Flag

An official website of the United States government

Жыл сайынғы бесінші Go Viral өңірлік фестивалі бүгін бастау алды
7 Хаттаманы оқу
Маусым 11, 2021

2021 жылдың 11 маусымында Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер және Алматыдағы АҚШ бас консулы Эрик Майер  бесінші Go Viral 2021 инновациялық идеялардың өңірлік фестивалін  ашты. Ұйымдастырушылар Орталық Азияның бес республикасы, АҚШ,  Голландия, Қытай, Украина, Франция, Италия, Швейцария, Колумбия, БАӘ, Ресей, Германия, Оңтүстік Корея және т.б. секілді 18 елден келген 2378 қатысушыны қарсы алды. Биылғы жылы 50 астам спикер презентацияларын, перфоманстарын, фильмдерін және воркшоптарын онлайн және офлайн аралас форматта көрсететін болады. 11-нен 20 маусымға дейін тіркелген қатысушылар Алматыдағы (Hide Park), сондай-ақ Душанбедегі, Ташкенттегі және Бішкектегі Go Viral 2021-ге қатысады.

«Барлықтарыңызды Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігінің 30 жылдығымен және Go Viral фестивалінің бесжылдық мерейтойымен құттықтау мен үшін үлкен мәртебе. Екіжақты серіктестіктің және әріптестіктің 30 жылында біз көп жетістікке жеттік.  Пандемия – біз жұмыла жұмыс істегенде мықты болатынымыздың дәлелі. Бізге жергілікті ғана емес, сондай-ақ өңірлік және жаһандық деңгейдегі ортақ мәселелердің жауаптарын табу үшін жас, белсенді адамдар мен креативті идеялар керек. Мен Go Viral 2021 фестивалі журналистерді, кәсіпкерлерді,  режиссерлер мен музыканттарды  нетворкингті нығайту және ортақ мәселелерді тиімді шешу үшін әлеуметтік желілер мен технологияларды пайдалануға шабыттандырады деп үміттенемін», – деді  Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер. 

Go Viral 2021 – (бей)таныс Орталық Азия тақырыбының негізінде жатқан идея, аймақты өзіңе және бүкіл әлемге әртүрлі көзқарастан және ракурстан жаңаша ашуға мүмкіндік беру болып табылады. Биылғы жылы Go Viral көптеген деректі фильмдерді, АҚШ пен Орталық Азия елдерінің арасындағы музыкалық әріптестікті, технологиялардағы әйелдер туралы, денсаулық сақтаудағы технологиялар туралы, Орталық Азия стартаптардың жаңа жаһандық нарыққа қалай шығып келе жатқандығы туралы жинақтама пікірсайыстарды көрсетеді, сондай-ақ 1991 жылдан бері туған Орталық Азияның келешек көшбасшыларымен жинақтама пікірсайыс жүргізеді. Негізгі баяндамалар құқыққорғаушы және ғылыми журналистикаға, деректер журналистикасына қатысты болады, сонымен қатар экологияны қорғау, климаттың өзгеруі, әйелдерге білім беру және мүмкіндіктері мен құқықтарын кеңейту сияқты біздің аймақтағы маңызды мәселелер туралы сөз қозғалады.  Фестивальде квесттер, викториналар, байқаулар және көптеген басқа сайыстар өтеді.

Go Viral 2021 спикерлері өз-өзіңе қайта мән берудің жаңа тәсілдерін ұсынады,  инвестицияларды қалай орынды құюға болатыны туралы айтады және мәдениеттер арасындағы келіссөздердің үздік стратегияларының құпиясымен бөліседі.  Chevron Kazakhstan қолдауымен өткізілетін StartUp Go 2021 питчинг-сессиясы Орталық Азияның 10 үздік стартапын көрсетеді, олар әлеуметтік аспектісі бар бизнес жобаларды бастау үшін 6 000 АҚШ доллары жүлдесіне бақ таластыратын болады. Жобаға бүкіл Орталық Азиядан барлығы 56 стартап өтінім берген. Қазақстанның, Қырғызстанның, Тәжікстанның және Өзбекстанның 10 финалисті  Astana Hub-тан арнайы  тренинг алады. Ол өз кезегінде финалға қатысушылардың жобасын  питчинг-сессияның алдында күшейтуге көмектеседі. Стартапшылардың жобалары білім беруге, денсаулық сақтауға, жастарға арналған қаржыға, ауаның ластануына,  копирайтингке және жеткізілімге жұмылдырылған.

