Flag

An official website of the United States government

USAID қаржыландыратын MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы журналистерді қолдау үшін адвокаттар қауымдастығын
2 Хаттаманы оқу
Маусым 18, 2021

18 маусым, Нұр-Сұлтан, Қазақстан – 2021 жылғы 6 сәуірден 18 маусымға дейін MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы аясында екінші рет Медиақұқық марафоны,  яғни Қазақстандағы заң факультеті студенттеріне арналған онлайн-дәрістер сериясы өтті. Дәрістер топтамасының мақсаты — елімізде медиақұқық мамандарының желісін құру. Тренингті Internews ұйымының байырғы серіктесі «Құқықтық медиа орталық» ұйымдастырды.

Қазақстанның түрлі қалаларынан 37 қатысушы ұлттық заңнамалар, халықаралық стандарттар және Интернет еркіндігі, диффамация төңірегіндегі даулар, авторлық құқық, медиада балалар құқығын қорғау, жеке мәліметтерді қорғау жөніндегі практикалық құралдар туралы білді.

MediaCAMP бағдарламасының медиақұқық жөніндегі аймақтық сарапшысы Ольга Диденко тренингте сөйлеген сөзінде: «Осы тренингіміз құқықтық ортаны жақсартуға және Қазақстанда халықаралық стандарттарды енгізуге көмектеседі» деп ойлайтынын айтты.

Заң факультетінің студенттері екі айға жалғасқан теориялық оқудан кейін медиақұқық, деректер қауіпсіздігі және балалар құқығы бойынша жеке жобаларын дайындады. Үш үздік жоба қаржылай және ментор қолдауға ие болды. Тәлімгерлік 2021 жылғы тамыз соңына дейін жалғасады.

###

“MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасын” АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландырып, Internews іске асырады. Бағдарлама Орталық Азияда теңдестірілген ақпараттық ортаны дамытуға бағытталған. Бұл жастар мен егде буынның идеялар алмасуға, түрлі пікірлер мен көзқарастарға ашықтығын дамытуға, мүмкіндігінше көп азаматты қоғам өміріне тартуға көмектеседі. USAID – жетекші халықаралық даму агенттігі әрі тұрақты дамуға қол жеткізудің катализаторы. USAID қызметі АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен экономикалық өркендеуін ілгерілетуге бағытталған, америкалықтардың жомарттығын көрсетеді, бенефициар-елдердің өзін-өзі қамтамасыз ету мен тұрақтылыққа жетуіне үлес қосады.

Орталық Азиядағы USAID туралы қосымша ақпарат: https://www.usaid.gov/central-asia-regional, “MediaCAMP – Орталық Азия бағдарламасы”:  https://kk.internews.kz/mediacamp-kaz/, Internews: https://internews.org/about-us, Қазақстандағы Internews өкілдігі  https://kk.internews.kz/