АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕПАРТАМЕНТІ
АҚШ ЕЛШІЛІГІ, НҰР-СҰЛТАН – АҚШ БАС КОНСУЛДЫҒЫ, АЛМАТЫ, ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМДЕР
Қаржыландыру мүмкіндігі туралы хабарлама – Жыл сайынғы бағдарлама туралы мәлімдеу
Қаржыландыру мүмкіндігінің атауы: Мәдениет жөніндегі жыл сайынғы бағдарлама туралы мәлімдеу
Қаржыландыру мүмкіндігінің нөмірі: DOS-KAZ-NS-PAS-21-00
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: Ауыспалы ұсыну мерзімі: бірінші мерзім – 15 сәуір, 2021 ж.; екінші мерзім – 15 шілде, 2021 ж.
CFDA нөмірі: 19.040 – Қоғамдық дипломатия бағдарламалары
Жеке гранттың ең жоғары сомасы: 50 000 АҚШ доллары
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
- Осы өтінімнің талаптарына байланысты көмек алу үшін келесі электрондық поштаға хабарласыңыз: KZ-PAS-Proposals@state.gov
- Жанама шығындардың мөлшерлемесі туралы келісімді (NICRA) алу процесі туралы сұрау үшін HunterDS@state.gov электронды пошта арқылы Дональд Хантерге хабарласыңыз.
Өтінім берушілер мен сұраулардың көптігіне байланысты, Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім (ҚБЖБ) ниет білдіру хаттарын, тұжырымдамалық құжаттарды немесе өтінім беру алдында кездесулерге немесе телефон қоңырауларына сұраныстар қабылдамайды.
Өтінімнің пакетін толығымен алуды қамтамасыз ету – өтінім берушінің міндеті. Аяқталмаған өтінімдер жарамсыз болып саналады. Өтінім берушілерді өтінім берудің соңғы мерзімінен бұрын бастауға шақырамыз. Қажетті қадамдарды аяқтамаған ұйымдарға ерекше жағдайлар жасалмайды.
A. Бағдарлама сипаттамасы
АҚШ Мемлекеттік департаментінің Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігі жанындағы және АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы жанындағы қоғамдық байланыс жөніндегі бөлімдер (ҚБЖБ) Қоғамдық дипломатия гранттары бағдарламасы арқылы қаржыландыруға қол жеткізуге болатынын қуана хабарлайды. Бұл біздің қаржыландыру басымдықтарымызды, біз назар аударатын стратегиялық тақырыптар мен қаржыландыруға өтінім беру тәртібін сипаттайтын Жыл сайынғы бағдарлама туралы мәлімдеу. Төмендегі барлық нұсқауларды мұқият орындауды сұраймыз.
Қоғамдық дипломатияның гранттары бағдарламасының мақсаты: ҚБЖБ бірлескен құндылықтар мен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайтатын және бағдарламаның басым бағытын қолдайтын (төменде қараңыз) бағдарламалар бойынша ұсыныстарға сұраныс жасайды. Барлық бағдарламалар америкалық мәдениеттің элементін қамтулары тиіс немесе америкалық сарапшылармен, ұйымдармен немесе институттармен қарым-қатынаста болулары керек. Бұл АҚШ саясаты мен көз-қарасың терең түсінуге жол ашады. Конкурстық өтінімдер жоба аяқталғаннан кейін де АҚШ пен Қазақстан халықтары арасындағы ынтымақтастықтың жалғасуына / тұрақты ынтымақтастыққа мүмкіндік береді.
Бағдарламалардың мысалдары келесілерді қамти алады, бірақ олармен шектелмейді:
- оқытушылар мен мамандардың академиялық пен кәсіби дәрістері, семинарлары мен дәріс бағдарламалары;
- өнер және мәдени семинарлар, бірлескен қойылымдар және көрмелер;
- мәдени мұраны қорғау және сақтау саласындағы бағдарламалар; және
- кәсіби және академиялық алмасулар мен бағдарламалар.
Бағдарламаның басым бағыттары:
1. Әлеуметтік желілерді, цифрлық БАҚ-ты тиімді пайдалану және медиа-сауаттылықты арттыру: Қазақстанда өскелең және әртараптандырылған БАҚ нарығы мен әділ кәсіби журналистикаға қажеттілік бар; сонымен бірге онлайн жаңалықтарды, жарияланымдарды тұтыну мен ақпарат алмасудың деңгейі бұрынғыдан да жоғары, оның ішінде мессенджерлер де арқылы. АҚШ егеменді және тәуелсіз Қазақстанды қолдайды, әсіресе жалған ақпаратқа, интернеттегі қудалауға қарсы тұра алатын және әлеуметтік желілерді тиімді пайдалана білетін (мақсаттарды қою, оларға жету үшін жоспар құрып немесе науқан ұйымдастырып, оларды орындау, жетістіктерді қадағалау мен бағалау) білімді, талғампаз қоғамға қолдау көрсетеді. Басымдық / артықшылық қазақ тілді БАҚ-қа бағытталған бағдарламаларға беріледі.
Жобаның мақсаттары (келесілердің кез-келгені):
- жалған ақпаратты дұрыс анықтап, сынап талдау үшін әлеуметтік желілердегі, әсіресе жастар мен жалпы жұртшылық арасында, сауаттылықтың дағдыларын арттыру;
- әлеуметтік кәсіпкерлерді және (немесе) жас мамандарды онлайн-науқанды жобалау және басқару тәсілдеріне үйрету;
- БАҚ мамандарына медиа дағдыларын, оның ішінде цифрлық және медиа дағдыларын, деректер журналистикасы мен тиімді ақпараттық науқандарды одан әрі дамытуға қолдау көрсету.
Жобаның аудиториясы:
- қазақтілді аудитория;
- жастар, әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтаннан тыс аймақтарда;
- әлеуметтік кәсіпкерлер, жас мамандар;
- БАҚ мамандары, оның ішінде журналистер, блогерлер және редакторлар.
2. Азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру:
АҚШ Үкіметі мықты демократия азаматтық және адам құқықтарын сақтау, жастардың мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік бірігу, аз қамтылған топтардың, соның ішінде әйелдер, мүмкімдіктері шектеулі тұлғалар мен ЛГБТКИ өкілдерінің мүмкіндіктерін кеңейту және заңның үстемдігін қамтамасыз ету, әлеуметтік әділеттілік және әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесу сияқты негізгі құндылықтарды қолдайды деп санайды. АҚШ Елшілігі АҚШ-тың озық дағдысы, тәжірибесі мен білімін Қазақстандық ұйымдармен бөлісетін жобаларды қолдауға, осы ортақ құндылықтарды насихаттауға және олардың осы маңызды мәселелерді алға жылжыту қабілеті мен мүмкіндігін күшейтуге мүдделі.
Жобаның мақсаттары (келесілердің кез-келгені):
- азаматтық қоғам ұйымдарын аудиториясымен ақпараттық жұмыс жасауға және ақпаратты тиімді жеткізуге, соның ішінде мақсатты аудиториясын анықтауға және оны білуге, оны ынталандыратын тақырыптарды анықтауға және оған ақпаратты тиімді жеткізуге, әсіресе әлеуметтік медиа маркетингті үйрету;
- жеке тұлғалар мен азаматтық қоғам ұйымдарының саясатты, бюджеттерді және ашық және есеп беретін үкіметті қолдау үшін мемлекеттік саясатты, бюджеттерді және сатып алуды тиімді талдау қабілеттерін арттыру;
- азаматтық қоғам ұйымдары (АҚҰ) арасында қаржыны жинау, өнімдерді сату, корпоративті әлеуметтік жауапкершілік компанияларымен серіктес болу және т.б. арқылы олардың қаржы дербестігін қамтамасыз етуге көмектесу үшін әртүрлі қаржыландыру мүмкіндіктері туралы хабардарлықты арттыру.
Жобаның аудиториясы:
- Келесі бағыттарды алға жылжытатын азаматтық қоғам ұйымдары:
- тиімді басқару және заңның ұлықтылығы;
- адам құқықтары мен әлеуметтік әділеттілік, әсіресе аз қамтылған топтармен жұмыс жасау;
- жастардың мүмкіндіктерін кеңейту;
- ауа сапасы және қоршаған орта мәселелері.
3. Американы Қазақстанмен бөлісу:
АҚШ пен Қазақстан бейнелеу өнері, әдебиет және сторителлинг, театр және сахна өнері, кино, музыка, би, спорт және білім саласында байқалатын мәдени дәстүрлерімен бай. Білім беру және мәдени іс-шаралар – қоғамды, әсіресе қауіп-қатер тобындағы жастарды мәдениетпен таныстыруға, мәдени байланыстар мен өзара түсіністікті тереңдетуге және өзара маңызды мәселелерді талқылауға тартудың тамаша тәсілі. АҚШ Елшілігі Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы түсіністік пен мәдени байланыстарды нығайтатын өнер, білім және мәдени жобаларға қолдау көрсетуге дайын. Сөз бостандығының құндылықтары, әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, төзімділік, алуандық пен бірігу, жастарды қатыстыру / жастардың мүмкіндіктерін кеңейту туралы хабардар ететін және осы бағыттарды алға жылжытатын ұсыныстар мен тұрақты бастамаларға басымдық беріледі.
Жобаның мақсаттары:
- екі ел мәдениеттерінің ортақ құндылықтарын көрсетіп, АҚШ туралы білімді арттыру мен оны түсіну үшін білім беру немесе мәдени саласындағы бағдарламаларды жүзеге асыру;
- АҚШ пен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың 30 жылдығына (1991 жылы 25 желтоқсанда орнатылған) арналған жобаларды әзірлеу
Жобаның аудиториясы (келесілердің кез-келгені):
- қазақтілді аудитория;
- ауыл тұрғындары немесе аз қамтылған топтар;
- жастар, әсіресе Алматы мен Нұр-Сұлтаннан тыс аймақтарда;
- әлеуметтік кәсіпкерлер;
- университет қызметкерлері, оқытушылар, студенттер;
- суретшілер / қолөнершілер;
- спортшылар
Тиісті заңнама, қаржыландыру түрі және жылы:
Бұл бағдарлама тиісті Қоғамдық дипломатия туралы Заңына сәйкес қаржыландырылады. Барлық бағдарламалар заңда белгіленген қаржыландыру шектеулері аясында болулары керек.
B. Федералдық грант туралы ақпарат
Қаржыландыру құралының түрі: Ынтымақтастық туралы келісім және (немесе) грант
Жобаны орындау мерзімі: 9-12 ай
Болжамды гранттар саны: 10 грант (сомасына байланысты)
Жеке гранттың сомасы: Гранттың сомасы 5 000-нан 50 000 долларға дейін болуы мүмкін
Қаржыландыру түрі: Қоғамдық дипломатияны қаржыландыру, 2021 қаржылық жыл
Бағдарламаның болжамды басталу күні: 2021 жылдың 30 маусымы – сәуір айына дейін берілген өтінімдер; 2021 жылдың 15 қыркүйегі – шілде айына дейін берілген өтінімдер
Бұл хабарлама қаржы бөлінген жағдайда қолданылады.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім қаражат болған жағдайда және грант бойынша қызметкердің бекітуі бойынша АҚШ үкіметі мүдделеріне сәйкес келетін жағдайларда, осы қорларда көрсетілген қаражаттардан аз немесе артық соманы тағайындауға құқылы.
