Қаржыландыру мүмкіндігі туралы хабарлама – English Access Microscholarship Program
Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы English Access Microscholarship Program (Access) бағдарламасын ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін қаржыландыруға ұсыныстарды қабылдау ашық екенін қуана хабарлайды. Бұл бағдарлама ауыл және қала маңындағы орта мектептердегі экономикалық жағдайы төмен қазақ жастарының ағылшын тілін және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру арқылы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қолдау көрсетеді. Үміткерлер 2023 жылдың 27 шілдесіне дейін [Астана уақытымен 23:59] кез келген уақытта ұсыныстарды жіберуге шақырылады.
Алғышарт:
АҚШ дипломатиялық миссиясы Access бағдарламасын 2007 жылы бастады. Құрылғаннан бері Access бағдарламасына Қазақстанның 15-тен астам өңірінде 1600-ден астам студент қатысты.
Қазақстандағы ауыл тұрғындары мен орта мектеп жастарының ағылшын тілін меңгеруге деген қызығушылықтарының артуына байланысты Алматыдағы АҚШ Бас консулдығы ағылшын тілін жүйелі оқыту арқылы жергілікті қауымдастыққа қолдау көрсетуді жалғастырғысы келеді.
Сыныптан тыс және интенсивті іс-шаралар арқылы бағдарлама екі жылдық жоба барысында экономикалық жағдайы төмен отбасылардан шыққан 13-15 жастағы дарынды балаларға ағылшын тілін үйренуге мүмкіндіктер жасайды. Бағдарлама қатысушыларға Америка Құрама Штаттарының мәдениеті мен құндылықтарын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Бағдарлама қатысушылардың өз елінің әлеуметтік-экономикалық дамуына табысты қатысу қабілетін арттыруға және олардың Құрама Штаттардағы білім беру және алмасу бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктерін арттыруға арналған.
АҚШ Бас консулдағындағы Қоғамдық дипломатия бөлімі Қазақстанның оңтүстік аймақтарында Access бағдарламасын әзірлеу және енгізу үшін тіркелген коммерциялық емес, азаматтық/үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік білім беру мекемелері ұйымдарынан грант алу үшін ұсыныстар қабылдауға ашық. Өтінім берушілер өз ұсыныстарын әзірлеу кезінде төмендегі бағдарламаның мақсатын және мақсатты аудиториясына мұқият назар аударуы керек.
Жоба мақсаты:
Ауылдық және қала маңындағы орта мектептердегі экономикалық жағдайы төмен қазақстандық жастардың ағылшын тілін меңгеруін және сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру арқылы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу.
Жобаның ықтимал мақсатты аудиториясы:
Талғар, Тараз, Сайрам (Шымкенттен тыс) қалаларындағы стандартты жалпы білім беретін мектептердің 13-15 жас аралығындағы қыздар мен ер оқушылары (топта 50/50 қатынасы). Мақсатты аудитория екі жылдық интенсивті күндізгі бағдарлама арқылы Америка Құрама Штаттарының мәдениеті мен құндылықтарын үйренуге ынталы әлеуметтік және экономикалық жағынан аз қамтылған топтардан болуы керек.
Таңдалған қатысушылар ағылшын тілін қарапайым деңгейде меңгерген, экономикалық жағдайы төмен отбасынан шыққан ақылды болуы керек. Қатысушылар екі жылдық бағдарлама барысында сабаққа қатысуға міндеттеме алуы керек. Екі жылдық бағдарламаны аяқтаған соң студенттер Алматыдағы АҚШ Бас консулдығынан оқуды бітіргені туралы сертификаттар алады.
Жоба міндеттері (Жобалық ұсыныстар осы міндеттердің бірін немесе бірнешеуін көздеуі мүмкін):
- Интерактивті оқыту және практикалық білімді шынайы өмірде қолдануын уйрету арқылы екі жыл ішінде 90-110 студенттердің ағылшын тілін бастауыш деңгейден орта деңгейге арттыру.
- Мақсатты аудиториялардың тиісті қауымдастықтарының алдында тұрған негізгі мәселелер және олардың осы мәселелерді шешуге оң ықпал ете алатын жолдары туралы хабардар болу мен түсінуді арттыру.
- АҚШ мәдениетін/құндылықтарын және сыни ойлау дағдыларын түсінуді арттыру.
- Медиа сауаттылықты және негізгі компьютерлік дағдыларды, соның ішінде іздеу жүйелерін және мақсатты аудиторияның әлеуметтік медиасын пайдалануды жақсарту.
Бұл қаржыландыру аясында төмендегі шаралар рұқсат етілмейді:
- Америка Құрама Штаттарында және оның басқа аумақтарында өтетін іс-шаралар
- Жеке тұлғаларға берілетін шәкіртақылар
- Әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы ресми емес саяхат/сапарлар
- Партияның саяси қызметіне қатысты жобалар
- Қайырымдылық шаралары немесе дамыту жұмыстары
- Құрылыс жобалары
- Белгілі бір діни қызметтерді қолдайтын жобалар
- Қаражат жинау науқандары
- Арнайы заңнама немесе бағдарламалар үшін лобби жасау
- Ғылыми зерттеулер немесе сауалнамалар жүргізу
- Коммерциялық жобалар
- Өнер немесе мәдениет саласына қатысты жобалар
- Ұйымның өсуіне немесе институционалдық дамуын қолдауға ғана бағытталған жобалар
- Қолданыстағы жобаларды қайталайтын жобалар; немесе
- Заңсыз әрекеттер.
Жобаны іске асыру мерзімі: 20-24 ай (2 оқу жылы)
Қаржыландыру көлемі: $31,000-нан бастап $33,000-ға дейін
Қаржыландыру түрі: «Шет елдерге көмек көрсету туралы» заңына сәйкес Шығыс Еуропаға, Еуразияға және Орталық Азияға көмек
Жобаның ықтимал басталу күні: Қыркүйек 2023 жылы
Өтінім берудің соңғы күні: Барлық өтінімдер 2023 жылғы 27 шілдесінен кешіктірілмей (Астана уақыты бойынша сағат 23:59-де) қабылдануы тиіс.
Байланыс ақпараты:
KazakhstanELPrograms@state.gov
Грант құжаттары мен қаржыландыру мүмкіндігі туралы толық ақпаратты төмендегі сілтемелер арқылы жүктеп алыңыз:
- Notice of Funding Opportunity
- Attachment 1 – SF424 Form
- Attachment 2 – SF424A Form
- Attachment 3 – Applicant Organization Information Sheet
- Attachment 4 – Proposal Template
- Attachment 5 – ME PMP Template
- Attachment 6 – ME PMP Template With Instruction
- Attachment 7 – Budget Narrative Sample Template
- Attachment 8 Access Provider Handbook
Sam.gov сайтында тіркелу конкурстық комиссия оң шешім шығарған жағдайда ғана қажет болады.