Бүгін Америка Заңгерлер қауымдастығының Қазақстандағы өкілдігі (ABA ROLI), АҚШ халықаралық даму агенттігінің қаржыландырылатын, Қазақстандағы құқық үстемдігі бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (АҚДМ) Азаматтық қоғам істері комитетімен бірлесе отырып, Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстандағы коммерциялық емес ұйымдарға (КЕҰ) қатысты құқықтық нормаларды талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталған дөңгелек үстел Қазақстандағы КЕҰ қызметін реттейтін заңнамадағы өзекті мәселелерге қатысты заң жобасын әзірлеу бойынша АҚДМ-ның ағымдағы бастамасын талқылау үшін платформа ұсынды.
Дөңгелек үстел барысында USAID өңірлік миссиясы директорының міндетін атқарушы Питер Янг мырза өзінің алғы сөзінде азаматтық қоғамды дамыту үшін Қазақстан Үкіметінің көпжылдық инвестицияларын атап өтті және елдегі КЕҰ үшін құқықтық базаны жетілдіруді одан әрі жалғастыруды ұсынды. КЕҰ қызметін реттеудегі құқықтық олқылықтарды жоятын және олардың өсуі мен өркендеуі үшін қосымша жеңілдіктер мен артықшылықтар беретін заң жобасын әзірлеу үшін жауапты АҚДМ жұмыс тобын құрылғанын атап өтті. Янг мырза: «Қазақстандағы КЕҰ қызметін реттейтін негізгі нормативтік акт коммерциялық емес ұйымдар туралы заң болып табылады. Бұл заңның КЕҰ қызметі үшін нақты және жақсы құрылымдалған негізді және ұйымдарға берілетін артықшылықтар мен олар орындауы тиіс болатын міндеттемелер арасында тепе-теңдікті қамтамасыз етуі өте маңызды», – деп мәлімдеді.
Дөңгелек үстелдің жұмысына азаматтық қоғам ұйымдарының көрнекті көшбасшылары, заң жобасының концепциясын әзірлеген АҚДМ жұмыс тобының мүшелері, әртүрлі мүдделі мемлекеттік құрылымдардың, ғылыми топтардың өкілдері, сонымен қатар жергілікті және шетелдік сарапшылар қатысты. Азаматтық қоғам өкілдері заң жобасын талқылауға өз үлестерін қосты және АҚДМ жұмыс тобының мүшелері шағын топтардың маңызды қорытындыларына, түйіндері мен ұсынымдарына негізделген жаңа заң жобасын әзірледі. Ашық диалог барысында қатысушылар КЕҰ заң жобасындағы құқықтық олқылықтар мен сын-қатерлерді жоюға бағытталған аналитикалық жазба әзірледі. Ағымдағы жылдың қазан айында бұл құжат АҚДМ мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жолданылатын болады.
###
USAID – әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және даму саласында нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететін катализатор болып табылады. Орталық Азиядағы USAID қызметі туралы толық ақпаратты Миссия сайтынан және Facebook парақшасынан алуға болады.
ABA ROLI әділлеттікті қамтамасыз ететін, экономикалық мүмкіндіктерді дамытуға және адам абыройын құрметтеуге ықпал ететін тұрақты институттар құру бойынша 60 елдегі серіктестерімен жұмыс істейді.