II Лоренс Харди USAID-дің Орталық Азиядағы аймақтық миссиясының директоры болып келді

2021 жылғы 6 қазан, Нұр-Сұлтан, Қазақстан – Қазақстандағы АҚШ миссиясы АҚШ жоғары дипломатиялық қызметінің мүшесі II Лоренс Хардидің Алматыға АҚШ-ң Орталық Азиядағы халықаралық даму жөніндегі (USAID) агенттігі аймақтық миссиясының жаңа директоры болып келгенін қуана хабарлайды. Харди мырза Қазақстанда, Қырғыз Республикасында, Тәжікстанда, Түрікменстанда және Өзбекстанда USAID аймақтық бағдарламаларын басқарады. USAID Әкімшісі Саманта Пауэр Колумбия округі, Вашингтондағы USAID штаб-пәтерінде Харди мырзаның антын қабылдады.  

Харди мырза өзінің рөлі туралы айта келе, былай деп мәлімдеді: «USAID шамамен отыз жылға уақыт аймақтық байланыстарды, тұрақтылықты нығайтып, өркендету мақсатында Орталық Азия халықтарымен және үкіметтерімен ынтымақтастық жүргізіп келеді. Орталық Азиядағы аймақтық миссияның директоры ретінде мен біздің даму, аймақаралық өзара әрекеттесу мен ынтымақтастық реформаларына бағдарланған жаңа мүмкіндіктерді пайдалану жөніндегі бағдарламаларымызды қуана басқаратын боламын. АҚШ үкіметінің “C5+1” платформасын қолдау үшін USAID сауда байланыстарын жақсартуды, аймақтық энергетика нарығын құруды, су ресурстарын басқару саласындағы аймақтық ынтымақтастыққа қолдау көрсетуді қоса алғанда, Орталық Азияда негізгі бағыттарда әріптестік қатынастарды нығайтып, кеңейтіп, тереңдете түседі. Сондай-ақ, мен адам саудасымен күрес жолында, климаттың өзгеруімен байланысты мәселелерді шешу, сонымен қатар  тиісті басқаруды ілгерілету мен аймақты гүлдендіру жолында осы өңірдің әрі қарай өсіп-өркендеуіне қуана ықпал етемін».

Харди мырзаның даму мен дипломатия саласындағы білімі мен тәжірибесі мол. Оның USAID-гі 28-жылдық қызмет жолы бүкіл әлемді қамтыды. Өзінің USAID-дің Орталық Азиядағы аймақтық миссиясының директоры лауазымына тағайындалмай тұрып, ол Филиппиндегі, Тынық мұхиттың 12 аралы мен Моңғолиядағы USAID миссиясының директоры болып жұмыс істеді. Ол сондай-ақ, Оңтүстік Шығыс Азияда, Таяу Шығыста, Кариб бассейнінде, Оңтүстік Азияда және Оңтүстік Америкада жұмыс істеді. Харди мырза Калифорния университетінде/ Берклидегі Haas бизнес мектебінде іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін, сонымен қатар Гарвард университетінде гуманитарлық ғылымдар бакалавры дәрежесін алды. Ол португал, испан, тай, француз және араб тілдерінде сөйлейді.   

###

USAID– әлемдегі жетекші халықаралық даму агенттігі және даму саласындағы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететін катализатор. Орталық Азиядағы USAID қызметі туралы көбірек ақпарат алу үшін Миссияның сайтына және Facebook парақшасына кіріңіз. 

###