USAID-тың Орталық Азияда трансшекаралық су ынтымақтастығын нығайтудың жаңа бағдарламасы

1 қазан 2020 ж., Нұр-Сұлтан, Қазақстан – АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) аймақтық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретін және Орталық Азияның бес еліндегі Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған жаңа бес жылдық $24,5 миллион тұратын USAID-тың су ресурсы және қоршаған орта аймақтық бағдарламасын іске қосатынын жариялады. 

USAID-тың су ресурсы және қоршаған орта аймақтық бағдарламасы су, энергетика және ауылшаруашылық салаларының өзара байланысын, сонымен қатар, климаттың өзгеруіне қатысты осалдықтарды қарастырып, Орталық Азиядағы тұрақтылықты, экономикалық өркендеуді және сау экожүйелерді ілгерілетуге бағытталған.

USAID Орталық Азиядағы су секторын көптеген жылдар бойы қолдап келеді. Соңғы он жыл ішінде USAID су ресурстарын басқарудың интеграцияланған қағидаттарын енгізуде шешуші рөл атқарып, ынтымақтастық пен ресурстарды тиімді басқарудың артықшылықтарын көрсетті. USAID суды басқаруға қоғамдастықтың қатысуын арттырып, Орталық Азиядағы су менеджерлері мен техниктерінің жаңа буынын дайындауға үлес қосты.

USAID-тің жаңа су мәселелері бойынша бағдарламасы USAID-тың аймақтық су ынтымақтастығына қосқан үлесі арқасында қол жеткізілген нәтижелерге негізделеді. Бағдарлама халықаралық донорлық жобалармен тығыз үйлестіріп, атқарылатын жұмыстың әсерін арттыру мүмкіндіктерін іздейді. Сондай-ақ, бұл бағдарлама жергілікті және аймақтық серіктестермен бірге жергілікті әлеуетті арттыру, ынтымақтастықты нығайту, демонстрациялық іс-шараларды жүзеге асыру және жеке сектордың нарықтық шешімдерін қолдау мақсатында жұмыс істейді.

###

USAID әлемдік жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізу катализаторы болып табылады. Қосымша ақпарат алу үшін https://www.usaid.gov/central-asia-regional сайтына және https://www.facebook.com/USAIDCentralAsia/ фейсбук парақшасына кіріңіз.