Flag

An official website of the United States government

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері CAP және TUTW атты тренингттерді аяқтады
1 Хаттаманы оқу
Қазан 19, 2022

Men holding a certificate.

Астанадағы Ішкі істер академиясының проректоры Маралбек Ешімов пен Өңірлік қауіпсіздік басқармасының бастығы Пол Хендрикс Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлерін «Прокурорларға арналған киберкеңістік» (CAP) атты тренингті және Лаңкестікке қарсы күресте технологияларды пайдалану (TUTW) туралы семинарды аяқтауымен құттықтады. Төрт күндік оқу Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында өтіп, онда 26 тыңдаушы цифрлық дәлелдемелерді пайдалана отырып, тергеу мен қылмыстық қудалауға қатысты түрлі мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, олар бүкіл әлем бойынша құқық қорғау органдары үшін кибер императивтер туралы негізгі түсінікке ие болды. Шараны жүзеге асыруда АҚШ Мемлекеттік департаменті демеушілік көрсетіп, оқу терроризмге қарсы көмек көрсету бағдарламасы аясында АҚШ-тың нұсқаушыларының қатысуымен өтті.