Қаржыландыру құралының түрі: Грант немесе Ынтымақтастық туралы келісім. Ынтымақтастық туралы келісімдерінің гранттардан айырмашылығы, ҚБЖБ қызметкерлері жобаны іске асыруға белсене қатысады және грант тағайындалғаннан кейін маңызды немесе шамалы рөл атқарады.
C. Қатысу талаптары туралы ақпарат
- АҚШ пен Қазақстанда тіркелген келесі ұйымдар қатыса алады:
- коммерциялық емес ұйымдар;
- азаматтық қоғам ұйымдары / үкіметтік емес ұйымдар;
- талдау орталықтары;
- мемлекеттік және жеке білім беру мекемелер.
- Шығындарды үлестіру немесе салыстыру бұл қаржыландыру мүмкіндігінің талабына жатпайды.
- Грант алуға құқығы бар барлық ұйымдарда бірегей ұйым идентификаторы болуы керек (Dun & Bradstreet-ден әмбебап деректерді нөмірлеу жүйесі / DUNS нөмірі), сондай-ақ келесі сайтта жарамды тіркеуі болу керек: www.SAM.gov. Осы тіркеу түрлері туралы ақпарат Қажетті тіркеу түрлері D тарауында берілген. Жеке тұлғаларға бірегей ұйым идентификаторы немесе SAM.gov сайтында тіркелу қажет емес.
- Осы грант келесі бағыттарды қамтымайды:
-
- саяси үгіт-насихат қызметіне байланысты жобалар;
- қайырымдылық немесе даму қызметі;
- құрылыс жобалары;
- діни қызметті қолдайтын жобалар;
- қаражат жинау;
- заңдарды немесе бағдарламаларды лоббилендіру;
- ғылыми зерттеулер немесе сауалнамалар;
- коммерциялық жобалар;
- негізінде ұйымның өсуіне немесе институционалды дамуына арналған жобалар;
- қолданыстағы жобаларды қайталайтын жобалар; немесе
- заңсыз әрекеттер.
D. Өтінім және өтінім ұсыну туралы ақпарат
Төмендегі барлық нұсқауларды мұқият орындаңыз. Осы хабарландырудың талаптарына сай келмейтін ұсыныстар қарастырылмайды.
Өтінімнің мазмұны мен нысаны
Келесі талаптарды орындау қажет:
- өтінімде осы хабарламаның мақсаттары, аудиториясы және міндеттері нақты анықталған;
- барлық құжаттар ағылшын тілінде ұсынылған;
- барлық шығындар АҚШ долларында көрсетілген;
- барлық беттердің нөмірлері қойылған;
- барлық құжаттар 216 × 279 мм форматында ұсынылған;
- барлық Microsoft Word құжаттары дара интервалымен, Times New Roman 12-әрпімен басылған және шетінен кемінде 2,5 см жолақ қалтырылған;
- әр түрлі қажетті нысандардың арнайы жерлерінде өтінім берушінің қол таңбалары қойылған.
Өтінім берудің соңғы мерзімі
Өтінімдер келіп түсуіне байланысты қабылдана береді. Қабылдау комиссиясы өтінімдерді соңғы мерзімінен кейін 30 күн ішінде қарайды. Қаржы болған кезде ертерек ұсынылған өтінімдердің қаралу ықтималы жоғары болады, сондықтан өтінімдерді мүмкіндігінше тезірек жіберу ұсынылады.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім өтінімдерді жыл бойы қабылдайды және оларды келесі кесте бойынша қарайды:
- Бірінші соңғы мерзім: 15 сәуір 2021 ж.
- Екінші соңғы мерзім: 15 шілде 2021 ж. *2021 жылдың 15 шілдесінен кейін ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.
Өтінім беру процессі: Өтінім берудің екі жолы бар. Өтінім берушілер төменде сипатталған А немесе В жолын таңдап өтінім бере алады.
- Өтінім берудің А жолы: Өтінімтерді SGP-Kazakhstan@state.gov электрондық пошта арқылы тікелей жіберуге болады. Өтінімдерді SGP-Kazakhstan@state.gov электрондық поштасына жіберетін өтінім берушілер электрондық хаттың тақырыбында Қаржыландыру мүмкіндігінің атауы мен Қаржыландыру мүмкіндігінің нөмірін жазулары тиіс.
- Өтінім берудің B жолы: Құжаттардың толық пакетін Grants.gov арқылы тапсырыңыз. Grants.gov арқылы өтінім берушілер үшін өтінім беру туралы нұсқаулықпен http://www.grants.gov сайтында танысуға болады. Grants.gov туралы сұрақтарыңыз болса Grants.gov байланыс орталығына 1-800-518-4726 нөмірі бойынша қоңырау шалуға немесе https://www.grants.gov/support.html сайты арқылы ақпарат алуға болады. Өтінім берушілер SGP-Kazakhstan@state.gov пошта арқылы техникалық сауалдарға жауап ала алмайтынын және Grants.gov арқылы өтінім беру мәселелерін шеше алмайтынын ескереміз.
Қажетті тіркеу түрлері
Гранттарды басқару жүйесіндегі (SAM) алынып тасталған тараптардың тізімін жасайтын жүйесіне (EPLS) қосылған үміткерлер № 12549 (3 CFR, 1986 Comp., p. 189) және № 12689 (3 CFR, 1989 Comp., p. 235) “Қызметті тоқтату және оған тыйым салу” үкімет қаулыларына сәйкес келетін 2 CFR 180 OMB нұсқауларына сәйкес көмек гранттарына өтінім бере алмайды. Сонымен қатар, EPLS тізіміне еңгізілген ұйымдар гранттың шеңберінде өткізілетін іс-шараларға қатыса алмайды. Барлық үміткерлерге қатысуға құқылы емес ұйымдар SAM жүйесіне кірмегеніне көз жеткізу үшін жүйедегі EPLS-ті қарап шығуға табанды кеңес беріледі. Барлық грант алуға үміткер ұйымдар (жеке тұлғалардан басқа) осы тіркеу түрлерін аяқтаулары керек. Тіркеудің барлық түрлері тегін:
- Dun & Bradstreet бірегей ұйым идентификаторы (DUNS нөмірі);
- NCAGE/CAGE коды;
- www.SAM.gov тіркеуі.
