4 қазаннан бастап Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 14:00 -GMT +6, АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) «Өңірлік ынтымақтастықты кеңейту арқылы пандемиядан кейін қалыпқа келу» тақырыбында жыл сайынғы 11-ші Орталық Азия сауда форумын онлайн өткізеді. Виртуалды форум 2021 жылдың 8 қазанында аяқталады.
Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің миссиясы басшысының орынбасары Джуди Куо ханым АҚШ пен Орталық Азия ынтымақтастығының 30 жылдығына арнап, форумды ашады. Іс-шарада 80 шабыт беретін спикерлердің болады, олардың ішінде: Орталық Азиядағы GIZ аймақтық жобаларының кластерлік үйлестірушісі Торстен Брецина, «KAZFOAM» Органикалық ауыл шаруашылығы үшін қозғалысының Қазақстан федерациясының төрағасы Евгений Климов, Viziolg Asia Limited компаниясының директоры Вики Ку, Гонконг, Макао Ғылым және Технология Университетінің адъюнкт-профессоры, Дүниежүзілік Банктің Орталық Азия өңірі бойынша аймақтық директоры Татьяна Проскурякова, ITC зерттеу және экспорт стратегиясы бөлімінің басшысы Барбара Оливейра Рамос, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Садвакасов.
Форум Zoom платформасында синхронды аудармамен ағылшын және орыс тілдерінде өтеді. Сонымен қатар форум YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Тіркелу және форумға шақыру алу үшін https://catradeforum.org/ вебсайтында электронды тіркеуден өтіңіз.
Форумда жоспарланған он сессия мен екі дөңгелек үстел бойынша ақпарат төменде көрсетілген:
1 күн – 4 қазан 2021 жыл
14:00-14:30: Форумның ресми ашылуы
14:30-16:00, 1 сессия: COVID-19 пандемиясынан кейінгі сауда тенденциялары
16:00-17:30: Ковидтен кейінгі Орталық Азиядағы кәсіпкерлікті қолдаудың экожүйесі бойынша дөңгелек үстел
Қатар өтетін ISO тренингі: басқару жүйесіндегі ойлауды өзгерту: бизнестің тұрақты дамуы үшін 2021 жылға арналған ISO стандарттары мен тәжірибелері.
2 күн – 5 қазан 2021 жыл
09:00-10:30: Нұр-Сұлтан уақытымен GMT + 06:00
10:00-11:30, 2-сессия: COVID-19 жағдайында туризм индустриясын қалпына келтіру
15:00-16:30, 3-сессия: Орталық Азия елдеріндегі сауда және транзит; мәселелер және цифрлық шешімдер
17:00-18:30: Халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел: көлік паркін жаңарту
3 күн – 6 қазан 2021 жыл
10:00-11:30, 4-сессия: Орталық Азиядағы су қауіпсіздігі
12:00-13:30, 5-сессия: Электр энергиясындағы сауда және Орталық Азиядағы жаңартылатын энергияға инвестициялық мүмкіндіктер
15:00-16:30, 6-сессия: Цифрлық болашақ – Көлік және логистика
4 күн – 7 қазан 2021 жыл
10:00-11:30, 7-сессия: Азиядағы аймақтық әрекеттестік
15:00-17:00, 8-сессия: Электрондық коммерция және соңғы миль мәселесі
5 күн – 8 қазан 2021 жыл
10:00-11:30, 9-сессия: Тұрақты сауда: Бәсекеге қабілетті жеміс-көкөніс секторын дамыту
15:00-16:30, 10-сессия: COVID-19 пандемиясынан кейінгі кезендегі әйелдер мен жастар
16:30-17:00: Форумның ресми жабылуы
Соңғы онжылдықта Орталық Азияд сауда форумы арқылы USAID аймақтағы тұрақты экономикалық өсуді ынталандыру мен жеделдету үшін аймақтық ынтымақтастықты арттыруды жақтады. Форум экономикалық өркендеуді және сауданы шектейтін мәселелерді анықтау, идеялар мен шешімдер алмасу, іскерлік қарым -қатынас орнату және бизнес жүргізу үшін 30-дан астам елден 10 000-нан астам қатысушыларды жинады. Жыл сайынғы 11-ші Орталық Азия сауда форумның шеңберінде USAID кәсіпорындар мен өнеркәсіптік компаниялардың жетекшілерін, мемлекеттік қызметкерлер мен саясаткерлер, сонымен қатар аймақтың және басқа елдердің сарапшыларын аймақтағы қалпына келтіру мен экономикалық тұрақтылыққа жету мүмкіндіктерін талқылау үшін басын қосады.
Биыл Форум АҚШ-тың Орталық Азияның бес республикасымен ынтымақтастығының 30 жылдық мерейтойына тура келді. Бұл кезең шеңберінде Америка Құрама Штаттары бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, демократиялық реформаларға, экономикалық өсуге және гуманитарлық қажеттіліктерге 9 миллиард доллардан астам тікелей қолдау көрсетті. Осындай екіжақты қарым-қатынастар мен аймақтық ынтымақтастық стратегиясының арқасында аймақтағы елдер бәсекеге қабілетті болып, әртараптандырылған экономиканың дамуына септігін тигізді және бүкіл аймақтық әл-ауқатты арттырды.
###
USAID – халықаралық дамудың жетекші әлемдік агенттігі және даму нәтижелерін анықтайтын каталитикалық фактор болып саналады. Қосымша ақпарат алу үшін Орталық Азия бойынша USAID веб-сайтына: https://www.usaid.gov/central-asia-regional және Facebook парақшасына кіріңіз: https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia.