Flag

An official website of the United States government

АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюм
1 Хаттаманы оқу

Дэниел Розенблюм 2022 жылы 28 қазанда АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі ретінде ант берді. Ол бұған дейін Өзбекстандағы АҚШ Елшісі (2019-2022) және Мемлекеттік департаменттің Оңтүстік және Орталық Азия істері бюросында Орталық Азия бойынша хатшы көмекшісінің орынбасары қызметін атқарды (2014-2018). 2008 жылдан 2014 жылға дейін Елші Розенблюм АҚШ-тың Еуропаға, Еуразияға және Орталық Азияға көмек көрсету бойынша үйлестірушісі қызметін атқарып, жыл сайын орта есеппен 1 миллиард доллардан асатын сыртқы көмек бюджеттерінің стратегиялық және тиімді бөлінуін және жұмсалуын қамтамасыз етуге жауапты болды. Оған дейін Көмек көрсету үйлестірушісі кеңсесінде басқа да түрлі лауазымдарды атқарған. 1980 жылдары Розенблюм мырза АҚШ сенаторы Карл Левиннің кеңесшісі болып жұмыс істеді. Елші Розенблюмнің Йель университетінің тарих бакалавры және Джон Хопкинс жоғары халықаралық зерттеулер мектебінде кеңестік зерттеулер және халықаралық экономика бойынша магистр дәрежесі бар. Үйленген, бір ұл, бір қызы бар.