



18-19 сәуірде Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) аймақтық ынтымақтастықты тереңдету және толық жұмыс істейтін және тұрақты Орталық Азияның өңірлік электр нарығын (CAREM) құру бойынша жаңа бастамаларды талқылау мақсатында Орталық Азияның энергетика министрлерінің орынбасарларымен екі күндік кездесу өткізді.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрінің орынбасары Тілек Айталиев, Тәжікстан Энергетика және су ресурстары министрінің бірінші орынбасары Джамшед Шоимзода, Өзбекстан Энергетика министрлігінің халықаралық ынтымақтастық, инвестициялар және перспективалық даму басқармасының басшысы Джамола Хусанджанова, Орталық Азиядағы USAID өңірлік миссиясының директоры Лоуренс Харди, сондай-ақ донорлық ұйымдар мен халықаралық қаржы институттары – соның ішінде Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі және Ислам даму банкі– қатысты.
Кездесудің ашылуында сөйлеген сөзінде Лоуренс Харди : «USAID-тің Орталық Азияға көзқарасында аймақтағы барлық елдерде электр энергиясының бәсекеге қабілетті бағасы бар заманауи және ашық шарттар мен саясатқа негізделген тиімді, таза, өзара байланысты энергия жүйелері болуы керек. Бұл аймақтың болашағы, тұрақты экономикалық өсу және Орталық Азия елдерінің барлық азаматтарының әл-ауқаты үшін қажет» деп мәлімдеді.
2020 және 2021 жылдары виртуалды форматта өткізілген ұқсас кездесулерден кейін бұл кездесу USAID және Орталық Азия үкіметтері үшін бетпе-бет кездесіп, өңірлік электр нарығын дамыту бойынша келесі қадамдарды талқылаудың алғашқы мүмкіндігін білдіреді. Кездесу барысында USAID CAREM Жол картасы мен Іс-шаралар жоспарының жай-күйі мен жетістіктеріне егжей-тегжейлі шолу жасады, сондай-ақ CAREM нарығын енгізу мен жұмысын үйлестіру жөніндегі негізгі өңірлік институт болып табылатын Үкіметаралық кеңесті құру мәселесін талқылады. Дамыған өңірлік электр нарығы энергиямен жабдықтау сенімділік деңгейін жоғарылатады, аймақтың экономикалық өсуіне ықпал етеді және электр энергиясы саудасын арттырады. CAREM нарығы сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерінің саудасын арттыру арқылы Орталық Азия елдеріне шығарындылары аз, климатқа төзімді экономикаға көшуге көмектеседі.
###
USAID 2018 жылы Орталық Азиядағы өңірлік электр нарығын қалыптастыруға көмектесе бастады. Өңірлік электр энергиясы нарығы жалпы экономикалық және әлеуметтік даму мүдделері үшін мүмкіндігінше төмен тарифтер бойынша электр энергиясын жеткізуді қамтамасыз етуге арналған Орталық және Оңтүстік Азиядағы кеңейтілген электр энергиясы нарығының платформасы болады. USAID – әлемдегі маңдайалды халықаралық даму агенттігі және дамуға бастайтын негізгі қозғаушы күш. Көбірек ақпарат алу үшін USAID Орталық Азия вебсайты мен Фейсбук парақшасын қараңыз.