Қажетті тіркеу түрін аяқтау үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
- 1-қадам: DUNS нөміріне және NCAGE кодына өтінім беру (қатар беруге болады)
- DUNS нөмірін алу үшін өтінім: ұйымдар Dun & Bradstreet-ден Әмбебап деректерді нөмірлеу жүйесінің (DUNS) нөмірін алулары керек, егер ол сіздің ұйымыңызда жоқ болса, 1-866-705-5711 нөміріне қоңырау шалып немесе http: //fedgov.dnb.com/webform сайтына кіріп, нөміріңізді ала аласыз.
- NCAGE кодын алу үшін өтінім: өтінім парақшасымен төмендегі сілтеме бойынша өтіп таныса аласыз (ұлғайту лупасына басыңыз, содан кейін жаңа тіркеу сілтемесін таңдау үшін төмен қарай айналдырыңыз) https://eportal.nspa.nato.int/AC135Public/scage/CageList.aspx
- NCAGE кодын алу үшін өтінім бойынша нұсқаулық: https://eportal.nspa.nato.int/AC135Public/Docs/US%20Instructions%20for%20NSPA%20NCAGE.pdf
- АҚШ аумағынан көмек алу үшін 1-888-227-2423 нөміріне қоңырау шалыңыз;
- АҚШ-тан тыс жерлерден көмек алу үшін 1-269-961-7766 нөміріне қоңырау шалыңыз.
- NCAGE кодын алу кезінде қиындықтар туындаса, NCAGE@dlis.dla.mil поштасына хабарласыңыз. NCAGE кодын алғаннан кейін SAM жүйесіне кіріп https://www.sam.gov/, тіркеуді жалғастырыңыз:
- NCAGE кодын алу үшін өтінім бойынша нұсқаулық: https://eportal.nspa.nato.int/AC135Public/Docs/US%20Instructions%20for%20NSPA%20NCAGE.pdf
- 2-қадам: DUNS нөмірін және NCAGE кодын алғаннан кейін, www.SAM.gov сайтында SAM жүйесінде тіркеуді жалғастырыңыз.
Grants.gov сайтын пайдаланатын үміткерлер өтінім бермес бұрын Grants.gov сайтында тіркелулері керек. Grants.gov сайтында бір рет тіркелу қажет; дегенмен тіркеуді тексеру және растау екі аптаға дейін созылуы мүмкін. Тіркеу өтінімдерді берудің соңғы мерзімінен бұрын аяқталғанына көз жеткізу үшін тіркеу процесін дереу бастаңыз. Бұл процесс аяқталғанға дейін өтінім беру үшін қажетті Grants.gov сайтынын пайдаланушы құпиясөзі берілмейді. DUNS нөмірін, NCAGE/CAGE кодын алу және SAM жүйесінде тіркеу процедурасын аяқтағаннан кейін, Grants.gov сайтында тіркеуді аяқтау үшін келесі қадамдарды жасаңыз:
1-қадам: SAM жүйесінде тіркеу расталғаннан кейін, http://www.grants.gov/web/grants/applicants/organization-registration.html сілтемесі бойынша Grants.gov сайтында ұйымыңызды тіркеңіз. SAM жүйесінде (www.SAM.gov) тіркеуді белсенді түрде сақтау үшін, ұйымдар федералды грант немесе федералды гранттарды беретін мекеменің қарауындағы өтінім берілген мерзімі бойы ең жаңа ақпаратты ұсынулары қажет. SAM жүйесінде тіркеу жыл сайын жаңартылуы керек. Өтінімдердің көптігіне байланысты, құжаттарды қарау 90 күнге созылуы мүмкін және ұсыныстардың түскенін жеке растай алмаймыз.
2-қадам: Ұйымның уәкілетті өкілі (АОР) ретінде тіркеліп, www.grants.gov сайтына өз ұйымыңыздың АОР өкілі ретінде кіріңіз.
Өтінім берушілер тіркеудің барлық қажетті түрлерін аяқтап, АҚШ пен Қазақстанда барлық құқықтарға ие болулары керек.
АҚШ пен Қазақстанда зияткерлік меншік құқықтары мен құқықтарының барлық аспектілері толығымен сақталулары керек. Сонымен қатар, барлық суб-реципиент ұйымдар жоғарыда келтірілген АҚШ және Қазақстанның барлық талаптарына сәйкес келулері керек.
*Білім беру саласындағы алмасу бағдарламаларға немесе АҚШ-та оқу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытқандар бар бағдарламалар туралы қосымша ақпаратты https://kz.usembassy.gov/education-culture/ сайтынан ала алады.
E. Өтінімге қойылатын техникалық талаптар:
Өтінім беру кезінде үміткерлер төмендегі 1-5 бөлімдердегі келесі құжаттарды және мәліметтерді белгіленген тәртіп бойынша қамтулары керек:
1 тарау – 424 Family стандарт нысаны
Барлық тапсырылатын құжаттар арасында федералды көмек алу үшін SF-424 өтініші (1-қосымша) және құрылыстық емес бағдарламаларға арналған SF-424A бюджеттік ақпараты (2-қосымша) болуы керек. Бұл нысандармен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықпен http://www.grants.gov/web/grants/forms.html сайтында SF-424 Family тақырыбының астында танысуға болады. ЕСКЕРТПЕ: SF-424B тек SAM.gov сайтында тіркелмеген немесе 2019 жылдың 2 ақпанынан бастап SAM.gov сайтында тіркеуді қайта растамаған және онлайн ұсыну мен сертификаттау процесін аяқтаған өтінім берушілерге ғана қажет. Өтінім беруші бұл нысанға қолын қоюы керек.
