




2021 жылғы 25 тамыз, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан – бүгін USAID Power Central Asia қызметін жүзеге асыратын Tetra Tech ES, Inc корпорациясы Қазақстандағы әртараптандырылған ірі энергетикалық холдинг Самұрық-Энергомен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Өзара түсіністік меморандумына сәйкес USAID-тың «Орталық Азия энергетикасы» жобасы Самұрық-Энергоға 2060 жылға қарай жалпы көміртек ізін азайту мақсатында ұлттық стартегия мен жаңартылған ұлттық климаттық жоспар шеңберінде аталған жылға қарай Қазақстанның көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу жоспарларымен қатар төмен көміртекті стратегия әзірлеуіне көмектеседі.
USAID-тың «Орталық Азия энергетикасы» жобасы құны 39 миллион доллар тұратын 5 жылға арналған өңірлік энергетикалық бағдарламаны білдіреді. Бұл Орталық Азияның бес еліне – Қазақстанға, Қырғыз Республикасына, Тәжікстанға, Түркіменстанға және Өзбекстанға энергетикалық сектор арқылы экономикалық басымдықтарға қол жеткізуге көмектеседі. USAID-тың «Орталық Азия энергетикасы» жобасы өңірлік байланыстар ауқымын кеңейту және электр энергиясының трансшекаралық сауда-саттығы аясын ұлғайту есебінен энергетикалық сектордың жақсартылған көрсеткіштерін қолдауға, бәсекелестік негізде экологиялық таза энергияны ендіруге және энергетикалық қауіпсіздік пен бұзылуыға тұрақтылықты арттыруға бағытталған.
Салтанатты рәсімді «Самұрық-Энерго» АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Руслан Рақымбеков мырза мен USAID/Орталық Азия, энергетика мәселелері жөніндегі кеңесшісі, доктор Патрик Мейер ашты. Іс-шара өткізіліп жатқан уақытта доктор Мейер: «Бүгінгі қол қойылатын Өзара түсіністік туралы меморандум Құрама Штаттар мен Қазақстандағы энергетиканың негізгі қатысушысы климаттың өзгеруінің теріс салдарын жұмсарту бойынша шараларды қалай қолданып жатқандығының керемет үлгісі бола алады. Байден әкімшілігі де, Қазақстан үкіметі де көміртектік бейтараптықты қамтамасыз ету бойынша өршіл мақсаттар қойды. Бұл мақсаттарға энергетикалық секторға толық қолдау көрсетілген жағдайда ғана қол жеткізілуі мүмкін», – деп мәлімдеді.
Энергетикалық секторға ғаламдық ауқымда энергетикалық сектордағы СО2 лақтырындыларының шамамен 40 пайызынан шамалы асатын бөлігі тиесілі. USAID таза энергия саласындағы жұмысы шеңберінде бүкіл қоғамдастық үшін энергияға қол жеткізу аясын ұлғайтатындай қазіргі заманғы энергетикалық технологиялардың қолданылуын арттыру және жаңартылатын энергия көздерін қолдануда инвестициялар мен жеке сектор тәжірибесін іске қосу үшін Қазақстан үкіметімен және өңірдің басқа да елдерімен ынтымақтықты жүзеге асырады.
USAID соңғы он жылдықта Орталық Азия елдеріндегі тіршілікке экономикалық бейім келетін нарықтық өңірлік энергия жүйесі үшін негіз қалауда басты рөл атқарды. USAID сонымен бірге жаңартылатын энергия көздерін дамыту, энергия тиімділігін арттыру, энергетикалық секторды цифрландыру және кибер қауіпсіздікті арттыру үшін нормативтік-құқықтық базаны нығайтты. USAID-тың «Орталық Азия энергетикасы» жобасы жергілікті әлеуетті арттыру, ынтымақтастыққа көмектесу және жеке сектордың нарықтық шешімдерін қолдау мақсатында бірқатар жергілікті және өңірлік серіктестермен жұмыс істейді.
###
USAID әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және даму саласындағы нәтижелерге қол жеткізуге себеп болатын катализатор болып табылады. Қосымша ақпаратты https://www.usaid.gov/central-asia-regional сайтынан және USAID-тың Facebook-тегі https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia парақшасынан алуға болады.