Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қарамағындағы Әскери ынтымақтастық бөлімінің қызметіндегі подполковник Эрик Густафсон 16 шілдеде «Дала Қыр

Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің қарамағындағы Әскери ынтымақтастық бөлімінің қызметіндегі подполковник Эрик Густафсон 16 шілдеде «Дала Қыраны 2016» жаттығуының ашылу салтанатына қатысты. Осымен он үшінші болып табылатын, бұл жыл сайынғы жаттығу 16-28 шілде аралығында Ұлыбританияның Станта оқу-даярлық базасында өтіп жатыр. Бітімгерлік опреацияларды әзірлеуге ерекше көңіл бөлінеді. Әскери ынтымақтастық бөлімі «Дала Қыраны» жаттығуының тарихындағы бүгінгі күннің ең ірі әуе тасымалдарын жүзеге асыруға жәрдемдесіп, әскери жүк және бітімгерлік бөлімшенің сарбаздарын Қазақстанның Алматы қаласынан Ұлыбританиядағы Милтенхолл әскери базасына жеткізді. Қатысушылардың жалпы саны 800 адам, соның ішінде Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Ұлыбритания, АҚШ және 270 Қазақстан сарбаздары. АҚШ тарапынан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен Әскери серіктестік бағдарламасы арқылы тығыз ынтымақтастық орнатқан Вирджиния және Аризона штаттарының Ұлттық Гвардия сарбаздары қатысуда.