Халықаралық адам құқықтары күнін тойлау аясында Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігі (USAID) «Қадір-Қасиет» немесе “Dignity” қоғамдық бірлестігімен серіктестікте Оқушылар сарайында «Адам құқықтарының фокусы: әйелдер мен балалар» атты іс-шара өткізді.
USAID-тің адам құқықтары саласындағы жаңа қызметі әйелдер мен балалардың құқықтары туралы білім алмасу алаңын құру арқылы азаматтық қоғам мен үкімет арасындағы байланысқа ықпал етеді. Шара әйелдердің қоғамдық істерге қатысуын арттыру және балаларды қорлаудан қорғауға бағытталған. Ол сондай-ақ білім беру іс-шаралары мен талқылаулар арқылы азаматтық қоғам мен үкімет арасындағы диалог пен өзара байланыс орнатады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатына назар аударды. Оның айтуынша, «балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелеріне баса назар көңіл бөлу қажет». Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жоюға айрықша назар аудара отырып, Қазақстан Республикасының адам құқықтарын қорғау саласындағы одан әрі шаралары туралы жарлық шығарды.
АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі міндетін атқарушы Куо Джуди «Адам құқықтарының фокусы: әйелдер мен балалар» презентациясы ашылуындағы сөзінде: «Адам құқықтарын құрметтеу – кез келген мемлекеттің өсуі мен өркендеуінің негізі. Біз азаматтық қоғам мен ірі мемлекеттік органдардың әйелдердің мемлекеттік істердегі позициясын жақсарту және балаларды қорлаудан қорғау сияқты негізгі мәселелерді шешу үшін бас қосып жатқанына қуаныштымыз».
Шара барысында жас қатысушылардың бірі, #21 мектептің 5 «А» сынып оқушысы Айша Жүсіпалиева өз ойымен бөлісті: «Бала құқығының қатаң сақталатынына сенімді болғым келеді. Ар-намыс, қауіпсіздік және қорғау – баланың ең негізгі құқықтары». Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Иманғалиев Есенғазы Нұртөлеуұлы өз сөзінде балалардың құқықтарын қорғауға жауапты органның атқарып жатқан шараларына тоқталып өтті.
“Қадір-қасиет” қоғамдық бірлестігінің директоры Мадина Ахметова құқық қорғау ұйымдарының адам қадір-қасиетін құрметтеу және адам құқықтарын сақтау сияқты мақсаттарын еске салды. Ол: «Біз әйелдер мен ерлердің тең құқықтары, әйелдердің қоғамдық істерге қатысуы мен балалардың қауіпсіздігі мен қорғалуының мемлекет тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі екеніне сенімдіміз», – деген ойларымен бөлісті.
###
USAID – әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және даму нәтижелеріне қол жеткізудің катализаторы. Қосымша ақпаратты USAID/Орталық Азия веб-сайтына және USAID/Central Asia Facebook парақшасында таба аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін жоба үйлестірушісі Айгүл Шакибаева: +7 747 432 6270 hrf_coordinator@dignity.kz және жоба ассистенті Шаматова Айнұр: +7 701 481 86 66 project_assistant@dignity.kz хабарласыңыз.