“30 жыл бірге – есте қалған сәттер” – бұл АҚШ пен Қазақстанның қазіргі және бұрынғы елшілерімен бейресми әңгімелер сериясы. Олар екі елдің арасындағы 30 жылдық ынтымақтастық тарихындағы маңызды сәттерді еске алып, есте қалған оқиғалармен, АҚШ пен Қазақстан арасындағы болашақ серіктестік туралы көзқарастарымен бөліседі. Олар дипломатиялық келіссөздердің шымылдығын ашып, тіпті қызмет барысында орын алған қызықты жағдайлар туралы айтады.
АҚШ пен Қазақстан арасындағы отыз жылдық серіктестіктің маңызды жетістіктері қандай? Екі ел болашақта қандай бағытты басым ұстайды? Неліктен АҚШ пен Қазақстан стратегиялық серіктес? Дипломаттардың өмірінде қызық оқиғалар болды ма? Осы және басқа мәліметті Елші Уильям Мозер және Елші Ержан Ашықбаев арасында өткен бейресми сұхбатты көріп, біле аласыздар.
Он жыл бұрын америкалық дипломаттар Қазақстан туралы қандай ойда болды? Қазақстан ядролық қаруды таратпау бойынша Келісімшартқа қосылу туралы шешімін қалай қабылдады? Неліктен Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылықтың тірегі болып саналады?
Осы және басқа туралы Елші Ричард Хоглэнд (2008-2011 гг) пен Елші Болат Нұрғалиев (1996-2000 гг) арасындағы өткен сұхбатты тыңдап, біле аласыздар.