Елші Джордж Крол

Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшісі Джордж А. Крол

 

Елші Джордж Крол 2015 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Елшісі ретінде ант берді. Қазақстанға Елші болып тағайындалғанға дейін ол үш жарым жыл бойы Өзбекстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшісі болып қызмет еткен. Елші Крол дипломатиялық қызметтің жоғарғы буынындағы кеңесші-уәкіл дәрежесіндегі кадрлық дипломат болып табылады. Таяу уақытқа дейін ол АҚШ Мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері бюросында АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары міндетін атқарды.

Джордж Крол 1982 жылы дипломатиялық қызметке қабылданып, 2003-2006 жылдар аралығында Беларусьтегі Америка Құрама Штаттарының Елшісі міндетін атқарған. Варшава, Нью-Дели, Санкт-Петербург, Мәскеу және Киев қалаларындағы АҚШ елшіліктерінде, оған қоса АҚШ Мемлекеттік департаментінің Ресей істері бюросының директоры және айрықша тапсырмалар жөніндегі елшінің  жаңа тәуелсіз мемлекеттер бойынша арнайы көмекшісі болып қызмет еткен. Сондай-ақ, Джордж Крол мырза Ұлттық әскери колледжде сабақ беріп, АҚШ мемлекеттік департаментінің ең жоғары басшы құрамына арналған семинарға қатысқан. Елші Крол ерен еңбегі үшін АҚШ Мемлекеттік департаментінің бірнеше жоғары құрмет-марапатына ие болған. Джордж Крол Гарвард университеті мен Ұлыбританияның Оксфорд университетін бітірген.