АҚШ Қорғаныс департаментінің (министрлігінің) Қауіп-қатерді азайту агенттігі (DTRA) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен биологиялық қауіпсіздік және биоқорғаныс саласындағы мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін ынтымақтаса жұмыс істейді.
2022 жылдың 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Астана және Алматы қалаларында DTRA мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Биологиялық қауіптерді азайту бағдарламасының (BTRP) өкілдері қазіргі бірлескен ынтымақтастық шеңберінде биоқауіпсіздік және биоқорғаныс жүйелерін жетілдіру жөнінде мүдделі тараптармен алдағы уақыттағы мәселелерді талқылады.
DTRA мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Биологиялық қауіпсіздікті зерттеу институтында орналасқан Орталық референттік зертхана мен зертханаларды қолдау бойынша жаңа жобаны іске қосты. Жобаның мақсаты – персоналдың біліктілігін арттыру және биоқауіпсіздік және зертханалардың инженерлік жүйелеріне қызмет көрсету саласындағы тәжірибені беру арқылы Қазақстандағы Орталық зертхана және RIBSP зертханаларының қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету.
DTRA мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі зертханалық жабдықтарды сатып алудың сенімді тетіктерін құру және биоқауіпсіздік бойынша ұзақ мерзімді оқыту бағдарламаларын енгізу бойынша ынтымақтастықты жалғастырады. Осы күш-жігер арқылы DTRA ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қауіпсіз және сенімді зертханалық процедураларды енгізу арқылы биологиялық қауіптерді азайту бойынша қазақстандық мамандардың жұмыс істеу қабілетін арттыруға көмектеседі.
Қазақстан Республикасы мен DTRA арасындағы ынтымақтастық туралы, сондай-ақ аймақта жүзеге асырылып жатқан басқа жобалар туралы қосымша ақпарат алу үшін www.dtra.mil сайтынан таба аласыз.