Назар аударыңыз:
- Қажетсіз / сұралмаған болса да, сіздің өтініміңіз қаржыландыру үшін мақұлданған жағдайда, сұралуы мүмкін басқа да ақпараттар:
- соңғы 2 (екі) жылдағы ұйымның немесе бағдарламаның аудиторлық құжаттарының көшірмелері;
- тиісті кадрлық құжаттардың, қаржы құжаттарының немесе сатып алу туралы ережелердің көшірмелері;
- департаментке сіздің ұйымыңыздың шет елде федералдық грантты басқару мүмкіндігін анықтауға көмектесетін басқа да тиісті ұйымдастыру ережелері мен құжаттамаларының көшірмелері.
- Елшілік осы ұсынысқа қатысты кез-келген қосымша бағдарламаны және / немесе қаржылық ақпаратты сұратуға құқылы.
2 тарау – Ұйым туралы ақпарат
- Өтінім берушінің ұйымы туралы ақпарат: Өтінім беруші ұсынылған нысанды толтырып, жіберуі керек (3-қосымша). Өтінім беруші бұл нысанға қолын қоюы керек.
- Тіркеуді растау: Ұйымды тіркеу құжатының көшірмесі өтініммен бірге берілуі керек. Американдық ұйымдар Ішкі кірістер басқармасы қаулысының көшірмесін ұсынулары керек. Қазақстандық ұйымдар тиісті мемлекеттік мекемеден тіркеу куәлігінің көшірмесін ұсынулары керек.
3 тарау – Техникалық ұсыныс
Өтінім берушілер өтінімнің толық сипаттамасын еркін нысанда немесе қоса берілген ұсыныс үлгісін қолдана отырып, ұсынулары керек (4-қосымша). Өтінім 12 (он екі) беттен аспауы керек. Тиімді ұсыныс әзірлеу туралы қосымша ақпарат алу үшін төмендегі G бөлімінде берілген бағалау өлшемдерін қарап шығыңыз. Барлық ұсыныстар келесі бағыттарды қамтулары керек:
- ұйымның сипаттамасы мен мүмкіндіктері;
- жобаның негіздемесі, тұрақтылығы және әсері;
- жобаның мақсаттары, аудиториясы, міндеттері, шаралары және нәтижелері;
- іске асыру мерзімі;
- бақылау және бағалау (төмендегі ескертуді қараңыз).
Бақылау және бағалау
- Орындалуды бақылау жоспары (PMP): Ұсыныстар бақылау және бағалау және Орындалуды бақылау (PMP) жоспарының жобасын қамтулары керек. Берілген PMP үлгісін қолдана отырып (5-қосымша) өтінім берушілер грант бойынша өткізілетін шараларын қалай бақылауды және бағалауды, осы шараларды бақылауға көмектесетін мәліметтер жинауды жоспарлайтынын сипаттаулары тиіс. Сонымен қатар, өтінім беруші оның жоба бойынша жұмысы қажетті нәтижелерге жеткізетінін жолын сипаттайтын ақпаратты ұсынуы керек. Сонымен қатар, өтінім беруші ұсынылған шаралар мен таңдалған көрсеткіштерді сипаттайтын шағын кестені толтыруы керек. Деректер кестесі жоба бойынша жұмыс PAS мақсатын орындауға бағытталған нақты нәтижелерге (мысалы, бенефициарлардың дағдыларын, білімдерін немесе тәсілдерін арттыру) қалай жеткізетінін айқын көрсетуі қажет.
4 тарау – Бюджет
- Бюджет және бюджет сипаттамасы: Өтінім берушілер берілген үлгі бойынша толық бюджет пен бюджет сипаттамасын ұсынулары керек. Өтінім берушілер қаржыландыру мүмкіндігі шеңберінде берілген үлгіні қолданулары мүмкін, бірақ бұл міндетті емес (6-қосымша). Шығындардың баптары барынша егжей-тегжейлі көрсетілулері керек. Қызметкерлердің жалақысы әр лауазым бойынша жобаға жұмсалатын уақыттың пайызын және жалақы мөлшерін анықтайды. Егер ұйымыңыз жанама шығындардың мөлшерлемесін алса, оны өзгерген жалпы бюджет шығындарына (MTDC) қолдануыңыз керек, 2CFR§200.68 қараңыз. Көрсетілген форматта ұсынылмаған бюджет қарастырылмайды. Бюджет АҚШ долларымен ұсынылуы тиіс, сонымен қатар түпкілікті гранттық келісімдер де АҚШ долларымен есептелулері керек
- Аудиторлық тексеруге қойылатын талаптар: https://www.state.gov/m/a/ope/index.htm сілтемесі арқылы және 2CFR200 Аудиторлық тексеруге қойылатын талаптар F-бөлімінде ұсынылған Мемлекеттік департаменттің гранттары бойынша аудиторлық тексеруге қойылатын талаптарға назар аударыңыз. Қажетті аудиторлық тексерулердің құны грант бойынша ұйғарынды тікелей шығындар ретінде алынуы мүмкін немесе ұйымның грант бойынша бюджет сипаттамасында белгіленген жанама шығындарға қосылуы мүмкін.
- Визалық алымдар: Қажет болса, барлық визалық алымдар мен олармен байланысты төлемдерді бюджетте көрсетіңіз. Пост-қаржыландыру аясына түсетін бағдарламаларға арналған DS-2019 құжатын грант алушының өзі ұсынуы керек екенін ескеріңіз. Егер бағдарламаңыз DS-2019 виза рәсімдеу құжатын қамтитындығын білсеңіз, ұйымыңыз тіркелген Тағайындалған демеуші ұйым болуы керек. Қосымша ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз: https://j1visa.state.gov/sponsors/become-a-sponsor/.
