Flag

An official website of the United States government

Бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға арналған Шағын гранттар бағдарламасы
2 Хаттаманы оқу
Сәуір 19, 2021

Бағдарлама кеңсесі: Қоғаммен байланыс бөлімі, Нұр-Сұлтан қаласындағы АҚШ Елшілігі
Қаржыландыру мүмкіндігінің атауы: Бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға арналған Шағын гранттар бағдарламасы
Хабарлама түрі: Грант немесе Ынтымақтастық туралы келісім
Қаржыландыру мүмкіндігінің нөмірі: DOS-KAZ-NS-AEECA-21-006
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 20 Мамыр, 2021 ж., 18:00 дейін ұсынылуы қажет (Нұр-Сұлтан уақытымен)
CFDA нөмірі: 19.900 – Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға көмек
Жоғарғы грант сомасы: $40,000
Төменгі грант сомасы: $10,000
Жобаны орындау мерзімі: 12 айға дейін
Болжауланған бағдарламаның басталу күні: 15 Маусым, 2021 ж.

Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасы екіжақты және аймақтық мәселелердің кең ауқымы бойынша, соның ішінде Қазақстанның журналистиканың кәсіби деңгейін арттыру және қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін күшейту жөніндегі ниеттеріне қолдау көрсетеді.

АҚШ Елшілігі журналистиканың кәсіби стандарттарын ілгерілету, жаңалықтарды жинау немесе тарату бойынша инновациялық тәсілдерді енгізу және өзара пікір алмасудың дамуын қолдау арқылы Қазақстандық БАҚ нарығының деңгейін көтеруге бағытталған гранттарға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Ұсыныстар келесі тақырыптардың біріне бағытталуы керек:

Тақырып 1: Ақпаратты жинау немесе таратудағы инновациялық тәсілдер (әсіресе жастар арасында).
Тақырып 2: Кәсіби журналистиканың нормативтерін насихаттау, атап айтқанда фактілерді тексеру, ақпаратты растау және фактілік есеп беру.
Тақырып 3:Табыстың баламалы көздерін қоса алғанда, түрлі бизнес модельдер мен аудиторияны өсіру әдістерін үйрету арқылы Қазақстандағы БАҚ-тың қаржылық тұрақтылығын қолдау.
Тақырып 4: Сапалы есеп беру, этикалық және объективті журналистиканы дамыту мақсатында өзара тәжірибе алмасуды және мамандар желілерін қолдау.
Тақырып 5: Медиа-мазмұнды тұтыну тенденцияларын талдау, Қазақстандағы дезинформация/ мисинформация және қате түсініктер.

Барлық тақырыптар бойынша нақты, өлшенетін нәтиже беретін жобаларға басымдық берілетін болады.

Толық ақпарат пен өтініш формаларын келесі сілтеме арқылы алуға болады: DOS-KAZ-NS-AEECA-21-006