Flag

An official website of the United States government

Қазақстандағы туберкулез туралы хабардарлықты арттыруға арналған USAID байқауы
2 Хаттаманы оқу
Наурыз 25, 2022

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай бүгін Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінде (USAID) туберкулез мәселелері туралы жазған журналистер мен блогерлерді марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шара БАҚ-та туберкулез туралы кең жариялау және халыққа туберкулез туралы маңызды ақпаратты таратуды көздеген байқауды қорытындылады. 2022 жылдың қаңтар айынан басталған байқауға 10 жұмыстың авторы қатысты. USAID өкілдері үш жүлделі орын иелерін марапаттады.

1 орын: Мөлдір Асатова, фрилансер режиссер. Бейнеролик: «Туберкулез – диагностикасы және емі»

2 орын: Арайлым Жолдасбаева, «Асыл Арна» тележүргізуші. Бейнесюжет: «Туберкулез – әлемдік қауіп»

3-орын: Кристина Ковардакова, «Хабар 24» телеарнасының журналисті. «Құлады…Қайта тұрды» мақаласы.

Жеңімпаздарды Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарлама, ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу жөніндегі Жаһандық Қор және USAID-тің Орталық Азиядағы туберкулезді жою жобасының өкілдері кірген қазылар алқасы таңдады.

USAID өңірлік миссиясының директоры Лоуренс Харди мырза өзінің кіріспе сөзінде: «Қазақстанда туберкулезбен тиімді күресу ең алдымен түрлі сектор, соның ішінде денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет және БАҚ өкілдері арасындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты қажет етеді. USAID туберкулез туралы халықтың хабардар болуын арттыру үшін денсаулық сақтау саласындағы жалған, жаңсақ ақпаратпен күресуге инвестиция салуда. Бұқаралық ақпарат құралдарына инвестиция салу арқылы біз етектен алған басқа індетке – денсаулық сақтау жүйесінің маңызды жұмысына кедергі келтіретін жалған ақпарат індетіне қарсы тұрамыз. Журналистердің дұрыс жұмысы халықтың саналы шешім қабылдауына және қоғамды сенімді медициналық ақпаратпен қамтамасыз етуге көмектеседі»,-деп мәлімдеді.

2022 жылғы Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнінің ұраны: «Туберкулезбен күреске инвестиция салыңыз. Өмірге араша болыңыз». USAID туберкулезбен байланысты ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға инвестиция салу арқылы туберкулез туралы қоғамның хабардар болуын күшейтуді, туберкулез науқастарына қатысты стигма мен кемсітушілікті азайтуды, шешім қабылдаушы құзіңретке ие тұлғалар  мен қоғапмдық пікір көшбасшыларының назарын туберкулез мәселелеріне аударуды және туберкулезге қарсы қызмет көрсетудегі кедергілерді жоюды көздейді.

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні қарсаңында USAID-тің Орталық Азиядағы туберкулезді жою жобасы 100 күндік хабардар ету науқанын бастады. Оның аясында туберкулез мәселесіне БАҚ-ты тарту, БАҚ өкілдерін оқыту, туберкулез проблемасын жариялаған блогерлер мен журналистерді ынталандыру және туберкулезге қарсы медиа-нұсқаулық әзірлеу бойынша бірқатар іс-шара өткізілді.

###

USAID – әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және даму нәтижелеріне қол жеткізудің катализаторы. Қосымша ақпарат алу үшін USAID/Орталық Азия және USAID/Қазақстан веб-сайттарына кіріңіз және Facebook парақшасы.