмайсыз. Төлемді қайта төлеп, процесті жаңадан бастауыңыз керек.