27 шілде 2020 – Қыздарға арналған екі апталық MakerCamp атты лагерь аяқталды. Лагерьді АҚШ елшілігінің қолдауымен және «Шеврон» компаниясының демеушілігімен Нұр-сұлтан қаласындағы MakerSpace шығармашылық кеңістігі және американдық бұрышымен ұйымдастырылды.
Қыздар чат боттар мен сайттар жазуға арналған кодты үйреніп, сондай-ақ Scratch графикалық тілін үйренді. Шақырылған сарапшылар жобалармен жұмыс істеу, нақты ғылымдардағы креативтіліктің рөлі және коммуникация дағдылары туралы дәрістер өткізді.
Алғашында лагерь Қазақстанның жеті қаласында – астана, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Орал, Ақтөбе және Өскемен қалаларында оффлайн форматта өтуі тиіс болатын. Алайда, COVID-19 пандемиясына байланысты лагерь ZOOM платформасында онлайн форматта өткізуге тура келді.
Виртуалды лагерге 15-18 жас аралығындағы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның түрлі қалаларынан 100-ден астам қыздар қатысты. Барлығы 900-ден астам қыз бала қатысуға өтініш берді. Сабақтар күн сайын өтті. Бірінші бөлімде «бағдарламалау», екінші бөлімде «жұмсақ» дағдыларды үйренді.
Лагерьдің соңғы компоненті әлеуметтік жобалармен топтық жұмыс болды. 3-4 адамнан тұратын командалар жобалар жасап, оларды төрешілердің алдында қорғады. Олардың арасында Google Developer Group тең-ұйымдастырушысы, KazRobotics спорттық робототехника Федерациясының өкілдері, IT Princess қыздарға арналған академияның директоры және оқытушысы, «Шеврон» компаниясының өкілі және TheShero Kazakhstan коммерциялық емес ұйымының негізін қалаушы төрешілер үш жеңімпаз жобаны таңдап алды:
Қарағанды және Алтай (бұрынғы. Зыряновск) қалаларынан қыздар «Радио басы» жобасын ұсынды. Бұл – тіс имплантаты. Ол естуді сүйек дыбыс өткізгіштігімен түзете алады және есту қабылеті қиынданған адамдарға көмектеседі. Мысалы ретінде Бетховеннің «есту» құралының түрі алынған болатын. Ол өз аспап-құралын есту үшін тістің арасында металл заттарды қысатын еді. Презентацияда қыздар осы құрылғыны пайдаланушыны қосымша ақпаратпен және нұсқаулықпен қамтамасыз ететін чат бот ұсынды.
Петропавл, Ақтау және Талас, Қырғызстан қалаларынан қыздар командасы жасөспірімдерде депрессия мен оның ерте кезеңдерін диагностикалай алатын ақпараттық чат-ботты таныстырды. Жоба барысында қыздар зерттеу жүргізді. Оған сәйкес жасөспірімдердің 20% – ы ересек жасқа жетпей депрессияға ұшырайды және 10-15% -нда депрессияның жеке белгілері бар деген қорытындығы тап болған. Болашақта топ өздерінің веб-сайтын жасөспірімдер әлемнің кез келген жерінен тегін кәсіби көмек ала алатын білім беру алаңына айналдырғысы келеді.
«Correct my language» жобасы – Алматы, Қарағанды және Нұр-сұлтан қыздары әзірлеген лексика түзетуші құрал. Бұл – қорлайтын лексиканы танып, қолданушыныға хабардар ететін ақылды пернетақта. Өз жобасының көмегімен қыздар кибербуллингті азайтуды мақсат көздейді.
Дүйсенбі күні қоштасу кездесуі өтіп, жеңімпаздарды жария етті, сондай-ақ барлық қатысушыларға цифрлық сертификаттар табыс етілді. Кездесу барысында АҚШ Елшілігінің баспасөз-атташесі Шон Бода қыздарды сабақтарының сәтті аяқталуымен құттықтады.
Жәния Рахат, 16 жаста, Нұр-сұлтан: «бастапқыда мен бағдарламалау туралы ештеңе білмедім және өзімнің болашағымды осы бағытта байланыстыруыма сенімді болған емеспін. Енді осы саланы одан әрі тереңдетіп, зерделеуді жоспарлап отырмын. Лагерьде мен көптеген керемет және жан-жақты қатысушыларды кездестірдім. MakerCamp одан әрі дамуға және тоқтап қалмауға шабыттандырады».
Makercamp for Girls мақсаты – қыздарды нақты ғылымдар бойынша қарқынды практикалық сабақтар арқылы шабыттандырып, ынталандыру, бағдарламалауда практикалық дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ технология саласында өз идеяларын жүзеге асыру. Жоба 2017 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және алғаш рет Алматыда өтті.