Бас Консул

2004 жылдан бері АҚШ Мемлекеттік департаментінің мансаптық дипломаты Кэролайн Сэвидж 2021 жылдың тамызында Қазақстанның Алматыдағы АҚШ Бас консулы қызметін бастады.

Бұған дейін, 2020 жылғы АҚШ президенттік сайлау жарысы кезінде Сэвидж ханым шетелдік БАҚ, оның ішінде АҚШ-та тұратын 2200 журналист арқылы, АҚШ саясаты мен америкалық құндылықтар туралы жаһандық түсінікті тереңдету миссиясымен Шетелдік журналистерге арналған баспасөз орталығың директоры ретінде Жаһандық қоғамдық саясат коммуникациялары бюросында жұмыс істеді.

2009-2021 жыдар аралығында Сэвидж ханым Джорджтаун университетінің Дипломатиялық зерттеулер институтының келуші ғылым қызметкері болды, онда ол дипломатиялық көшбасшылықтағы әртүрлілікті зерттеді, ол жобаны Вирджиния мен Дин Раск стипендиаты ретінде Джорджтаун университетінде 2018 жылдан 2019 жылға дейін бастады. Раск стипендиаты болған кезінде Сэвидж ханым бакалавриат пен магистратура студенттеріне үкіметтің дипломатиялық және әскери өнері мен АҚШ-Ресей қарым-қатынасы курстарынан сабақ берді.

Сэвидж ханым 2010-2011 жылдары Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей және Орталық Азия бөлімінің басшысы болды, ұлттық қауіпсіздік саясаты мен Ресей және Орталық Азиямен сыртқы байланыстар бойынша ведомствоаралық жұмысты басқарды. Ол сонымен қатар 2009-2010 жылдары АҚШ Мемлекеттік департаментінің Ресейдегі кеңсесінің саяси-әскери және сыртқы байланыстар жөніндегі кеңесшісі болды, онда АҚШ-тың шетелдегі әскери және АҚШ-Ресей қарым-қатынасы саласындағы екіжақты және көпжақты форумдарға арналған дипломатиялық стратегиясын тұжырымдады.

Сэвидж ханымның шетелдегі міндеттеріне АҚШ-тың Әзербайжандағы елшілігінде қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесші қызметін атқару кіреді (2016-2018 жж.). Сол жұмыс барысында оның командасы Дипломатиялық миссияның коммуникациялық стратегиясын әзірледі, ағылшын тілін үйренуге қолжетімділікті кеңейтіп, қоғамдық ұйымдарға қолдау көрсетіп, Әзербайжан мен аймақтағы журналистердің кәсіби біліктілігін арттырды. Мозамбиктегі АҚШ елшілігінің қоғамдық істер жөніндегі кеңесшісі ретінде (2012-2015 жж.) Сэвидж ханымның тобы бейбітшілік пен тұрақтылықты, инновациялар мен технологиялар секторын дамытуды, қоғамдық денсаулық сақтау ақпаратына ұлттық деңгейде қол жеткізу мен қоғамдық денсаулыққа жедел іс-шараларды қолдануды насихаттады. Ол сондай-ақ Беларусьтағы АҚШ елшілігінде (2007-2009 жж.), Беларусь үкіметі АҚШ елшілігінің америкалық қызметкерлерінің көпшілігін шығарған кезде және одан кейін, қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесші және консулдық қызметкер болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, АҚШ-тың Люксембургтегі елшілігінде саяси және консулдық мәселелер бойынша кеңесші ретінде (2005-2006) елдің Еуропалық Одаққа төрағалығы кезінде жұмыс жасады.

Сэвидж ханым АҚШ Мемлекеттік департаментіне келгенге дейін АҚШ, Шығыс Еуропа және бұрынғы Кеңес Одағының қатысушылары арасындағы USAID-тің энергетикалық және коммуналдық қызметтерді реттеу бағдарламаларын басқарды. Ол сонымен қатар Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында, Вудро Вильсон атындағы халықаралық қатынастар орталығында, CNN-нің Мәскеудегі кеңсесінде жұмыс істеді, Санкт-Петербург Мемлекеттік университеті мен Мәскеу энергетикалық университетінде ағылшын тілінен сабақ берді.

Висконсин штатының Уоууотоса қаласында туылған ол Джорджтаун университетінің Эдмунд Уолш атындағы дипломатиялық қызмет жоғары мектебін бітірген, Висконсин университетінің орыс, Шығыс Еуропалық және Орталық Азиялық зерттеулер мен саясаттану бойынша магистр дәрежесін алған. Ол АҚШ Мемлекеттік департаментінің көптеген жоғары және құрметті марапаттарының иегері. Қазақ, орыс, әзірбайжан, француз және португал тілдерін оқыған. Сэвидж ханым АҚШ Мемлекеттік департаментінің қызметкері жұбайы және екі баласымен Қазақстанда қызмет жасауда.