Flag

An official website of the United States government

Гомофобия, Бифобия және Трансфобияға қарсы Халықаралық күнін атап өтуге арналған бірлескен мәлімдеме
2 Хаттаманы оқу
Мамыр 17, 2022

Біз Халықаралық гомофобияға, бифобияға және трансфобияға қарсы күнді (IDAHOBiT) әлемдегі әртүрлілік, инклюзия және толеранттық мерекесі ретінде мақтанышпен атап өтеміз.

Бүгін біз өмір сүріп, жақсы көріп, жұмыс істеу үшін сырт көзден таса жүруге мәжбүр жандарға, сондай-ақ төзімсіздік, таптаурын, дискриминация мен түсінбеушілікке тап болған жандарға деген бұлжымас қолдауымызды көрсетеміз. Біз адамдар мен қауымдастықтарды жыныстық ориентациясы, гендерлік тиесілілік немесе таңдауы және жыныстық сипатына бола үнсіздікке мәжбүр ету немесе дискриминациялау әрекеттерін қатаң сынаймыз. Кез келген адам, оның ішінде лесби, гей, трансгендер, интержыныс адамдар (LGBTI+) және басқа да азшылық өкілдері қоғамға толыққанды, басқамен тең, белсенді түрде қатысып, қауіпсіз ортада өмір кеше алуы керек.

Биылғы жылдың тақырыбы “Біздің дене, Біздің өмір, Біздің құқық” LGBTI+ адамдардың кез келген адамға тиесілі бостандықтарға, құрметке және қорғанысқа лайық екенін растайды. Біз жыныстық ориентация, гендерлік тиесілілік немесе таңдау және жыныстық сипатына байланыссыз кез келген адам абырой мен теңдікке ие екенін растап, бүкіл әлем азаматтарына тілектестігімізді білдіреміз.

Біз Қазақстан үкіметі мен бүкіл әлем елдерінің үкіметтерін әрбір азаматының құқығын қорғауға шақырамыз. Біріккен ұлттар ұйымының Адам құқықтарының әмбебап декларациясы бекіткендей, кез келген адам бұл өмірге еркін және тең құқық пен абыройға ие болып келеді. Инклюзия мен әртүрлілікті насихаттайтын, барлық азаматтары зорлық-зомбылық пен дискриминация үрейінсіз өмір сүретін елдер одан әрі көркейіп, бейбіт және қауіпсіз ел бола алады. Бұл әмбебап құқықтар мен көзқарас сондай-ақ Қазақстанның жаңа реформа жүргізуге деген міндеттемесі мен ұмтылысына да сай келеді.