5 тарау – Негізгі қызметкерлер және жобаның серіктестері
- Негізгі қызметкерлер: Жоба директоры және қаржы қызметкері, сондай-ақ спикерлер немесе оқытушылар (қажет болса) сияқты ұсынылған негізгі қызметкерлер үшін 1 беттен аспайтын түйіндеме қосылуы керек. Егер кез-келген лауазымға бірде-бір қызметкер тағайындалмаған болса, өтінім беруші түйіндеменің орнына осы лауазымға қажетті біліктілік пен дағдыларды белгілейтін 1 беттен тұратын лауазымның сипаттамасын ұсына алады.
- Жобаның серіктестері: Қосалқы мердігерлер немесе басқа серіктестерге арналған қолдау хаттары қосылулары керек. Хаттарда, ұсынылған жобалық іс-шараларға қатысты орнатылатын қарым-қатынастың түрі (ресми немесе бейресми), әр серіктестің рөлі мен жауапкершілігі және серіктестіктен күтілетін нәтижелер көрсетілулері керек. Жеке хаттар 1 беттен аспаулары керек
Өтінімдерде қолданылатын арнайы таңбалар
Grants.gov файл атауында қолданылатын бір де бір арнайы UTF-8 таңбасын қабылдамайды. Өтінім берушілер Grants.gov сайтына өтінімдер мен ақпараты жіберген кезде UTF-8 таңбалар жиынтығынан барлық арнайы таңбаларды енгізе алады. Алайда, егер грант берушінің жүйесі осы арнайы таңбалармен әлі сәйкес келмесе, грант берушінің жүйесі өтінімдегі мәтінді бұрмалауы немесе жоюы мүмкін. Нәтижесінде өтінім қабылданбауы мүмкін.
F. Өтінімдерді қарау және іріктеу процессі
- Өтінімді алғандығын растау. Өтінім берушілер өз өтінімдерін алғандығы туралы растау алады.
- Өтінімді қарау: Барлық өтінімдер техникалық сәйкестілікке тексеріледі. Егер өтінімде қажетті нысандар / тізімделген құжаттар болмаса, ол қабылданбайды және гранттарды қарау жөніндегі комитет оны қарамайды. Техникалық бағалау жөніндегі топ өтінімді осы хабарламада берілген критерийлер негізінде қарастырады.
- Соңынан берілетін хабарлама. Өтінімдерді қарау жөніндегі комиссияның нәтижелері хабарламада көрсетілген соңғы мерзім аяқталғаннан кейін 90 күн ішінде өтінім берушілерге хабарланады.
G. Өтінімді бағалау критерийлері
Критерийлер: Осы хабарлама бойынша берілген әрбір өтінім төменде көрсетілген критерийлеріне сүйене отырып бағаланады. Осы критерийлер ұсынылған жобаның сапасын бағалау және оның сәтті іске асырылуының ықтималдығын анықтау үшін қажет.
- Бағдарлама идеясының сапасы мен орындылығы – 20 ұпай: Бағдарламаның идеясы жаңашыл, мұқият ойластырылған болуы, жобалық іс-шараның жүзеге асырылуы туралы мәліметтермен жеткілікті қамтылуы тиіс. Ұсыныстар түпнұсқалығын көрсетулері керек және айқын, қол жеткізуге болатын мақсаттар қоюлары керек. Ұсыныс, шараны іске асыру үшін ақылға сыйымды уақытты қамтуы керек. Жобаның көлемі жөнді және айқын болуы керек.
- Ұйымдастыру әлеуеті және бұрынғы гранттарды есепке алу – 5 ұпай:
- жобалық ұсыныс ұйымның жобаны жүзеге асыру үшін жеткілікті тәжірибесі, дағдылары және адами ресурстары бар екендігін көрсетеді;
- ұйым жоба шешетін негізгі мәселені нақты түсінетіндігін көрсетеді;
- ұйымның табысты жоспарлау және салықтық басқаруға жауапкершілікпен қарау қабілетін көрсетеді. Бұл қаржылық басқару жүйесі мен банктік шотты қамтиды;
- бұрын гранттар алған үміткерлер қолданыстағы қағидалар мен ережелерді орындай алатынын дәлелдеген;
- серіктестер баяндалған жағдайларда, өтінім беруші әр серіктестің тиісті рөлін егжей-тегжейлі сипаттайды және жоба мен қаржылық басқаруға жауапты адамдар үшін өмірбаяндық ақпараттарды ұсынады. Ұсынылатын персонал, институционалдық ресурстар мен серіктестер өзекті және маңызды болулары керек.
- Жобаны жоспарлау / мақсаттарға жету мүмкіндігі – 25 ұпай: Жобаның жоспары мұқият ойластырылған, іс-шараны жүзеге асыруға қатысты жеткілікті мәліметтермен қамтылған. Ұсыныс мақсатты аудиторияны, қатысушылардың тобын және іс-шаралар атқарылатын географиялық бағытты көрсетеді. Ұсыныс айқын және қол жеткізуге болатын мақсаттарды белгілейді. Ұсынысқа негізделген мерзімдер кіреді. Жобаның ауқымы дұрыс және өзі тура анықталған.
- БАҚ немесе күшейту жоспары (егер болатын болса) ұйымның әлеуметтік желілер немесе дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарын қалай қолданатындығын немесе негізгі қатысушылардан басқа қатысушылардың мәселе және іс-шаралар туралы білімдерін қалай көбейтетінін көрсетеді.
- Бюджет – 20 ұпай: Бюджет пен негіздеме егжей-тегжейлі түрде келтірілген. Бюджет ұйымның болжамды шығындар есебін ұсынудың орнына жобаға байланысты шығындарды дәл анықтауға уақыт бөлгендігін көрсетеді. Шығындар жоспарланған жұмыстарға және күтілетін нәтижелерге қатысты ақылға қонымды түрде есептелген. Нәтижелер мен ұсынылған қорытындылар жобаның жалпы құнын ақтайды. Бюджеттік баптар ақылға қонымды, қолжетімді және үлестірімді.
