Хатшы Майкл Р. Помпеоның Мәлімдемесі: Қытайдың Шыңжаңдағы зорлықпен отбасын жоспарлау және мәжбүрлеп зарарсыздандыру бағдарламасы туралы

АҚШ МЕМЛЕКЕТТІК ДЕПАРТАМЕНТІ

Баспасөз хатшысының кеңсесі

Баспасөз хабарламасы

ХАТШЫ МАЙКЛ Р. ПОМПЕОНЫҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

29 маусым, 2020 жыл

Қытайдың Шыңжаңдағы зорлықпен отбасын жоспарлау және мәжбүрлеп зарарсыздандыру бағдарламасы туралы

Қытай коммунистік партиясының Шыңжаңдағы ұйғырлар мен басқа да азшылық топтардың арасында мәжбүрлеп зарарсыздандыруды, мәжбүрлеп түсік тастауды және зорлықпен отбасын жоспарлауды қолданып жатқандығы туралы бүгін бүкіл әлем бойынша қауіп тудыратын ақпарат таратылды. Неміс зерттеушісі Адриан Зенцтің таңқаларлық әшкерелеуі адам өмірінің қасиеттілігі мен адамның адамгершілігін мүлде елемейтіндігін көрсететін ҚКП-нің ондаған жылдар бойы қолданылып келе жатқан тәжірибелеріне, өкінішке орай, cәйкес келеді. Біз Қытай коммунистік партиясын осы сұмдық әрекеттерді дереу тоқтатуға шақырамыз және барлық елдерден Америка Құрама Штаттарына қосылып, осы адамгершілікке жат қылықтарды тоқтатуды талап етуді сұраймыз.

###