Биылғы жылғы бірқатар белгілі спикерлер мен тақырыптар:

Бизнес:

  • Крис Бюрри (Chris Burry, АҚШ«Кремний алқабын ғаламдық нарыққа шығу үшін қалай пайдалануға болатыны» туралы айтып береді.
  • Rational Games, Inc. компаниясынан Марк Янгтың (Mark Young, АҚШ / Германия) воркшопында қатысушылар «Келіссөздерді қызықты етудің» жолдарын біледі. 
  • Әзірбайжан Көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрлігінің өкілі Рашад Байрамов таңғажайып презентация жасаудың бес құпиясымен бөліседі.

Медиа: 

    • Эд Каши (Ed Kashi) мен оның әріптесі Джули Винокур (Julie Winokur) бағдарламалық баяндама жасаудың көмегімен бүкіл әлемде құқыққорғаушы журналистиканы түсіндіретін болады. Өздерінің  «Гиперлокальды баяндауында» олар қысқаметражды деректі фильмдерді түсірген кезде тамаша оқиғаларды қалай жалғыз жасауға болатынын әңгіме етеді.
  • Юю Жудың (Youyou Zhou) деректер және визуализация бойынша журналисткасы «Дата-журналистиканың көмегімен COVID-19 пандемиясын түсіндіру» туралы айтып береді.
  • Айғаныш Айдарбекова журналистердің деректерді қалай тексеріп, ашық дереккөздер арқылы қалай тергеу жүргізетіні туралы баяндайды .
  • Binocle Media студиясының Орталық Азиядағы білім беру туралы «Учитель» (Ұстаз) фильмінің премьерасыҚанат Бейсекеев және Қайрат Нұрмағамбетов. Көрсетілім және талқылау Hide Park-те өтеді.
  • Фарход Калонов – «Әлемді влогтаған Тәжікстан жігіті». 

Технологиялар: 

  • Ренат Әлімбековпен оффлайн пікірсайыс – «Денсаулық сақтаудағы технологиялар». 
  • Президент сайлауындағы деректер туралы ғылым (Data Science) және саясаттағы әлеуметтік желілердің ролі.
  • Facebook-ты машинамен оқыту жөніндегі практик, WhatsApp деректері құпиялылығының басшысы, сондай-ақ  Яндексте, Alibaba және X5 Retail Group жұмыс істеген Валерий Бабушкин деректерді өңдеу мамандарына неліктен сұраныс жоғары екенін айтады. Сондай-ақ басқа да көптеген тақырыптар мен спикерлер.

Мәдениет:

  • 18 маусымдағы Go Viral 2021 бағдарламасына Орталық Азиядағы АҚШ дипломатиялық өкілдігінің «48-сағаттық киножарыс: Big Day!» жобасының бағдарламасы біріктірілген. .
  • Саодат Исмаилованың «Қырық қыз» театралдандырылған көрінісі (онлайн).
  • 16 маусымда Walking Almaty алматылықтарды Bloomsday халықаралық қозғалысын қолдау үшін Almatian Navigation қалалық квесті кезінде Алматыны өздеріне тағы бір мәрте ашуға шақырады.
  • Голливудтық дыбыс режиссурасының ардагері Мидж Костинмен (Midge Costin, АҚШ) «Медиадағы дыбыстың күшін ашыңыздар» воркшопы және «Толқындар бойымен: Кинодағы дыбыс өнері»  атты деректі фильмінің көрсетілімі.
  • Фестивальдің соңғы күнінде АҚШ-тың SubRadio музыкалық тобы өнер көрсетеді (онлайн). Сондай-ақ АҚШ, Қазақстан мен Қырғызстанның жергілікті музыканттарымен музыкалық коллаборациясы көрсетіледі. 
  • Орталық Азия мен АҚШ-тың бірқатар режиссерларымен кинопікірсайыс өтеді: Қуаныш Бейсеков (Қазақстан), Әділхан Ержанов (Қазақстан), Мидж Костин (АҚШ), Қанат Бейсекеев (Қазақстан), Аниса Сабири (Тәжікстан), Истеъдод Усманов (Өзбекстан).

Фестивальдің кестесімен goviral.kz сайтында танысып, оған тегін қатысуға тіркелуге болады. Сонымен қатар ақпарат 11 маусымнан бастап Go Viral  жаңа мобильді қосымшада ашық болады. 

Толығырақ білу үшін Instagram, Facebook, Telegram және YouTube әлеуметтік желілеріндегі Go Viral аккаунттарына жазылыңыздар.

Кейбір воркшоптарға орындардың саны шектеулі екенін назардан тыс қалдырмауларыңызды өтінеміз.

Go Viral 2021 басталғаны туралы визуалды материалдарды, фотосуреттер мен бейнежазбаларды осы жерден жүктеп алуға болады.

Хэштэгтер: #GoViralCA2021 #GoviralCA

Go Viral 2021 фестивалінің баспасөз орталығы:

Далида Накупова, тел.: +7 701 222 2850; dalida.pr@gmail.commedia@goviral.kz