Жаңа Американдық Кеңістік Алматыда ашылды

АЛМАТЫ, 20 қазан – АҚШ Бас консулдығының жаңа Американдық кеңістігі (American Space) толық қайта құру мен редизайннан өтіп, Алматыдағы SmArt.Point коворкинг кеңістігінде ашылды.  Американдық кеңістік – бұл Алматылықтар өз идеяларын және дағдыларын дамыта алатын қоғамдық орталық, әрі түрлі жобалар бойынша ынтымақтастық орнататын зертхана. Оның ішінде технологиялардың көмегімен әр түрлі мәселелерді шешуде шығармашылық тәсілдемені қолдайтын Makerspace Almaty атты инновациялық технологиялық орталығы орналаспақ. Заманауи құралдарды және жаңа технологияларды жұртшылыққа тегін ұсынатын Американдық кеңістік күнделікті сағ.11:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Қазақстандағы АҚШ Елшісі Джодж Крол ресми ашылу салтанатында сөз сөйледі. ҚР-ның Сыртқы істер министрлігінің, қала әкімшілігінің, Chevron корпорациясының өкілдері және де бизнес қоғамдастығының серіктестері ашылу салтанатына қатысты.     

«Американдық кеңістіктің Алматыда тарихы ұзақ, бірақ жаңа кеңістік ребрендингтен өтіп, жұртшылықтың алдында жаңаша ұсынылып отыр»,- деді АҚШ Елшісі Джордж Крол. «Мен барлықтарыңызды бір үлкен қоғамдастық болып Американдық кеңістігіне қосылуына шақырамын. Сонымен қатар, біздің бағдарламаларымызға қатысыңыздар, бізбен хабарласып тұрыңыздар, біздің шараларымызға келіңіздер. Ең маңыздысы өз достарларыңызға, жан ұяларыңызға тек пайда әкелетін өз жобаларыңыз бен идеяларыңызды бізге ұсынуға шақырамыз. Американдық кеңістік – бұл қоғамдық кеңістік, сол себепті ол әр қайсыларыңыздың қатысуларынан көркееді және одан әрі дамиды».

Алматыдағы Американдық кеңістік – бұл мемлекет пен жеке меншік серіктестігінен құралған, атап айтқанда АҚШ Дипломатиялық уәкілдігі, SmArt.Point және Chevron Corporation компаниясының қолдауымен құрылған. SmArt.Point – бұл Almaty Towers бизнес орталығында орналасқан технологиялық және шығармашылық аудиторияны біріктіретін офистік және коворкинг кеңістігі.  Бұл кеңістік түрлі білім беру мүмкіндіктерін ұсына отырып, қоғамдық-әлеуметтік қызметке бағытталған. Chevron компаниясы  Американдық кеңістігіндегі түрлі бағдарламаларды: хакатон чемпионаты мен робототехникадан электроника мен бағдарламалау курстарына дейін қолдап келе жатыр. Қазақстанда 11 Американдық кеңістіктері бар және олардың барлығы АҚШ Дипломатиялық уәкілдігімен қаржыландырылады. Олардың мақсаты АҚШ-пен тәжірибе алмасу және АҚШ пен Қазақстан арасында өзара түсінушілік көпірін орнату.  

Американдық кеңістік пен Makerspace Facebook парақшасы: American Space Almaty/Maker Space Almaty; Instagram: @uscgalmaty.

Американдық кеңістік туралы толық ақпаратты www.amcorners.kz веб сайттан алуға болады.

Алматыдағы жаңа Американдық кеңістік SmArt.Point коворкинг кеңістігінде бірінші қабатта, Almaty Towers БО, Байзаков 280 көшесінде орналасқан.

# # #