Баспасөзге арналған хабарлама

26 қараша күні сағат 15:00-де Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің Орта Азиядағы миссиясы (USAID/ Орталық Азия) АҚШ Елшілігінде донорлар мен мемлекеттік органдардың өкілдері үшін кездесу ұйымдастырады. Кездесуде 2015-2019 жылдарға бағытталған Орта Азияда атқарылатын істердің стратегиялық жоспары назарға ұсынылады.

Аккредитация міндетті. Қосымша ақпарат үшін Америка Құрама Штаттарының Елшілігіндегі баспасөз, мәдениет және білім бөлімімен (7172) 70 22 16 немесе 70 24 15 телефондары арқылы хабарласуға болады.