- Бақылау және бағалау – 15 ұпай: Бақылау мен бағалау үшін ұпайлар үш критерий бойынша беріледі: 1) техникалық бақылау және бағалау; 2) бағдарламаның құрылымы; және 3) үйрену. Нақтырақ айтқанда, ұпайлар келесі критерийлерге негізделеді:
- Техникалық бақылау мен бағалау: егер бақылау мен бағалау жөніндегі Орындалуды бақылау жоспарының(PMP) толық және егжей-тегжейлі жобасы ұсынылса, өтінім техникалық жағынан негізделген болып саналады. Ұсыныста жобаның ұсынылатын іс-шараларының тізімі, кезеңдер, аралық пен түпкі нәтижелердің көрсеткіштері, мәліметтер жинау әдістерінің сипаттамасы және осындай ақпаратты жинау кестесі қамтылған. Қаржыландырылатын жобалардың жоспарлары келіссөздер барысында үйлестіріледі, және бақылау жоспарлары жобаның іске асыру мерзімі ішінде дүркін-дүркін жаңартыла алады.
- Бағдарлама құрылымы: Ұсыныс маңызды мәселені белгілеп, мақсатты аудиторияны анықтап, бағдарламаның мәселесін шешетін жолы туралы нақты өзгеріс теориясын ұсынған жағдайда, өтінім мұқият ойластырылған болып саналады. Логикалық негіздеме, өзгеріс теориясының диаграммасы немесе «егер солай болса, осылай болады» тұжырымдарының жиынтығы болсын, ұсыныста сол немесе басқа формада: «Егер бұл әрекеттер жүзеге асырылса, келесі нәтижелерге қол жеткізіледі» деп жазылуы керек. Сонымен қатар, егер жоба қатысушыларды немесе бенефициарларды іріктеуді қажет етсе, ұсыныста таңдау әділетті түрде қалай жүзеге асырылатындығы айқын көрсетілуі керек.
- Үйрену: Өтінімнің үйрену компоненті жаңа ақпаратты негізге ала отырып, жоба бойынша іс-шараларды түзету мүмкіндігін көрсетеді. Құрылым өзгерістер жасау үшін қоғамдастықтың немесе қатысушылардың кері байланысын ескере отыра ма? Егер ұсыныс алдыңғы грант алушыдан келген болса, онда ұсыныс грант алушының бұрынғы тәжірибесине / өткен жұмысына негізделген тәсілін қалай бейімдегенін, жетілдіргенін немесе өзгерткендігін сипаттай ма? Егер бұл жаңа грант алушы немесе жаңа жоба болса, ұсыныс өтінім берушінің кабинеттік зерттеу жүргізгенін, бағдарламаның құрылымын негіздеу үшін бұрынғы тәжірибені немесе басқа дәлелдерді қолданғанын көрсетті ме?
Бақылау мен бағалауға тікелей байланысты шығындар ұйғарынды болып саналады. Ұсынылған үлгіде жалпы бюджеттің бақылау мен бағалау қызметіне арналған бөлігін көрсетуге болады.
- Тұрақтылық – 5 ұпай: Жобалық ұсыныс жоба аяқталғаннан кейін максималды тұрақтылықты қамтамасыз ету немесе жобаның мақсаттарына жету үшін қолданылатын тәсілді нақты сипаттайды.
H. Федералдық гранттың берілуі туралы хабарламалар
Грант беру немесе ынтымақтастық туралы келісім жазбаша түрде жасалады; қол қою, берілу және басқару шаралары грант беру туралы шешім қабылдайтын лауазымды тұлға тарапынан атқарылады. Көмек туралы келісім рұқсат беретін құжат болып табылады және алушыға танысу және қол қою үшін электрондық пошта арқылы жіберіледі. Алушы, грант беру туралы шешім қабылдаған лауазымды тұлғаның қолы қойылған гранттық құжатта көрсетілген күннен бастап жобаның шығындарын көтере бастайды.
Егер қаржыландыруға арналған ұсыныс таңдалса, Мемлекеттік департамент болашақта қосымша қаржыландыруды қамтамасыз етуге міндетті емес. Қаржыландыруды ұлғайту немесе мерзімін ұзарту үшін гранттарды ұзарту Мемлекеттік департаменттің қалауы бойынша жүзеге асырылады.
Федералдық үкімет бұл хабарландырудың нәтижесі бойынша федералдық грант тағайындауға міндетті емес. Қаржыландыру туралы осы хабарламаның берілуі АҚШ үкіметіне сыйақы төлеу міндетін жүктемейді және де АҚШ үкіметі ұсыныстарды дайындауға және ұсынуға жұмсалған шығыстарды төлеуге міндетті емес. Бұдан басқа, АҚШ үкіметі кез келген немесе барлық ұсынылған ұсыныстарды қабылдамауға құқылы. АҚШ үкіметі сыйақыны ең жоғары (максималды) деңгейден жоғары грант беру құқығын өзіне қалдырады.
Әкімшілік және мемлекеттік саясат талаптары
Шарттар мен ережелер: Өтінім беруден бұрын үміткерлер осы гранттарға қойылатын барлық шарттар мен талап етілетін қажетті сертификаттармен таныс болулары керек. Оларға мыналар жатады: 2 CFR 25, 2 CFR 170, 2 CFR 175, 2 CFR 182, 2 CFR 183, 2 CFR 200, 2 CFR 600, сертификаттар мен кепілдіктер, сондай-ақ Мемлекеттік департаменттің стандартты шарттары мен ережелері. Осылардың барлығын https://www.state.gov/m/a/ope/index.htm веб-сайтынан қарай аласыз.
