Бас консулы Марк Муди

Марк Муди Америка Құрама Штаттарының Алматы қаласындағы Бас консулы ретінде өз қызметін 2015 жылғы 20 тамыз күні бастады, оның жұмысы Оңтүстік Қазақстанды да қамтиды.

Америка Құрама Штаттарының Алматы қаласындағы Бас консулы қызметін атқарудан бұрын Муди мырза бір жыл бойы Ньюпорт қаласындағы әскери-теңіз колледжінде білім алып, оны жоғары нәтижелермен аяқтап, стратегиялық ғылымдар магистрі дәрежесін иемденді. 2010 жылдан 2013 жылға дейін Муди мырза Рига қаласындағы (Латвия) АҚШ елшілігінде әкімшілік мәселелер жөніндегі кеңесші қызметінде еңбек етті. Ол шет елдерде АҚШ-ның Кишиневтегі (Молдавия), Тбилисидегі (Грузия), Загребтегі (Хорватия), Либревильдегі (Габон) Елшіліктерінде, және де Австрия мемлекетінің Вена қаласында халықаралық ұйымдар мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (EҚЫҰ) жанындағы АҚШ дипломатиялық миссиясында қызмет етті. Сонымен қатар, Муди мырза Вашингтон қаласындағы Европа және Евразия мәселелері жөніндегі Бюрода өзінің бір міндетін аяқтады.

АҚШ мемлекеттік департаментіне келуден бұрын, Муди мырза Харвард Университетінде өзінің диссертациялық жұмысын аяқтап, 1994 жылы Латвия Университетінде Фулбрайт бағдарламасы бойынша зерртеу жұмыстарын өткізді. Сонымен қатар, ол «Let’s Go» ақпарат кітапшасына жазушы-саяхатшы және редактор боп қызмет етті.

Муди мырза Мемлекеттік департаментке 1995 жылы қатардағы дипломат ретінде жұмысқа тұрды.

Муди мырза АҚШ дипломатиялық қызметінің тағы бір мүшесі болып табылатын және қазіргі уақытта Тәжікістан мемлекеті Душанбе қаласындағы АҚШ Елшілігінде қызмет ететін Инна Муди ханымға үйленген. Мудилер отбасы екі ұл тәрбиелеуде.