Есеп беру
Алушылар жоба бойынша тоқсан сайынғы ілгерілеу мен қаржы есептерін ұсынулары қажет. Ілгерілеу мен қаржылық есеп, есеп беру кезеңінен кейін 30 күн өткен соң ұсынылуы керек. Расталған қорытынды бағдарламалар мен қаржылық есептер жоба аяқталғаннан соң 120 күннен кейін ұсынылулары тиіс.
Барлық есептер электронды түрде ұсынылулары керек.
Қауіптілік деңгейі жоғары деп саналатын грант алушылардан жоғары риск дәрежесі жойылғанға дейін кеңінен және жиі есеп берулері талап етілуі мүмкін.
Грант алушы АҚШ тарапынан берілген барлық жабдықтар тізімін жыл сайын SF428 нысанын пайдалана отырып, АҚШ Елшілігіне ұсынуы қажет.
I. Басқа ақпарат
Бюджетті негіздеу жөніндегі нұсқаулық
Қызметкерлер және қосымша төлемдер: Жобаға өтінім берушіге тікелей жұмыс істейтін уақытша немесе тұрақты қызметкерлердің жалақылары, айлықтары және қосымша төлемдері мен олардың жобаға жұмсайтын уақыттарының пайызын сипаттаңыз.
Іссапар шығыстары: Бұл жоба бойынша бағдарлама қызметкерлеріне, кеңесшілерге немесе спикерлерге және қатысушыларға / көмек алушыларға арналған саяхат және тәуліктік ақша шығындарын бағалаңыз. Егер жоба барысында халықаралық саяхаттар жасалатын болса, сол сапарлардың қысқаша негіздемесін жасаңыз.
Жабдықтар: Бір жылдан асатын мерзімге (немесе жобаның ұзақтығынан асатын мерзімге) ие және құны бір данасы үшін 5 000 АҚШ долларынан кем болмайтын жобаға қажетті кез-келген жабдықты, жиһазды немесе өзге де жеке заттарды сипаттаңыз
Жабдықтау заттары: Жобаға қажетті кез-келген компьютерлік құрылғылармен бірге, барлық заттар мен материалдарды тізімдеп, сипаттаңыз. Егер заттың құны бір данасы үшін 5000 АҚШ долларынан асатын болса, оны «Жабдықтар» бөлімінде бюджетке енгізіңіз.
Келісімшарт жасасу: Өтінім беруші жеткізушімен келісім-шарт бойынша сатып алуды жоспарлап отырған тауарлар мен қызметтерді сипаттаңыз. Коммерциялық емес серіктестерге жобалық жұмысты орындауға көмектесетін суб-гранттарды сипаттаңыз.
Басқа тікелей шығындар: Басқа санаттарға сай келмейтін, жобаға тікелей қатысы бар басқа шығындарды сипаттаңыз. Мысалы, материалдар мен жабдықтарды тасымалдау құны немесе қолданылатын салықтар. Барлық «Басқа» немесе «Қалған» шығындар көрсетілулері және негізделулері тиіс.
Жанама шығындар: Бұл жобалау жұмыстарына тікелей жатқызуға болмайтын шығыстар. Мысалы, ұйымның жұмысын қамтамасыз ету үшін талап етілетін үстеме шығыстар. Егер сіздің ұйымыңыз жанама шығын мөлшерлемесі туралы келісімге (NICRA) ие болса және NICRA-ның шығындарын бюджетіне қосса, NICRA-ның соңғы нұсқасының көшірмесін тіркеңіз. Ешқашан NICRA келісімі болмаған ұйымдар 2 CFR 200.68-де анықталғандай, түзетілген жалпы тікелей шығындардың 10% мөлшерінде жанама шығындарын талап ете алады.
«Шығындарды үлестіру» – АҚШ елшілігінен басқа да ұйымдар немесе мекемелердің үлесі болып табылады. Ол сондай-ақ еріктілер уақыты мен көмек ретінде ұсынылатын орындар сияқты ақшалай емес үлестерді қамтиды.
Брендинг талаптары
Грантты алу шарты ретінде грантқа сәйкес дайындалған материалдар, соның ішінде оқу материалдары, алушыларға арналған материалдар немесе шетелдік аудиториямен сөйлесуге арналған материалдар, бағдарламалар, шаралар, жоба немесе келісім бойынша өзге қызметтер, соның ішінде шараларға шақыру, баспа материалдары мен фондары, мінбелердің белгілері және т.б. көлемі кез келген басқа логотиппен немесе сәйкестендіру ақпаратымен тең немесе одан асатын мөлшердегі стандартты тік бұрышты АҚШ-тың жалауымен тиісті түрде белгіленулері тиіс. Ескерту: Брендинг талаптарынан ауытқуға белгілі бір жағдайларда рұқсат етіледі. Егер үміткер қаржыландыруға арналған стипендияның таңдалғаны туралы хабардар етілсе, грант беру туралы шешім қабылдаған қызметкер өтініv берушімен кеңесіп, осы талаптардан босату шартының болып-болмауын анықтайды.
Авторлық құқық және құпия ақпарат
Егер сіздің өтініміңіздегі қандай да бір ақпарат жеке болып табылса, тиісті беттердің төменгі деректемесінде бұл ақпараттың құпия-жеке екенін көрсетіңіз. Өтінім берушілер өтінімнің, бағдарламаның, тұжырымдаманың және т.б. қандай бөлімдерініңің авторлық құқықтармен, сауда белгісімен немесе кез келген басқа зияткерлік меншік құқықтарымен қамтылғанын көрсетіп, аталған авторлық құқықты қолдау үшін тиісті құжаттамалардың көшірмелерін ұсынулары қажет.
Қосымшалар:
- SF424 (PDF, 256KB)
- SF424A (PDF, 322KB)
- Proposal Template (DOC, 43KB)
- Applicant Organization Information Sheet (DOC, 48KB)
- M&E-PMP Datasheet (DOC, 30KB)
- Budget Narrative Sample Template (XLSX, 32KB)